Помощь общественных работников в работе архивохранилища (28.08.2015)
В текущем году в работе архивохранилищ приняли участие общественные работники, направленные с Биржы труда.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатына әлеуметтік жұмыспен қамту орталығынан жолдама арқылы келген қызметкерлер мұрағат қоймасында жұмыс істеді.
Олар әртүрлі жастағы қызметкерлер. Қоғамдық жұмысқа келген 5 қызметкер мұрағат қоймасының ағымдағы жұмыстарын, яғни талаптар бойыша істер мен құжаттарды беру, кері орналастыру, жетілдіру бойынша істерді электронды базаға салу, түптеу, тігу, жаңарту жұмыстарын атқарды.
Қызметкерлер жетілдіру жұмысы бойынша 300 –ге тарта істерді электронды базаға салып, 200 –ден аса құжаттарды түптеп, тікті.
Сонымен қатар, жылдық жоспарға сәйкес жүргізілген қор құжаттарының бар болуын және жай-күйін тексеру жұмыстарына қатысты. Физикалық жай-күйі нашар құжаттарды жаңаратты. Жаңарту жұмысы бойынша 50-ге тарта істерді қайта тікті.
Қоғамдық қызметкерлер өз жұмыстарын аса жауапкершілікпен орындады. Мұрағат қоймасында атқарылып жатырған жұмыстарға өз үлестерін қосты. Алдағы уақытта қоғамдық жұмыспен қамту орталығынан қызметкерлерге сұраныс болады.
Мұрағат қоймасының меңгерушісі Ж. Утешова