Вакансии
Автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімінің А3-2 санатты бөлім басшысы
Бөлім басшысының біліктілігіне қойылатын талаптар:
- «Тарих», «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Филология», «Құқықтану» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
- архив ісі саласында кем дегенде 5 жыл еңбек өтілі.
Бөлім басшысына төмендегі қызметтер жүктеледі:
- бөлім қызметінің бағыты бойынша басшылықты жүзеге асырады;
- Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қоры құжаттарын ведомстволық сақтау мен іс жүргізуде жаңа ақпараттық технологияларды енгізу және пайдалану жөнінде архивтің құрылымдық бөлімшелерімен филиалдарына әдістемелік және тәжірибелік көмекті көрсетеді;
- архивтік қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдау кезінде олардың электрондық нұсқаларын тексеріп, қабылдап алуды ұйымдастырады;
- дыбыс-бейнелік және электронды құжаттардың, сондай-ақ олардың сақтандыру көшірмелерінің техникалық жай-күйін бағалау кезінде материалдық тасығыштардағы ақпараттың оқылуын анықтау шараларына қатысады, ұйымдастырады;
- архивтегі ақпараттық-іздестіру жүйесінің электрондық нұсқасын құруды қамтамасыз етеді; архивтік ақпаратты іздеу, жинақтау, сараптау, тарату, жөнелту үшін арналған ақпараттық жүйелерді енгізу және одан әрі дамыту жұмыстарына жетекшілік жасайды, әрекеттер алгоритмін дайындайды, техникалық сипаттамалар дайындайды;
- архивтік құжаттарды пайдалану және сақтандыру (соның ішінде, аса құнды құжаттардың) қорын жасақтау және архивтік құжаттарды сандық форматқа аудару жұмыстарын ұйымдастырып, бақылайды;
- архивтік істі автоматтандыруды одан әрі жетілдіру және дамыту жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- бөлім жұмысының дағдысына озат тәжірибе, қазіргі талапқа сай ақпараттық технологияларды және зерттеушілерге тиімді қызмет көрсету нысандарды енгізу жөніндегі ұсыныстарды дайындайды;
- бөлім жұмысы туралы жоспарлар мен есептер, сондай-ақ, мемлекеттік архив келешектегі және жылдық жоспарлары бөліктерін жасайды;
- архивтің жанындағы комиссияларының жұмыстарына қатысады;
- бөлім қызметінің бағыты бойынша зерттеу және әдістемелік құралдарды, жаңа архивтік ақпарат технологияларды практикаға ендіреді;
- бөлім жұмысын мемлекеттік архив мекемесінің басқа құрылымдық бөлімшелерімен үйлестіреді;
- бөлім қызметкерлері біліктілігін арттыруды ұйымдастырады;
- жұмыстарға пікірсарап жасайды және бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңес береді;
- бөлім қызметіне қатысты мәселелер бойынша кеңесші органдардың мәжілістерінде талқылау үшін материалдар және бұйрықтардың жобаларын әзірлейді;
- бөлімдегі еңбек тәрітібі мен жұмыс регламентінің сақталуын қамтамасыз етеді, орын алған бұзушылықтар бойынша әрекет жасайды;
- мемлекеттік архив ішкі тәртібі мен жұмыс регламентінің орындалуын қадағалайды, орын алған бұзушылықтар бойынша әрекет жасайды;
- басқа да архив директорының бөлімнің қызметіне қатысты бұйрықтары мен тапсырмаларын орындайды.
С2 санатты біліктілігі жоғары деңгейдегі маман – бухгалтер
Бухгалтерге келесідей біліктілік талаптар қойылады:
Тиiстi мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейiнгi) бiлiмі және қаржылық, бухгалтерлік жұмыста 3 жыл жұмыс өтілі болуға тиіс.
Бухгалтерге мынадай қызметтер жүктеледі:
- Архивтің бухгалтерлік есебін және қаржы-шаруашылық қызметін ұйымдастыруды, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының үнемді пайдаланылуын, оның теңгеріміндегі мұрағат мүлкінің сақталуын ұйымдастырады.
- Есептік қызметін қамтамасыз етеді.
- Қаржылық қызметті қалыптастыру және реттеу жөніндегі жұмысты үйлестіреді.
- Бухгалтерлік есеп туралы заңнамаға сәйкес ұйым қызметінің құрылымы мен ерекшеліктеріне, оның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету қажеттілігіне негізделе отырып есеп саясатын қалыптастырады.
- Мүлікті, міндеттемелер мен шаруашылық операцияларды, түсетін негізгі құрал-жабдықтарды, тауарлық-материалдық құндылықтарды, ақшалай қаражатты есептеуді, шоттарда қозғалысына байланысты бухгалтерлік есеп операцияларының уақтылы көрінуін, өндіріс шығыстары мен тыйым салуды есепке алуды, шығыстар сметасының орындалуын, өнімнің сатылуын, жұмыстардың (қызметтердің) орындалуын, мұрағат қызметінің қаржы-шаруашылық нәтижелерін, сондай-ақ қаржы, есептеу операцияларын ұйымдастырады.
- Жетіспеушіліктердің, ақша құралдары мен тауарлық-материалдық құндылықтарды заңсыз жұмсаудың, қаржы және шаруашылық заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды. Ақша қаражаты мен тауарлық-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша қаржылық зерттеулер жүргізуге және материалдар ресімдеуге қатысады.
- Штаттық, қаржылық және кассалық тәртіптің, әкімшілік-шаруашылық және басқа да шығыстар сметасының, жетіспеушіліктерді, дебиторлық берешектер мен басқа да шығындарды бухгалтерлік есептен шығарудың заңдылығының қатаң сақталуын, бухгалтерлік құжаттардың сақталуын, олардың белгіленген тәртіппен мұрағатқа тапсырылуын қамтамасыз ету бойынша жұмысты жүргізеді.
- Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру.
- 6-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды ұйымдармен есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосін дйындау;
- 7-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 408 нысанды аванстық төлемдер тәртібіндегі есеп айырысу бойынша жинақтау ведомосін дайындау;
- 10-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 438 нысанды арнайы киім-кешекті және жеке пайдаланудағы басқа да заттардың шығып қалуы мен орын ауысуы бойынша жинақтау ведомосін дайындау;
- 13-мемориалды ордер – Нысандар альбомының 396 нысанды материалдардың шығысы бойынша жинақтау ведомосін дайындау;
Ғылыми-анықтамалық аппараты, зерттеушілермен жұмыс және құжаттарды пайдалану бөлімінің біліктілігі жоғары деңгейдегі маман – архивисттің лауазымдық нұсқаулығы
Архивистке келесідей біліктілік талаптар қойылады:
1) «Тарих», «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету», «Автоматтандыру және басқару», «Ақпараттық жүйелер», «Филология», «Құқықтану» мамандықтарының біреуі бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі;
2) «Тарих» не «Мұрағаттану, құжаттар жүргізу және құжаттамалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша еңбек өтілі болуы міндетті емес немесе «Автоматтандыру және басқару» не «Ақпараттық жүйелер» не «Филология» не «Құқықтану» мамандығы бойынша архив ісі саласында кем дегенде 1 жыл еңбек өтілі;
Архивистке төмендегі қызметтер жүктеледі:
1) Жеке және заңды тұлғалардың сұранымдарын орындайды, құқықтық және заңдық мүдделерін қорғау үшін оларға қажетті архивтік анықтама мен архивтік құжаттардың көшірмелерін береді;
2) Бөлім қызметі бойынша зерттеу және әдістемелік құралдар әзірлеуді жүргізеді;
3) басқаруды құжаттамалық қамтамасыз ету, құжаттардың ғылыми және практикалық құндылығын сараптау, Ұлттық архив қорының құжаттарын, басқа архивтік құжаттарды сақтау мәселелері бойынша ұйымдарға әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді;
4) жеке тектік құжаттардың құндылығын сараптауға қатысады және олармен Ұлттық архив қорын толықтыруды қамтамасыз етеді;
5) архивтік қорлар мен құжаттарды мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырады;
6) архивтік қорлар мен құжаттарды мемлекеттік сақтауға қабылдайды;
7) құжаттардың физикалық жай-күйін тексеру, олардың құндылығын сараптау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
8) архив қоймасынан істерді уақытша пайдалану үшін оқу залына, ұйымдарға беруді жүзеге асырады;
9) № 145 бұйрықта белгіленген нормалардың сақталуын бақылайды;
10) архивтік құжаттарды құпиясыздандыру үшін материалдар дайындауға қатысады;
11) белгілі бір тақырып бойынша архивте бар құжаттар туралы мәліметімен ақпараттық хаттарды дайындауға қатысады;
12) құжаттарды топографиялау бойынша жұмыстарды жүргізеді;
13) архивтің құрылымдық бөлімшесінің жұмыс жоспарының жобаларына ұсыныстар дайындауға және оларды іске асыруға қатысады;
14) автоматтандырылған архивтік технологияларды енгізуге, құжаттардың көрмесін ұйымдастыруға, мерзімді басылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін материалдарды дайындауға қатысады;
15) деректі жарияланымдар үшін құжаттарды айқындау және іріктеу бойынша жұмысқа, құжаттарды археографиялық ресімдеуге, оларға түсініктемелер беруге, деректі жарияланымдарға ғылыми-анықтамалық аппаратты құрастыруға қатысады;
16) ұйымдар архивтерінің бақылау істерін жүргізуге қатысады;
17) каталогтар мен мәліметтер базасын жүргізу, архив құжаттарының құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық-ақпараттық басылымдарды дайындау жұмыстарын орындайды;
18) істерді шаңсыздандыруды, шифрлеуді және қайта шифрлеуді, парақтарды нөмірлеуді, жапсырмалардың, істердің мұқабасын ресімдеуді, сақтандыру қоры немесе пайдалану қоры жасалған құжаттары бар қораптарды, сондай-ақ бар болуы және жай-күйі тексерілген, аз пайдаланылатын құжаттардың қораптарын картондауды, мөрлеуді жүргізеді;
19) әдістемелік құжаттарды әзірлеуге және оларды енгізуге қатысады;
20) жұмыстарға рецензия беруді жүзеге асырады және оларды талқылауға қатысады;
21) сараптау-тексеру, әдістемелік комиссиялардың жұмысына қатысады;
22) Ұлттық архив қоры құжаттарын ғылыми тұрғыда пайдалану және жариялауды жүзеге асырады;
23) Құжаттық жарияланымдар мен архив анықтамалықтарын (жолкөрсеткіштер, каталогтар, шолулар, көрсеткіштер) құрам және архив құжаттарының мазмұны бойынша дайындалады;
24) Құжаттарды іздеп табуды, олардың ғылыми құндылығын және маныздылығын анықтауды, құжаттарға археографиялық ресімдеуді жіне түсініктеме жазуды жүзеге асырады;
25) Жинақтарға тарихи, археографиялық алғы сөздер,ғылыми-анықтамалық аппараттарды жасайды;
26) Зерттеу және әдістемелік құралдар әзірлеуді жүргізеді, іс-тәжірибеге зерттеулердің нәтижелерін, әдістемелік құралдарды ендіреді;
27) Баяндамалар, хабарламалар, мақалалар дайындайды;
28) Құжатты жарияланымдарға пікір жазады және оларды талқылауға қатысады;
29) Дирекция және әдістемелік комиссия жұмысына қатысады;
30) Мемлекеттік архив басшылығының және бөлім басшысының басқа да бұйрықтары мен тапсырмаларын орындайды.
С 2 санатты біліктілігі жоғары деңгейлі заңгер
Заңгер лауазымына келесідей біліктілік талаптар қойылады:
Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі және заңгер-консультант лауазымы бойынша жұмыс стажы кемінде 3 жыл болуы тиіс.
Заңгер білуі тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясын,
- Қазақстан Республикасының Азаматтық, Еңбек кодекстерін,
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы Заңдарын,
- Заңгерлік және кадрлық жұмыс саласында реттейтін заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерін білу.
- Компьютерде жұмыс істеуді, мемлекеттік тілді білу.
Заңгерге мынадай қызметтер жүктеледі:
- Архив қызметіндегі заңдылықтың сақталуын және оның құқықтық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
- Дайындаған бұйрықтардың, нұсқаулықтардың, ережелердің, стандарттар мен басқа құқықтық сипаттағы актілердің жобаларына құқықтық сараптама жүргізуді қамтамасыз етеді, оларға бұрыштама қояды, сондай-ақ осы құжаттарды дайындауға қатысады.
- Архивтің қызметінде туындаған құқықтық мәселелері бойынша қорытындылар дайындайды.
- Архивте құқықтық әдістемелік жұмыс жасайды, қолданылып жүрген заңнаманы түсіндіруді және оны қолдану тәртібін, құрылымдық бөлімшелерге наразылық білдіру жұмысы бойынша құқықтық көмек көрсетуді, мекемелерге қажетті материалдар дайындауды және беруді қамтамасыз етеді.
- Ұжымдық шарттарды, салалық тарифтік келісімдерді дайындауға және жасауға, еңбек тәртібін нығайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге және жүзеге асыруға, мекемедегі әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеуге қатысады.
- Наразылықтарды, сот және төрелік сот істерін қарау нәтижелерін, сондай-ақ шаруашылық шарттарын жасау және орындау практикасын талдау және қорыту бойынша жұмыстанады.
- Архивтің қызметкерлерін тәртіптік және материалдық жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар бойынша қорытындылар дайындайды.
- Архивке келіп түскен, сондай-ақ директордың шығарған заңнамалық және нормативтік актілердің жүйелендірілген есебін, сақталуын, қабылданған өзгерістерді енгізуді ұйымдастырады, оларға қазіргі заманғы технологияларды, есептеу техникасы, коммуникациялар мен байланыс құралдарын қолдану негізінде пайдаланушыларға рұқсат етілуін қамтамасыз етеді.
- Архив қызметкерлерін қолданылып жүрген заңнама туралы хабардар етуді, сондай-ақ мекеменің лауазымды тұлғаларының оның қызметіне қатысты нормативтік құқықтық актілерді зерделеуі бойынша жұмысты ұйымдастырады.
- Архивтің мақсатына, стратегиясына және бейініне, оның қызметінің сыртқы және ішкі жағдайларының өзгеруіне сәйкес оны талап етілетін кәсіптің, мамандықтың және біліктіліктің жұмысшы және қызметші кадрлармен жиынтықтау, кадрлардың сандық және сапалық құрамы, олардың дамуы және қозғалысы туралы деректер базасын қалыптастыру және жүргізу бойынша жұмыс жасайды.
- Архивтің қызметкерлерді бос жұмыс орындары туралы хабардар етуді, бос лауазымға байқау құжаттарын дайындайды. мекеменің кадр саясатын және кадр стратегиясын әзірлейді.
- Кадрлардың біліктілігін, жеке және іскерлік сапасын бағалау негізінде таңдау, іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады.
- Қызметкерлерді кәсібіне және мамандығына сәйкес қабылдауды, орналастыруды қамтамасыз етеді, бөлімшелер басшыларымен бірлесіп олардың тағылымдамадан өтуін және өндірістік қызметке бейімдеу бойынша жұмысты ұйымдастырады.
- Архив қызметкерлерін аттестациядан өткізуді, оның әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілуін ұйымдастырады, аттестацияның нәтижесін талдауға, аттестациялық комиссияның шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге қатысады, аттестациядан өтетін мамандар тобын айқындайды.
- Қызметкерлерді және олардың қызмет нәтижелерін, қызметкерлердің қызметтік-кәсіби жоғарылауын кешенді бағалау жүйелерін әзірлеуге, аттестация өткізуді жетілдіру жөніндегі ұсыныстар дайындауға қатысады.
- Еңбек заңнамасына, ережелерге, нұсқаулықтарға және директордың бұйрықтарына сәйкес қызметкерлерді қабылдауды, ауыстыруды және жұмыстан босатуды уақтылы ресімдеуді, жеке құрамның есебін жүргізуді, қызметкерлердің қазіргі және өткен еңбек жолдары туралы анықтамалар беруді, еңбек кітапшаларын сақтау мен толтыруды және кадрлар жөніндегі белгіленген құжаттамаларды жүргізуді, сондай-ақ қызметкерлерді ынталандыруға және марапаттауға ұсынуға арналған материалдарды дайындауды ұйымдастырады.
- Зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамаға сәйкес қажетті құжаттарды дайындауды және ұсынуды қамтамасыз етеді.
- Табельдік есеп жүргізуді, демалыс кестелерін жасауды және орындауды, архивтің құрылымдық бөлімдерінде еңбек тәртібінің жай-күйін және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібі ережесінің сақталуын бақылауды, кадрлар тұрақтамауын талдауды ұйымдастырады, еңбек тәртібін нығайту, кадрлар тұрақтамауын, жұмыс уақытының жоғалуын төмендету жөнінде іс-шаралар әзірлейді және олардың орындалуын бақылайды.
- Жеке құрамның есебін жүргізу және кадрлармен жұмыс жүргізу жөніндегі белгіленген есептілікті жасауды қамтамасыз етеді.
- Архивте мемлекеттік сатып алу жұмыстарын жүргізеді, мемлекеттік сатып алу бойынша құжаттарды дайындайды, хабарландырулар береді, келісім шарттар әзірлейді.