Мұрағат қоймасы бойынша 2011-2012,2013 жылдарда және 2014 жылы атқарылған жұмыстар

Батыс  Қазақстан  мемлекеттік  мұрағаты қоймасында негізінен  мекемелер мен кәсіпорындардан  мемлекеттік  қорына  қабылдау, этномологиялық  және микологиялық тексеру, температуралық – ылғалдылық режимін сақтау, жарық түсіру режимін сақтау, құжаттарды беру және кері тексеріп алу, қор құжаттарының техникалық және физикалық – химиялық жай-күйін тексеру және есепке алу, қор құжаттарын жетілдіру сияқты жұмыстар атқарылады.
Жыл сайын мемлекеттік мұрағат қорында  мекемелер мен кәсіпорындардан  құжаттар қабылданып, жаңа қорлар  саны өсіп отырады.  2011 жылы  мұрағат қорына   1202 сақтау бірлігімен құжаттар қабылданып,  жаңадан 6 қор пайда болса, 2012 -2013  жылыдары   көрсеткіштер сәл  төмендеу болды. 2012  жылы  қорға жаңадан    4 қор қабылданды,1008 сақтау бірлігі  болды. 2013 жылы да  5 жаңа қор құрылып, 1229 сақ.бірлігі алынды. 2014 жылы көрсеткіштер саны бір деңгейге жоғарлады. Осы  жылы  мұрағат қоймасына  5358 сақ. бірлігімен  7 жаңа қор қабылданды. Жыл сайын мекемелер мен кәсіпорындардың өтініштері бойынша құжаттар мұрағат қорына қабыланады.
Мұрағат қоймаларында жәндіктердің пайда болуы мен өзеңденудің алдын алу, оларды дер кезінде анықтау  мақсатында құжаттарды және мұрағат қоймасын жыл сайын  міндетті түрде этномологиялық және микологиялық  тексеріледі. Бұл жұмыстар жылдың жылы мезгілдерінде жүргізіледі. Осы бағыттарда  мұрағаттық  қоймаларды  залалсыздандыру, дәрілеу, дератизация  жұмыстары  2011-2013 жылдары  бір жылда 4 рет өткізілсе,  2014 жылы 4 рет атқарылды. Мұрағат қоймасын ылғалды тазарту, санитарлық-эпидимиологиялық  қызметтердің көмегімен жедел залалсыздандыру  және дәрілеу  шаралары жыл сайын  жүйелі түрде өткізіліп, бақыланады.
Мұрағат қоймасынан  құжаттарды беру және кері тексеріп алу  күнделікті  атқарылатын жұмыстар. 2011 жылы мұрағат қоймасынан  35 000 мың құжат пайдалануға берілсе, 2012 жылы бұл көрсеткіш  48 554 – ке артты.
2013 жылы пайдаланушылардың сұраныстары бойынша мұрағат қоймасынан 30 000 мың  істер мен құжаттар беріліп, кері алынды. Қызметкерлер күн сайын талаптар бойынша 400 – 500 істерді беріп, бекітілген регламент бойынша кері тексеріп алып отырады. Мұрағат қоймасынан  құжаттарды беру және кері тексеріп алу жұмыстары  бекітілген регламент бойынша атқарылады. Осы  бағытта  2014 жылы  мұрағаттық  қоймадан 35 000 мың құжат  берілді.
Мұрағаттық  құжаттардың болуы мен жай-күйін тексеру мұрағаттық құжаттарды білу және жоғалған құжаттар табылмаған жағдайда іздестіру шараларын  ұйымдастыру, мұрағаттық құжаттар тіркеуіндегі кемшіліктерді анықтау, қайта өңдеу, қорғау, сақтандыру және  техникалық өңдеуді қажет ететін құжаттарды  тауып  тізімін жасау мақсатында жоспарлы түрде жүзеге асырылады. 2011 жылы  мұрағат қоймасында  58 қор бойынша 24 825 сақтау бірлігіне құжаттардың бар болуын және жай-күйін тексеру, есепке алу жұмыстары  жүргізілсе,  2012 жылы 39 қор бойынша 35 196 сақтау бірлігі қаралды.  2013-2014 жылдары  24 қорға, 24 000 сақтау бірлігіне  жоспар  бойынша  тексеру  жұмыстары  өткізілді. Бұл  бағыттағы жұмыстарда да  көрсеткіштер  жыл  сайын  өзгеріп отырды.
Мұрағат  қоймасында  өткен  жылдары  қорды  жетілдіру жұмыстары  жүргізілмеген, тек  ағымдағы  жылдың  соңғы  айларынан  бастап  мұрағат  қоймасы қызметкерлері  үлкен  786  қорға  жетілдіру  жұмыстарын  жүргізе  бастады, соның  3000 сақтау  бірлігіне  жетілдіру  толықтай  жүргізілді.
Мұрағат  қоймасында жыл  сайынғы  жоспар  енгізілген  жұмыстар  мерзімімен  атқарылып  келеді.  Жетілдіру  жұмыстары  да  жалғасуда.

Мұрағат қоймасының меңгерушісі                     Ж. Утешова

Мұрағат қоймасы бойынша
2011 -2012, 2013 жылдарда және 2014 жылы атқарылған жұмыстар туралы мәлімет

Р/с Көрсеткіштер      2011 ж.
    2012 ж. 2013 ж. 2014 ж.
1 Мемлекеттік мұрағат қорына мекемелер мен кәсіпорындардан жаңадан қабылданған   құжаттар    

6 қор

1202сақ.бір.

5 қор

1008сақ.бір.

5 қор

1229 сақ.бір.

7 қор

5 910 сақ.бір.

2

Мұрағат  қоймасында этномологиялық

және микологиялық   тексеру  жұмыстары

4 4 4 4
3 Мұрағат қоймасында температуралық – ылғалдылық  режимін  сақтау жұмыстары - -    
4 Мұрағат  қоймасына  жарық  түсіру  режимін  сақтау, бақылау жұмыстары - - -
5 Құжаттарды беру және кері тексеріп  алу жұмыстары  35000 48554 30000   35000
6  Мұрағат қоймасындағы құжаттардың техникалық және  физикалық – химиялық  жай – күйін тексеру және  есепке  алу жұмыстары 24825 35196 24000 24000
7 Мұрағат қоймасындағы  қор құжаттарын  жетілдіру - - -

 786 қор

3000 сақ.бір.

Коммунальное государственное учреждение «Государственный архив Западно-Казахстанской области» управления культуры, развития языков и архивного дела Западно-Казахстанской области

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel