Итоги работы отдела автоматизированных архивных технологий и оцифровки за 5 месяцев 2018 года
Автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімінің 2018 жылдың қаңтар-мамыр айларында атқарған жұмыстары бойынша есебі
Автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімі Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің негізінде 2018 жылдың 3 сәуірінен құрылып, жұмысын жалғастыруда. Бөлімнің құрамынан зерттеушілермен жұмыс қызметі шығарылып, ҒТА және құжаттарды пайдалану бөліміне берілді. Сонымен қатар, инженер-бағдарламашының қызметі бөлініп шықты. Тиісті алыс-беріс актілері жасалды.
Оқу залының қызметі қаңтар-наурыз айларында жоспарлы түрде тәртіпке сай атқарылды, 99 зерттеуші қабылданды, 99 тақырыптар бойынша 80 тізімдемелер, 550 істер, 47 көшірмелер (279 парақ) берілді.
Қабылданған зерттеушілердің мәліметтері электрондық «Зерттеушілер» қорына енгізілді, сонымен қатар 2012 жылға дейінгі зерттеушілер бойынша да мәліметтер енгізіле басталды. Барлығы 5 айда 370 сауалнама, 370 тақырып, 8610 сұратулар енгізілді.
Архив кітапханасын толықтыру мақсатында оқу залына 262 кітап, газет пен журналдар қабылданды және 22 компакт-диск есепке алынды, оларды түптеу және есепке алу жұмыстары жалғасын тапты. Барлығы 2017 жылы түскен 36 газет түптемесі жасалды. Сонымен қатар, 2018 жылы сканерлеуден өткен 1319 архивтік істер жаңартылып, қайта тігілді.
Веб-сайтты жедел жаңалықтармен толықтыру жұмыстары жүйелі түрде атқарылуда. 2018 жылы бөлімдерден түскен 14 жаңалық енгізілді. Сол сияқты, веб-сайтты техникалық сүйемелдеу шаралары жалғасуда, сайттың жұмысы қалыпты, орын алған ақаулықтар жойылды.
Бөлім қызметінің бір бағыты болып табылатын архивтік құжаттардың электрондық қорын қалыптастыру, оған іздеу жүйесін құру және жаппай сандау шаралары да «Ақпараттық Қазақстан 2020» мемлекетік бағдарламасын орындау аясында жүйелі түрде жүргізілуде (жалғанды). Аталған қорға әр архивтік істің ішіндегі әр құжатты сипаттау жұмыстары жалғасуда, 11512 құжаттың сипаттамасы енгізілді, оның ішінде архивте №584 қор бойынша – 2832 жазба, №850 қор бойынша – 1507 (ведомстволық бөлім), барлығы 2399 жазба; Жалпақтал филиалы бойынша - 4271; Сырым филиалы бойынша - 2902.
Сонымен қатар, жаңадан түскен және өртенген қорлар бойынша өзгерістер енгізілді, өртке ұшыраған 132 қордың өртенген 12856 сақтау бірліктерінің атаулары электрондық есептерден шығарылды. Алдағы уақытта өртке ұшыраған қорлар бойынша тізімдемелерін қайта сканерлеу қажет етеді.
Жаппай сандау жұмыстары жоспарлы түрде өз жалғасын табуда. 2018 жылы 102 аса құнды сақтау бірліктері (15064 парақ) сканерлеуден өтті, алайда әлі де болса 900 сақтау бірлігі (65000 парақ) сканерленбеген. Қазіргі уақытта 26 сәуірден бастап комсомол қызметкерлерінің жеке істері сканерленуде, 1217 жеке істердің 16474 парақтары сканерленді, әлі де болса 3821 жеке істерді сканерлеу қажет. Жалпы цифрлау бойынша 5 айда 1319 істер 31538 парақ сканерленді.
Сонымен қатар, 2015-2017 жылдары «Жайық-Пресс» ЖШС-нің көмегімен сканерленген 173 газеттің электрондық файлдарын түзетіп, ретке келтіру жұмыстары да қолға алына бастады. Жоспардың 71 газеті (54728 парақ) бойынша түзету жұмыстары осы жылдың 5 айында атқарылды, қалған 102 газеттердің электрондық нұсқалары еңбек биржасының көмегімен жалғасуда.
Компьютерлік жабдықтармен қамту шаралары. 2018 жылы 1 дана көпфункционалды құрылғы, сыртқы қатты диск – 2 дана, ішкі қатты диск – 2 дана, модем – 1 дана, wi-fi модем – 1 дана, 8 портты ХАБ – 4 дана; тышқан – 5 дана; пернетақта – 5 дана; желілік фильтр – 15 дана; кабель – 1 қорап алынды. Басқа сатып алулар болған жоқ.
2018 жылдың 1 тоқсандағы сараптамасы көрсеткендей, пайдаланудағы 28 штаттық қызметкерлердің 22-де компьютерлері мен принтерлерінің 100% тозығы жеткен.
Одан басқа, 2018 жылдың 5 айында «Электрондық архив» автоматтандырылған ақпараттық жүйесін енгізу жобасы бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды - облыстық экономика басқармасына хат, негіздеме, түсіндірме жазба, техникалық ерекшеліктер, жол картасы, жобаның төлқұжаты, штаттық қажеттіліктің есебі, бағалық ұсыныстар, т.б. көптеген құжаттар 2 тілде дайындалып тапсырылды. Нәтижесінде осы жоба облыстық цифрландыру бағдарламасына енгізіліп, оны игеру шаралары жүруде.
Жобаны іске асыру мерзімі 2018 жылдың 15 наурызынан жобаға 110 млн.теңге бөлу туралы облыстық мәслихаттың шешімі шыққаннан бастап есептеледі. 2018 жылдың 31 наурызында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының бұйрығымен штаттық құрылым бекітілді, архивтің құрамында 4 (төрт) штаттық бірліктен құралған автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімі ашылды. 2018 жылдың 3-9 сәуір аралығында жаңадан құрылған автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімі 4 (төрт) қызметкермен толықтырылды.
2018 жылдың 3 сәуірінде архивтің мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізілді, бөлінген қаражатты үш бағыт бойынша игеру жоспарланды -1) штаттық құрылымды толықтыру үшін қаражат бөлу – 2018 жылдың сәуір айы; 2) сканерлеу және серверлік кешен сатып алу – 2018 жылдың сәуір-мамыр айлары; 3) «Электрондық архив» ААЖ бағдарламалық кешен сатып алу – 2018 жылдың шілде айы.
2018 жылдың 9-15 сәуір аралығында конкурстық құжаттамалар дайындалып, бекітілді. Қазіргі уақытта серверлік кешен сатып алу лоты бойынша конкурстық ұсынымдар болған жоқ, конкурс өтепеген деп шешім шығарылды, ал сканерлеу кешенін сатып алу лоты бойынша техникалық ерекшеліктерге сәйкес келмейтін бір конкурстық ұсыныс түсті, ол бойынша анықтау рәсімдері өтуде.
«Электрондық архив» ААЖ бағдарламалық кешенін сатып алу бойынша конкурстық құжаттама дайындалды, мемлекеттік сатып алу жоспарына сай бөлінген 26,3 млн.теңге қаражатты 2018 жылдың шілде айында игеру жоспарланған.
Негізгі қызметтен басқа да ұйымдастыру-бақылау жұмыстары жүруде. Өткен мерзімде 2014-2017 жылдары аралығында бөлімнің іс жүргізу барысында аяқталған істер өңделіп, ведомстволық бөлімге толықтай тапсырылды. Барлығы 91 том тұрақты сақталатын қағаз нұсқадағы істер, 12958 тұрақты сақталатын электрондық есеп бірлігі, тұрақты сақталатын 7 электрондық бейнеқұжат, 168 том уақытша (10 жылға дейін) сақталатын істердің томдары тізімдемеге енгізіліп, тапсырылды.
Сол сияқты, сараптау комиссиясының құжаттарын сараптау, жұмысына қатысу, «Металлист» зауытының құжаттарын қабылдау, еңбек биржасының қызметкерлерін үйрету, бақылау, бөлімнің жұмысын жоспарлау, сараптау жұмыстары үнемі атқарылып келеді.
Автоматтандырылған архивтік технологиялар және цифрлау бөлімінің басшысы А.Искакова
31.05.2018 жыл