Итоги работы отдела по работе с исследователями и информационных технологий за 1 квартал 2016 года

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің
2016 жылдыңҚАҢТАР-НАУРЫЗайларында атқарған жұмыстары туралы есептерге
түсініктеме жазба

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметі мұрағаттың бекітілген жылдық жұмыс жоспарына, бөлімнің жұмыс жоспарына және міндеттеріне сәйкес жүргізіледі және оқу залында зерттеушілерге қызмет ету мен компьютерлік, ақпараттық технологияларды мұрағат саласына енгізу жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

1. Зерттеушілермен жұмыс бойынша

Оқу залының негізгі қызмет түрлері ретінде келушілерді қабылдау, зерттеушілерге кеңестер беру, анықтамалық-ақпараттық аппаратты ұсыну, сұраныстары мен талаптары бойынша істерді беру және кері қабылдау, берілген құжаттардың сақтылығын қадағалау және бүлінуіне жол бермеу, тақырыптамалар мен зерттеушілердің есебін жүргізу болып табылады. Аталған қызметтер жүйелі түрде орындалуда.

Есепті мерзімде 23 зерттеуші тіркелген, олар 72 рет мұрағатқа жұмыстануға келген.

Берілген анықтамалық-ақпараттық аппараттың саны – 61 тізімдеме, берілген істердің (газет, журналдардың) саны – 75 сақтау бірлігі.

Дайындалған көшірмелер саны – 48 тапсырыс, 574 парақ.

Тіркелген тақырыптардың саны - 23. Тақырыптардың басым көпшілігі 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай зерттеулерге,  автобиографиялық және шежірелік зерттеулерге, мекемелер мен ұйымдардың мерейтойлық даталарына және әр түрлі тақырыптағы дипломдық және ғылыми жұмыстарға тиесілі.

Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша

2. Веб-сайттың жұмысы

Биыл веб-сайттың қалыпты жұмыс жасауын қамту жөнінде шаралар іске асырылуда, сайттағы электронды қорлар каталогының жұмысы жаңа ақпаратпен тұрақті түрде толықтырылады.

Барлығы 2016 жылы екі тілде 25 ақпарат енгізілді (оның 7-і бөлімнің жұмысы бойынша), 1 рет электронды қорлар каталогы жаңартылды, оның ішіне филиалдар бойынша да мәліметтер кірістірілді, тұрақты түрде үздіксіз жұмыс жасауына мониторинг жүргізілді.

3. Электрондық мәліметтер қорларын толықтыру жұмыстары

Бөлімде электрондық мәліметтер қорларын құру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өткен мерзімде бөлімге белгіленген келесі электронды мәліметтер қорларымен тұрақты түрде жұмыстар атқарылды:

  1. «Қорлар тізімі, тізімдемелер, істер және құжаттар тізілімі (Электрондық мұрағат)» электрондық мәліметтер қоры, соның ішінде филиалдар бойынша;
  2. «Зерттеушілер» электрондық мәліметтер қоры;

Аталған қорға өткен мерзімде 3 қордың атауы қосымша енгізілді, ол жаңадан қоймаға сақтауға түскен қорлар, сол сияқты сол қорлар бойынша қосымша 39 тізімдеме енгізілді. Қазіргі жағдайда қорлар мен тізімдемелер толық деп айтуға болады.

Ал істердің атауларына келетін болсақ, биыл аталған шаралар қарқынды жүруде – 44418 атауы енгізілген. Жалпы істердің атауының саны 650939 сақтау бірлігін құраса, күні бүгін оның 620903 атауы қорға енгізілді (95,4%).

2016 жылы құжаттардың атауларын енгізу жұмыстары әзірге тоқталып тұр.

«Зерттеушілер» қоры 2012 жылы толықтырыла басталды. Жылма жыл оқу залына келген зерттеушілердің сауалнамалары, тақырыптары және сұраулары енгізілуде.

Қазіргі таңда 2011-2013, 2014 жылдың қаңтар айы және 2015 жылы жұмыс жасаған зерттеушілер туралы мәліметтер енгізілген. 2016 жылы осы жұмыстар жалғасын табуда – 22 сауалнама, 21 тақырып және 278 тапсырыстар енгіліген.

Алдағы уақытта 2001-2010 және 2014 жылдары оқу залына келген зерттеушілердің 792 істерін енгізу қажет етеді.

4. Сандау жұмыстары

2016 жылдың 1 тоқсанында сканерленген істер – газет түптемелері, зерттеушілердің көшірме жасауға тапсырыс берген сақтау бірліктері мен метрикалық кітаптар.

Жалпы өткен мерзімде 8 газеттер түптемесі, 9 метрикалық кітаптар және 21 мұрағаттық істер. Барлығы 38 атау.

5. Компьютерлік құралдармен жабдықтау жұмыстары

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметі компьютерлік және ақпараттық технологияларды мұрағат саласына енгізу жөніндегі шаралар кешенін де қамтиды.

Өткен мерзімде мұрағаттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында есептегіш, көшірмелеу-көбейту техникасы мен локалды есептегіш желісін тиімді пайдалануын жетілдіру, мұрағат қызметкерлерінің есептегіш техникалар мен бағдарламалық құралдарды қолдану деңгейлерін көтеру, желіні басқару, Интернет желісі мен электрондық поштаны тиімді қолдану жұмыстары да қалыпты атқарылды. Ақпан айында қолданыстағы компьютерлік техникаға профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

Жаңад жабдықтар алынған жоқ, 42 катриджге сия құйылды.

Аталған жұмыстар болашақта да жалғастырылып, жоспарлы түрде орындалатын болады.

Зерттеушілермен жұмыс және
ақпараттық технологиялар
бөлімінің басшысы                                            А.Искакова

08.04.2016

 
Рет саны Жұмыстың түрі Жұмыс түрінің өлшем бірлігі Орындалғаны
Жұмыс түрінің көлемі Жұмыс түрінің барлық көлеміне жұмсалған уақыт көлемі
1. Оқу залы қызметі
1.1. Зерттеушілерге берілген және кері алынған істердің әр парағын тексеріп алу, актілер жасау істер 75,00 2,00
1.2. Зерттеушілермен жұмыс: оқу залына келушілерді қабылдау, жұмыс ережелерімен таныстыру, сауалнамалар толтыру, тематикалық кәртішкелерін толтыру зерттеуші 23,00 1,00
1.3. Құжаттарды зерттеушілердің тапсырыстары бойынша көшірмелеу-көбейту парақ 574,00 5,00
1.4. Оқу залына қабылданған газеттер мен журналдарды, бөлім бойынша қалыптасқан істерді түптеу, ішкі тізімдемелерін жасау, парақтарын нөмірлеу, тігу, сыртын рәсімдеу түптеме 47,00 2,00
2. Электрондық мәліметтер қорларымен жұмыс
2.1. "Электрондық мұрағат" электрондық мәліметтер қорымен жұмыс
2.1.1. Электрондық мәліметтер қорын толықтыру жұмыстары
1) Қорлардың атауын  енгізу жазу 3,00 0,00
2) тізімдемелерді  енгізу жазу 39,00 0,50
3) істердің атауын  енгізу жазу 44418,00 50,00
4) істердің қоймада орналасқан жері туралы мәліметтерді енгізу қор 0,00 0,00
5) енгізілген мәліметтерді тексеру, қорға сілтемелер енгізу, түзеу жазу 1097,00 5,00
2.2.  «Перечень дел со сроками хранения» мәліметтер қорымен жұмыс
2.2.1. Электрондық мәліметтер қорын жасақтау қор 0,00 0,00
2.2.2. Электрондық мәліметтер қорының интерфейсті бөлігін жетілдіру нысан 0,00 0,00
2.3. Сандау жұмыстары
2.3.1. тарихи анықтамаларды сканерлеу парақ 25,00 1,00
2.3.2. тізімдемелерді сканерлеу парақ 654,00 7,00
2.3.2. Істерді сканерлеу, оның ішінде 38,00
1) метрикалық кітаптарды сандау 9,00 53,30
2) сандалған газеттерді өңдеу 8,00 0,00
3) мұрағаттық істер 21,00 3,00
2.4. Электрондық мәліметтер қорларының сақталуын және біртұтастығын қамту шаралары
2.4.1. Сақтық көшірмелер жасау (күн сайын) көшірме 58,00 0,50
2.4.2. Пайдалану жөнінде сабақтар өткізу сабақ 0,00 0,00
3. Мұрағаттың веб-сайтының жұмысы бойынша:
3.1. Веб-сайтты жетілдіру шараларын өткізу (қажет болған жағдайда) 0,00 0,00
3.2. Веб-сайты материалдармен толықтыру шараларын жүргізу жаңарту 25,00 3,00
3.3. Бөлім қызметі бойынша веб-сайтқа материалдар дайындау материал 7,00 1,00
4. Мұрағаттың ақпараттық технологиялары мен ұйымдастыру техникаларының жұмысы
4.1. Бөлімдерден қосымша компьютерлік жабдық пен қызметтерге сұраныстарын анықтау 1,00 1,00
4.2. Қосымша қажет компьютерлік техника мен қызметтерге жиынтық сұраныс дайындау, басшылыққа ұсыну 1,00 0,20
4.3. Қолданыстағы есептегіш және ұйымдастыру техникалардың  қалыпты жұмыс жасауын қамту
1) Жеке компьютерлердің вирус сигнатура дерекқорларын жаңартып отыру Жаңарту 27,00 1,00
2) Жеке компьютерлердің ғаламтор браузерлерин икемдеу компьютер 27,00 1,00
3) Жеке компьютерлерге  перифериялық жабдықтар қосу жабдықтар 2,00 1,00
4) Жеке компьютерлердегі бағдарламалардың қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз ету (үкіметтік портал Е.gov, АИС "ЕУОЛ", бухгалтерлік бағдарламалар) қадағалау 58,00 3,00
5) Жеке компьютерлердің жұмысын мониторинглеу және оңтайландыру компьютер 27,00 1,00
6) Принтер, сканер, факс, телефон, ксерокс және тағы да басқа ұйымдастыру техникаларының жұмысын мониторингілеу, қажет жағдайда жөндеуге алу Практикалық көмек, кеңестер 42,00 1,00
4.4. Локалды желі жұмысын қадағалау, ұйымдастыру қадағалау 58,00 1,00
4.5. Интернет желісінің қалыпты жұмыс жасауын қадағалау, ұйымдастыру қадағалау 58,00 1,00
5. Мұрағаттың ғылыми-әдістемелік жұмысына қатысу
5.1. Сектордың жұмыс бағыттарына қатысты лекция, практикум, өндірістік оқулар әзірлеу, өткізу лекция 0,00 0,00
5.2. Сектордың қызметіне қатысты мәселелері бойынша газеттерге мақалалар дайындау, беру мақала 0,00 0,00
5.3. Сектордың қызметіне қатысты мәселелері бойынша әдістемелік нұсқаулар әзірлеу әдістемелік нұсқау 0,00 0,00
5.4. Сектордың қызметіне қатысты мәселелері бойынша семинарларға, лездемелерге, кеңестерге, сараптау комиссиясының отырыстарына қатысу, құжаттарды сараптау семинарлар, лездемелер, кеңестер, сараптау комиссиясының отырыстары 10,00 15,00
5.6. Сектордың қызметіне қатысты ұсыныстар енгізу, жоспарлау, есеп беру ұсыныс 10,00 1,50
Барлығы: 162,00

Коммунальное государственное учреждение «Государственный архив Западно-Казахстанской области» управления культуры, развития языков и архивного дела Западно-Казахстанской области

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel