• клуб "Фронтовичка"
  • Деятельность
  • Итоги
  • Отчет о проделанной работе по отделу по работе с исследователями и информационных технологий за ЯНВАРЬ-СЕНТЯБРЬ месяцы 2015 года (в сравнении с январем-сентябрем 2014 год)

Отчет о проделанной работе по отделу по работе с исследователями и информационных технологий за ЯНВАРЬ-СЕНТЯБРЬ месяцы 2015 года (в сравнении с январем-сентябрем 2014 год)

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметі мұрағаттың бекітілген жылдық жұмыс жоспарына, бөлімнің жұмыс жоспарына және міндеттеріне сәйкес жүргізіледі және оқу залында зерттеушілерге қызмет ету мен компьютерлік, ақпараттық технологияларды мұрағат саласына енгізу жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

Бөлім бойынша 2014 жылдың 9 айындағы атқарылған жұмыстар мен 2015 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарына сараптама жасалып, келесідей нәтижелер байқалады (салыстырма есеп №1 қосымшада).

  1. 1.Зерттеушілермен жұмыс бойынша

Оқу залының негізгі қызмет түрлері ретінде келушілерді қабылдау, зерттеушілерге кеңестер беру, анықтамалық-ақпараттық аппаратты ұсыну, сұраныстары мен талаптары бойынша істерді беру және кері қабылдау, берілген құжаттардың сақтылығын қадағалау және бүлінуіне жол бермеу, тақырыптамалар мен зерттеушілердің есебін жүргізу болып табылады. Аталған қызметтер жүйелі түрде орындалуда.

2015 жылдың есепті мерзімінде тіркелген зерттеушілер саны былтырғы жылдың 9 айымен салыстырғанда 27%-ға өсіп, сәйкесінше олардың оқу залына келу жиілігі де 39,4%-ға артқан - 2014 жылы 198 болса, 2015 жылы 276-ға дейін өскен.

Оқу залына келушілердің саны көбею себебінің бірі – ағымдағы жылы республикалық деңгейде көптеген мерейтойлы даталардың аталып өтуі себеп болды (ҚР Конституциясының 20 жылдығы, Қазақстан халқы ассамблеясының 25 жылдығы, 1941-1945 жылдардағы ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығы және т.б.).

Сонымен қатар, зерттеушілердің келу саны өсуіне осы жылы мұрағаттық ақпаратпен жұмыс жасау тәртібі мен тәртіптемесі жаңадан қабылданғаны өз септігін тигізуде, тіркелген зерттеушілер бұрын өздері қалаған күндері, өздері қалаған жиілілікпен келіп және өздері белгілеген ұзақтықпен жұмыс жасаған болса, жаңадан бекітілген тәртіп бойынша зерттеушілерге мұрағат белгілеген күндері, уақыттарда және ұзақтықта жұмыс жасау міндеттелді.

Берілген анықтамалық-ақпараттық аппарат 123 тен 291-ге дейін артқан (2,4 есеге), берілген істердің саны да былтырғы жылға қарағанда 1,9 есеге өсуде.

Дайындалған көшірмелер саны сол қалыпта қалуда – 2014 жылы 64 тапсырма (387 парақ), 2015 жылы 63 тапсырма (352 парақ).

Тіркелген тақырыптардың саны 27%-ға өскен. 2015 жылдың ерекшелігі – биыл 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының 70 жылдығына орай зерттеулер көптеп тіркелуде – 13 пайдаланушы (19,4%), басқа тақырыптар әдеттегідей автобиографиялық және шежірелік зерттеулерге, мекемелер мен ұйымдардың мерейтойлық даталарына, ҚР халқы Ассамблеясының 20 жылдығына және әр түрлі тақырыптағы дипломдық және ғылыми жұмыстарға тиесілі.

Тіркелген тақырыптар тізімі қосымша жалғанды (№2 қосымша).

Ақпараттық технологиялар бағыты бойынша

  1. 2.Веб-сайттың жұмысы

Биыл веб-сайттың қалыпты жұмыс жасауын қамту жөнінде шаралар іске асырылуда, сайттағы электронды қорлар каталогының жұмысы жетілдірілді және ақпаратпен тұрақті түрде толықтырылды.

Барлығы 2015 жылы 83 материал жарияланып, екі тілдегі нұсқасы 166-ны құрады (оның 26-ы бөлімнің жұмысы бойынша), 4 рет электронды қорлар каталогы жаңартылды, оның ішіне филиалдар бойынша да мәліметтер кірістірілді.

