О состоянии работ по выдаче и приему документов в хранилищах архива
Мемлекеттік мұрағат қоры қоймасынан құжаттарды беру және кері тексеріп алу жұмыстары Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік мұрағатының мұрағат қоймасындағы құжаттарды беру және кері тексеріп алу Регламентімен жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының Заңнамаларына сәйкес Ұлттық мұрағат қорынан істерді беру және кері тексеріп алу бойынша сот өкілдеріне, заң қорғаушы және басқа да уәкілетті органдарға уақытша пайдалануға беріледі. Мұрағаттық қордан есепке алынған және ғылыми-техникалық өңдеуден өткен, анықтамалары бар құжаттар пайдаланушылардың өтініштері негізінде беріледі.
Мұрағаттық қор құжаттарын беру және кері тексеріп алу бөлімнің күнделікті ағымдағы жұмысы. Ғылыми анықтамалық апарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлеріне әлеуметтік-құқықтық сипаттағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты мұрағаттық қоймадан тапсырыс бланкісімен беріледі және істер есепке алу журналына жазылады. Қор құжаттарын пайдаланушыларға берместен бұрын құжаттың жай-күйі толықтай тексеріледі.
Мұрағаттық қор қоймасынан күн сайын 400-500-ге жуық істер мен құжаттар беріледі. Мұрағаттық қорлардан негізгі қызмет жөніндегі бұйрықтар, штаттық кесте, еңбек бойынша есептер, жеке құрам бойынша бұйрықтар, еңбекақы ведомостары, жеке істер мен жеке карточкалар, шешімдер, өкімдер, отырыс хаттамалары, статистикалық есептер, хат алмасулар, жылдық бухгалтерлік есептер мен шығын сметалары, тіркеу журналдары, тағы да басқа құнды құжаттар жиі қаралады.
Мұрағат қоймасынан құжаттар тапсырыс бойынша таңертеңгі сағат 09.00-ден 10.00-ге дейін беріледі, құжаттар жұмыс уақытының соңында сағат 17.00-ден бастап кері қабыланады. Кері тапсыру кезінде істер тексеріліп алынады.
Мұрағат қоймасынан қор құжаттарын беру және кері тексеріп алу жұмыстары осылайша күнделікті атқарылып отырылады.