Отчет отдела научно-справочного аппараты и использования докуметов за 2016 год
БҚО мемлекеттік архиві ғылыми-анықтамалық аппараты және құжаттарды пайдалну бөлімінің 2016 жылға арналған жылдық жұмыс есебі
2015 жылы мемлекеттік архивке жеке тұлғалардан - 5120, заңды тұлғалардан - 1447 өтініш келіп түссе, биылғы жылы жеке тұлғалардан- 6281, заңды тұлғалардан- 1112 өтініш келіп түсті. (2016 жылы 6435-БҚО мемлекеттік архиві, 573-Сырым филиалы, 385-Жалпақтал филиалы) Жеке тұлғалардан түскен өтініш 11 %-ға артқан, ал заңды тұлғалардан 0,35%-ға кемігені байқалады
Батыс Қазақстан облысының 1-ші, 2-ші, 3-ші хатшыларының номенклатурасы анықтамалығының 2 томы және жеке тектік қорлар анықтамалығы баспада дайындалып шықты, 2017 жылы 1-ші, 2-ші, 3-ші хатшыларының номенклатурасы анықтамалығының таныстырылымы өтеді. Батыс Қазақстан облысының әкімшілік-территориялық бөлінісі туралы анықтамалық, "Эвакуация в Западно-Казахстанскую область в период Великой Отечественной войны 1941-1945 гг" құжаттар жинағы жазылып аяқталды. Облыстық атқару комитетінің төрағалары жөнінде анықтамалық жазылуда. Сонымен қатар, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталғандарды электронды базаға енгізу жұмыстары жалғасуда.
Ашаршылық құрбандарының бірыңғай электрондық базасының құрылғандығы жөнінде 05.06.2016 жылғы №51 «Орал өңірі» газетінде және 28.04.2016 жылғы №48 «Приуралье» газетіне, «Конституция халық мүддесін қорғаудағы кепіл» №33 18.08.2016 жыл «Жайық үні» газетіне, «мойындалған тарихи әділеттілік» 17.11.2016 жылы «Орал өңірі» газетіне, «Признанная историческая справедливотсь» № 140 17.11.2016 жылы «приуралье» газетіне мақалалар жарияланды.
БҚО мемлекеттік архиві Ұлы Отан соғысы кезінде әскери тұтқын болған, қазіргі кезде Батыс Қазақстан облысы, Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында тұрып жатқан Рудь Андрей Иосифовичтің өтемақы алуға қатысты құжаттар тізбесін жинап, Германия Федеративтік республикасына жіберіп, Рудь Андрей Иосифовичке 2500 еуро көлемінде өтемақы алуына ықпал еткен болатын.
Архив қоймасының жұмысы жылдық жұмыс жоспарына, бөлімнің жұмыс жоспарына және міндеттеріне сәйкес жүргізіледі. Ұлттық архив қорына мекемелермен ұйымдардан ведомстволық архив құжаттарын қабылдау, істердің физикалық жай-күйін және құжаттардың бар болуын тексеру, тапсырыс бойынша істерді беру және кері орналастыру, жетілдіру сияқты қызметтер атқарылады.