Сол сияқты, веб-сайттың тұрақты түрде үздіксіз жұмыс жасауына мониторинг жүргізіліп, жыл сайын домендік атауының пайдалану мерзімі ұзартылды, жалға алынатын хостинг бойынша келісім-шарттар ұзартылды.

  1. 3.Электрондық мәліметтер қорларын толықтыру жұмыстары

Бөлімде электрондық мәліметтер қорларын құру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылды.

Өткен мерзімде бөлімге белгіленген келесі электронды мәліметтер қорларымен тұрақты түрде жұмыстар атқарылды:

  1. «Қорлар тізімі, тізімдемелер, істер және құжаттар тізілімі (Электрондық мұрағат)» электрондық мәліметтер қоры, соның ішінде филиалдар бойынша;
  2. «Зерттеушілер» электрондық мәліметтер қоры;

Сонымен қатар, «Обращения – Жүгінулер» электрондық мәліметтер қорының қалыбы жасалды, мәліметтері көшіріліп, тиісті маманға пайдалануға берілді.

Аталған қорға өткен мерзімде 3 қордың атауы қосымша енгізілді, ол жаңадан қоймаға сақтауға түскен қорлар, сол сияқты сол қорлар бойынша қосымша 11 тізімдеме енгізілді. Қазіргі жағдайда қорлар мен тізімдемелер толық деп айтуға болады.

Ал істердің атауларына келетін болсақ, биыл аталған шаралар былтырғымен салыстырғанда қарқынды жүруде – 318555 енгізілген (12,6 есе артты). Мұның себептері – осы жұмыстарға тартылған штаттық және 11 адам қоғамдық қызметкерлердің жоғары өнімді еңбектері, жауапкершіліктері мен еңбекқорлықтары. Бұрын бір күндік өнімділіктері 200-250 жазбадан аспаған болса, биылғы жылы күніне 500-1000 жазбаға дейін өсуде. Нәтижесінде күні бүгін қоймадағы 555309 істер атауларының 425004-і (76,5%-ы) қорға салынды.

Сол сияқты, құжаттардың атауларын енгізу қалыпты жалғасуда – бұрын 2014 жылдың 9 айында 50364 атауы енгізілсе, 2015 жылы 21856 құжат атауы қосылды. Ол - қалалық нотариалдық конторасының алфавиттік кітаптары. Бұл жұмыстар 2014 жылдың 9 айында көбірек болу себебі – құжат иелері дайын электронды нұсқаларын ұсынған болатын, ал 2015 жылы бұл жұмыстар мұрағаттың күшімен атқарылды - 3 қоғамдық жұмысшы тартылды.

Енгізілген жазулар үнемі тексеріліп, түзетіледі. Тексеру жұмыстары барысында енгізілген жазбалардың қағаз түрдегі жазбаларға толық сәйкестігі немесе сәйкес еместігі жан-жақты қаралады, орфографиялық қателері және басқа да қателер түзетіледі. Осы жұмыстарға қомақты жұмыс уақыты жұмсалады. Атап айтқанда, үстіміздегі жылы тексеру шараларына бөлім басшысы жұмыс уақытынын 80% жұмсауда.

Филиалдардағы осы қормен жұмыс биылғы жылы нақты қолға алынды. Қорлардың атауы мен тізімдемелер толығымен 2014 жылы енгізіліп, аяқталды. Ал 2015 жылы істердің атауын енгізу жұмыстары басталды.

Жалпақтал филиалында 43723 істер болса, оның 27335-і енгізілді (64%), Сырым филиалында 60152 істер болса, оның 49478-і енгізілді (82,3%).

Филиалдарда осы жұмыстарды жандандыру мақсатында 2015 жылдың ақпан-наурыз айларында қосымша бір компьютерден берілді, жастар практикасы мен еңбек биржасынан қызметкерлер тартылды.

Сонымен қатар, 2015 жылдың 22-23 шілде күндері бөлім қызметкерлері «Құжаттардың бірыңғай электрондық мұрағаты» ақпараттық жүйесін» қалыптастыру және электрондық қорлар каталогын жасақтау жұмыстарын жетілдіру мақсатында Жалпақтал және Сырым филиалдарына іссапармен барып келді.

Ісспапар барысында компьютерлік паркі тексеріліп, профилактикалық және жөндеу жұмыстары атқарылды, интернеттың, е-акиматтың  қалыпты жұмысына жағдай жасалды, локалды жүйе орнатылды, электрондық қорлармен жұмысты локалды жүйе арқылы жүргізу шаралары жолға қойылды.

Сонымен қатар, филиалдардағы «Электрондық мұрағат» мәліметтер қорымен жұмыстың жағдайы зерттелді, осы қордың жаңа нұсқасы қойылып, мамандарына аталған қормен тиісті деңгейде жұмыс жасау жөнінде оқу мен практикалық көмек өткізілді.

«Электрондық мұрағат» қоры жұмысын техникалық жағынан жетілдіру мақсатында бөлімде «ТЕХНИЧЕСКОЕ ЗАДАНИЕ на оказание услуг по разработке и внедрению автоматизированной системы управления базами данных Microsoft SQL Server с архитектурой «клиент-сервер» для существующего электронного научно-справочного аппарата областного архива и его филиалов» дайындалды.

Осы техникалық тапсырма бойынша тамыз-қыркүйек айларында мемлекеттік сатып алу сайтына екі мәрте байқау жарияланған болатын, алайда, құны 150 мың теңге құрайтын бұл жобаны іске асыруға ниет білдіргендер табылдмады. Сол себептерден, бұл жоспарланған жоба іске аспай қалды.

«Зерттеушілер» қоры 2012 жылы толықтырыла басталды. Жылма жыл оқу залына келген зерттеушілердің сауалнамалары, тақырыптары және сұраулары енгізілуде.

Қазіргі таңда 2011-2013, 2014 жылдың қаңтар-мамыр және 2015 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында жұмыс жасаған зерттеушілер туралы мәліметтер енгізілген.

Сараптама көрсеткендей, 2015 жылы бұл жұмыстар уақытылы және дер кезінде жүруде, ал 2014 жылдың 2-ші жартыжылдығындағы мәліметтер енгізу кезегінде.

Барлығы 368 сауалнама, 369 тақырып пен 7245 сұраулар енгізілді.

Алдағы уақытта 2001-2010 және 2014 жылдары оқу залына келген зерттеушілердің 792 істерін енгізу қажет етеді.

  1. 3.3.«Метрикалық кітаптар» қоры бойынша

Жоспар бойынша мұрағатта сақталудағы 536 метрикалық кітаптардың ішіндегі мәліметтері салыну және цифрлану тиіс. Алайда, 2015 жылы веб-сайтқа барлық сақтаудағы метрикалық кітаптарды пайдаланушылардың назарларына сканерлеп шығару басталғандықтан және әзірге қорға енгізетін бос қызметкерлердің болмау себептерінен, арнайы электрондық қор құру жұмыстары кейінге қалуда.

  1. 4.Сандау жұмыстары

Сканерлеу жұмыстары «Электрондық мұрағат» қорын толықтырумен қатар және сол қызметкерлердің күшімен жүзеге асырылады, сондықтан жұмыстың нәтижесі де бірдейге жақын.

Жоғарыда айтылғандай, «Электрондық мұрағат» қорын толықтыруда 2015 жылы тартылған қызметкерлер жоғары нәтижелерге қол жеткізген болса, сандау жұмыстарының көлемі де сәйкесінше олардың енбегі арқасында жоғары екені байқалады. Мысалы, тізімдемелерді сканерлеу – 6 есеге, істерді сканерлеу – 4,6 есеге.

2015 жылы сканерленген істердің көпшілігі – газет түптемелері, метрикалық кітаптар және оқу залында көшірмелеуге тапсырыс берілген істер.

Газеттерді сандау жұмыстарына «Жайық пресс» ЖШС-нің құралдары мен күштері арқылы жүруде - барлығы 93 түптеме сандалды.

Метрикалық кітаптар мұрағат қызметкерлер күштерімен сканерленуде, барлығы 6 кітап сканерленді. Барлығы 210 істер сандалды.

  1. 5.Компьютерлік құралдармен жабдықтау жұмыстары

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің қызметі компьютерлік және ақпараттық технологияларды мұрағат саласына енгізу жөніндегі шаралар кешенін де қамтиды.

2014-2015 жылдары мұрағаттың құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында есептегіш, көшірмелеу-көбейту техникасы мен локалды есептегіш желісін тиімді пайдалануын жетілдіру, мұрағат қызметкерлерінің есептегіш техникалар мен бағдарламалық құралдарды қолдану деңгейлерін көтеру, желіні басқару, Интернет желісі мен электрондық поштаны тиімді қолдану жұмыстары да қалыпты атқарылды.

2014 жылы мұрағатқа тек 6 жинақтағы компьютерлер алынған болса, 2015 жылдың есепті мерзімінде 14 жабдық алынды. Оның ішінде – жинақтағы компьютерлер (жүйелі блок, монитор, пернетақта, мышь) – 4 дана; түрлі түсті принтер – 2 дана; ақ-қара принтер – 1 дана; үздіксіз қуат көзі – 4 дана; көпфункционалды құрылғы – 1 дана; фотоаппарат – 1 дана; штатив – 1 дана.

Сөйтіп, мұрағаттың компьютерлік паркі одан әрі жаңартылуда.

  1. 6.Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар

Негізгі қызметтен басқа зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімі мұрағат ісін дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді түрде өз үлесін қосуда.

Өткен жылға қарағанда биыл әдістемелік жұмыстар мен жарияланымдар да қолға алынды. Яғни зерттеушілердің келулері жиіленуіне байланысты «Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың мұрағатта құжаттармен жұмыс тәртібі туралы тәртіптің» жобасы мен «Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушыларға қызмет көрсетудің тәртіптемесі» дайындалып, бекітілді, ал веб-сайттың электронды қорлар каталогы іске енгізілуіне байланысты «Құжат айналымы мәселелері» республикалық салалық журналға веб-сайттағы электронды қорлар каталогы туралы мақала дайындалды (екі тілде).

Мұрағат ісі тәжірибесіне жаңа әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу шеңберінде 2015 жылы 5 семинарда лекция оқылды және лекциялардың тақырыбы өзгертілді - «Электрондық мұрағат» электронды мәліметтер қорымен жұмыс жасау туралы» және «Мұрағаттың веб-сайты және оны пайдалану тәртібі туралы» лекциялар, оның ішінде Орал қалалық Халыққа қызмет көрсету орталығында өткен дөңгелек үстелге қатысылып, веб-сайтың жұмысы туралы таныстырылым өтті.

Бұдан басқа да халықаралық форум аясында облыста өткен «Батыс Қазақстан облысының тарихы-жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты экспонаттық-құжаттық көрмеге дайындық жұмыстарға белсенді атсалысылды – құжаттарды іріктеу, аңдатпалар жазу, аудару, сканерлеу, слайдтар жасау, баннер мен буклеттың дизайнын дайындау, көрмелік құралдарға тапсырыс дайындау және т.б. басшының жоспардан тыс тапсырмалары.

Аталған жұмыстар болашақта да жалғастырылып, жоспарлы түрде орындалатын болады.

Зерттеушілермен жұмыс және
ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы
                                                 А.Искакова

14.09.2015 жыл

      Приложение 1
Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің
2014 және 2015 жылдардың 9 айында атқарылған жұмыстары туралы есеп (салыстырмалы кесте)
Рет саны Көрсеткіштер 2014 жылдың 9 айы 2015 жылдың 9 айы 2015 жыл мен 2014 жылдың 9 айларындағы көрсеткіштерді салыстырғанда, %
  1. Оқу залы бойынша
1 Қабылданған зерттеушілер саны 198 276 139,4
2 Берілген ғылыми-анықтамалық аппарат пен тізімдемелер саны 123 291 236,6
3 Берілген істер саны 752 1398 185,9
4 Дайындалған көшірмелердің саны (заказ/парақ) 64/387 63/352 98,4 / 91,0
5 Зерттеушілердің жеке істерін жүргізу 52 66 126,9
6 Тақырыптық картішкелер толтыру 52 66 126,9
7 Газет, журналдарды есепке алу 881 889 100,9
8 Газет, журналдарды түптеп тігу 48 54 112,5
  2. Веб-сайттың жасақтау, жетілдіру және сүйемелдеу жұмыстары 5 5 100,0
1)   веб-сайт жасақтауға техникалық тапсырыс дайындалды; 1)   веб-сайтқа бөлім қызметі жөнінде материалдар дайындау – 13;
2)   Веб-сайттың ішкі және сыртқы дизайны дайындалды, іске асырылды; 2)   веб-сайтқа материалдар жариялау - 83/166 (материал/екі тілде);
3)   веб-сайтты ақпараттық мәліметтермен толықтыру шаралары – бөлім бойынша мәлімет дайындау, басқа бөлімдер мен филиалдар бойынша жинақтау, топтастыру, екі тілге аудару және сайтқа енгізу жұмыстары; 3)   веб-сайттағы «Электрондық мұрағат» электрондық қорының жұмысын жетілдіру, түзеу жұмыстары;
4) Веб-сайттың доменді атауы тіркелді 4) Веб-сайтың доменді атауының мерзімі ұзартылды
5)   веб-сайттың ішкі құрылымын жетілдіру шаралары – электронды мәліметтір қорын енгізудің техникалық тапсырмасы дайындалды; 5)   веб-сайттағы «Электрондық мұрағат» электрондық қоры жаңартылды – 4 рет;
  3. Электрондық мәліметтер қорларын толықтыру жұмыстары
  3.1. «Электрондық мұрағат» қоры
1 Қорлардың атауы (саны / %). Барлығы енгізілгені – 2469 (100%) 9 3 33,3
2 Тізімдемелердің атауы (саны / %). Барлығы енгізілгені – 6581 (100%) 387 11 2,8
3 Істердің атауы (саны / %).
Барлығы енгізілгені – 517131 (78,5%)
25272 318555 1260,5
4 Құжаттардың атауы (саны/%).
Барлығы енгізілгені –72453
50364 21856 43,4
  3.2. «Зерттеушілер» қоры
1 Істер, барлығы енгізілгені – 322      
2 Жазулар      
  Сауалнамалар, барлығы енгізілгені – 368 36 100 277,8
  Тақырыптар, барлығы енгізілгені - 369 36 101 280,6
  Сұраныстар, барлығы енгізілгені - 7245 241 2000 829,9
  4. Сандау жұмыстары
1 Тарихи анықтамалар                           Барлығы сандалғаны – 620 41 74 180,5
2 Тізімдемелер                               Барлығы сандалғаны – 4885 (72,8%) 257 1558 606,2
3 Істер
Барлығы сандалғаны – 210 (0,032%)
25 116 464,0
  5. Жұмыс орындарын техникалық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстары
1 Локалды жүйе мен интернет жұмысын сүйемелдеу үнемі үнемі  
2 Қолданыстағы бағдарламалық өнімдердің жұмысын мониторингілеу және сүйемелдеу үнемі үнемі  
3 Жұмыс орындарын компьютерлік жабдықтармен қамтамасыз ету және олардың есебін жүргізу 6 14 233,3
1)   жинақтағы компьютерлер (жүйелі блок, монитор, пернетақта, мышь) – 6 дана. 1)    жинақтағы компьютерлер (жүйелі блок, монитор, пернетақта, мышь) – 4 дана;  
  2)    түрлі түсті принтер – 2 дана;  
  3)    ақ-қара принтер – 1 дана;  
  4)    үздіксіз қуат көзі – 4 дана;  
  5)    көпфункционалды құрылғы – 1 дана;  
  6)    фотоаппарат – 1 дана;  
  7)    штатив – 1 дана.  
  6. Ұйымдастыру-әдістемелік жұмыстар
1 Әдістемелік ұсынымдар дайындау - 2 0,0
  1)Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушылардың мұрағатта құжаттармен жұмыс тәртібі туралы ереженің жобасы дайындалды, бекітілді;
  2) Мұрағаттық ақпаратты пайдаланушыларға қызмет көрсетудің тәртіптемесі дайындалды, бекітілді
2 Мұрағаттық шараларға атсалысу (көрмелер, кездесулер, семинарлар мен лекцияларға қатысу, өткізу) 2 5 250,0
1)   істер номенклатурасын жасақтаудың электронды қалыбымен жұмыс туралы 1) «Электрондық мұрағат» электронды мәліметтер қорымен жұмыс жасау туралы;
  2)   Мұрағаттың веб-сайты және оны пайдалану тәртібі туралы
  3)   «Батыс Қазақстан облысының тарихы-жасампаздық пен жетістіктер жолы» атты экспонаттық-құжаттық көрмеге дайындық жұмыстар атқарылды – құжаттарды іріктеу, аңдатпалар жазу, аудару, сканерлеу, слайдтар жасау, баннер мен буклеттың дизайнын дайындау, көрмелік құралдарға тапсырыс дайындау және т.б.
3 Шығарылымдар дайындау 1 - 0,0
1) Мұрағаттық саланың 90 жылдығына орай альбом-буклет дайындалды  
4 Мақалалар жариялау - 1 0,0
  1)   «Құжат айналымы мәселелері» республикалық салалық журналға веб-сайттағы электронды қорлар каталогы туралы мақала дайындалды (екі тілде)
5 Бөлімнің жұмысын жетілдіру жөнінде ұсыныстар, жоспарлар мен есептер үнемі 18  
1) "Электронный архив" қорына енгізілген жазулар тексерілді;
2)Сандау барысы туралы комитетке есептер мен ақпарат берілді - 2 рет
3) салынатын мұрағат ғимаратының схемалары мен экспозицияларына ұсыныстар берілді
4) "Электронный архив" қорын жетілдіру бойынша техникалық тапсырма жасалды
5) "Электронный архив" қорына Сырым мен Жалпақтал филиалының мәліметтері енгізілді
6) Заңды және жеке тұлғалар электронды мәліметтер қоры енгізілді
7) 1941-1945 жж ҰОС-дағы Жеңістің 70 жылдығына орай өткен шаралар туралы ақпарат дайындалды
8) Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығына орай құжаттар іріктелді
9)оқу залында жұмыс туралы ережелерге толықтырулар енгізу
10)акиматқа ұсыныстар дайындалды
11)оқу залында жұмыс туралы ережелердің бұйрық жобасы дайындалды
12) оқу залында жұмыс туралы ережелері туралы басқармаға хат жазылды
13)Жалпақтал филиалының қосымша компьютер беру туралы хаты бойынша жұмыстар (беру акті)
14)сервер туралы хат
15)сканер туралы хат
16)сайтты жетілдіру туралы хат
17)бағдарлама алу туралы хат
18) филиалдардың электрондық базамен жұмысы туралы хат дайындалды, іссапарға барылды
6 Эксперттік-сараптау комиссиясының жұмысына қатысу 9 38 422,2
1) сараптау жұмыстары 1) сараптау жұмыстары
7 Сұрауларға жауаптар (зерттеушілердің, жоғары органдардың сұраныстары және басшылардың тапсырмалары бойынша) 49 51 104,1
Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің басшысы А.Искакова
         

 

    Приложение 2  
  Список зарегистрированных тематических исследований в отделе по работе с исследователями и информационных технологий в ЯНВАРЕ-СЕНТЯБРЕ 2015 года
№№ пп Тема исследования Хронологические рамки Цель исследования Когда проходило исследование
1 Здравоохранение и медицинские учреждения Приуралья в 19-20 веках 1920-2000 дипломная работа 05-янв-15
2 Западноказахстанцы в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 годов 1941-1945 дипломная работа 05-янв-15
3 История населенных пунктов Уральской области 1920-1990 публикация 05-янв-15
4 Искоренение неграмотности в Казахстане 1920-1935 дипломная работа 08-янв-15
5 Жанибекский район в годы Великой Отечественной войны 1941-1945 дипломная работа 08-янв-15
6 Казахстан в годы Великой Отечественной войны 1939-1945 публикация сборника материалов 12-янв-15
7 История Казахстана в годы Великой Отечественной войны 1939-1945 публикация сборника материалов 12-янв-15
8 Женское равноправие и сведения о мечетях 1930-1937 написание книги 19-янв-15
9 Здания и сооружения, в которых в годы ВОВ 1941-1945 гг размещались госпитали и больницы 1941-1945 для снятия кинофильма 22-янв-15
10 Традиции кюйши ЗКО в 18-19 веках 1920-1980 научная работа 23-янв-15
11 Изучение родословной, сведения об отце Калыкове Нигмете Шукралиевиче 1951-1971 пополнение семейного архива 27-янв-15
12 История скорой медицинской помощи 1934-1936 издание книги 29-янв-15
13 История церквей Уральской области 1865-1920 публикация книги 04-фев-15
14 Женщины в общественно-политической жизни Казахстана в 1920-1930 годы 1920-1930 магистерская диссертация 05-фев-15
15 О численности населения села Янайкино, демографические показатели 1922-2014 производственная необходимость 09-фев-15
16 ЗКО в годы ВОВ 1941-1945 дипломная работа 10-фев-15
17 Коллективизация села Талпын, его экономическое развитие 1923-1997 написание книги 10-фев-15
18 Акжаикский район в годы ВОВ 1941-1945 годов 1941-1945 кандидатская работа 13-фев-15
19 Сведения о жизнедеятельности в мирное время участника ВОВ 1941-1945 годов, партизана Рахметоллы Егизбаева 1947-1987 создание фильма 13-фев-15
20 Коллективизация в ЗКО 1928-1937 научная статья, учебное пособие 23-фев-15
21 Западный Казахстан в годы ВОВ 1941-1945 гг 1939-1960 научная статья 23-фев-15
22 Журналисты, воевавшие на фронте в годы ВОВ 1941-1950 документальный фильм 25-фев-15
23 Об участниках ВОВ 1941-1945 гг., работавших в ЗКГУ им.М.Утемисова 1941-1945 для выставки 02-мар-15
24 Становление и развитие межэтнических отношений в Казахстане в 19-20 веках 1920-2015 дипломная работа 03-мар-15
25 Антирелигиозная кампания 1919-1991 годов 1919-1991 монография 03-мар-15
26 История становления Ассамблеи народов Казахстана по ЗКО 1995-2015 выставка 03-мар-15
27 Письма военных лет 1941-1945 дипломная 10-мар-15
28 Поиск статьи в газетах Орал өңірі и Приуралье за 1974-1976 годы 1974-1976 в личных целях 11-мар-15
29 Поиск статьи "Олар жетеу еді"   в газетах Едил Жайык 1998 в личных целях 11-мар-15
30 Поиск правоустанавливающих документов на строительство магазина 2003 в личных целях 16-мар-15
31 Фонд 625 опись 2 дело 2 "Книга приказов по личному составу" 1936-1939 ну казана 16-мар-15
32 История пожарной службы ЗКО 1920-1930 формуляр жазу 17-мар-15
33 Эволюция структурного планирования и функционального зонирования города Уральска 17-21 век дипломная работа 17-мар-15
34 Отчеты управления за 1994-20074 годы 1994-2007 в производственных целях 27-мар-15
35 Поиск родственников Акишевой М. и Габдуллиной Бижамал 1920-1924, 1970-1980 издание книги 31-мар-15
36 Период жизнедеятельности К.Аманжолова в городе Уральске, о прохождении им воинской службы в военном гарнизоне в 1933 году 1933 научный проект 31-мар-15
37 Установление факта оригинальности и отсутствия фальсификации документов нотариального характера (наследство и завещание) 1996 для суда 31-мар-15
38 О номенклатурных работниках партийного и хозяйственного актива Каменского (Таскалинского района) 1940-1942 издание книги о земляках 03-апр-15
39 Поиск данных о первооткрывателях нефтяной Эмбы в связи со 100 летним юбилеем месторождения Макат 1920-1970 написание книги 14-апр-15
40 Поиск данных о Мурзагалиеве Казене, 1880 г.р., воевавшем кавалеристом в Чапаевской дивизии в годы Гражданской войны 1920-1923 Изучение родословной 17-апр-15
41 Ознакомление с документами об Исатае Кенжегалиеве 1927-2011 дипломная работа 21-апр-15
42 Конфискация имущества баев и середняков в ЗКО 1927-1932 научный проект 28-апр-15
43 Поиск сведений о Тугельбаеве Кувайдулле, 1940-1943 гг 1940-1943 ответ на заявление 28-апр-15
45 Поиск родственников по фамилии Асерчевы 1900-1940 составление родословной 20-май-15
46 Шахзада Каратаева - борец за национальную независимость и равенство 1920-1930 научный проект 01-июн-15
47 Западно-Казахстанская область в годы ВОВ 1941-1945 гг. 1941-1945 Ознакомление с материалами учащихся Интелллектуальных школ Назарбаева городов Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент, Атырау 03-июн-15
48 О Бурлинском районе и селе Борли в годы Советской власти 1920-1991 статья в газету 06-июн-15
49 Поиск сведений о матери Меликовой Александре Федоровне и тете Меликовой Вере Федоровне 1901-1904 вхождение в наследство 10-июн-15
50 Поиск свидетельства о браке Меликовой Веры Федоровны и с Повытчиковым 1917-1935 вхождение в наследство 10-июн-15
51 Поиск материалов о семье Тэн 1930-1950 для культурного центра 10-июн-15
52 История представителей польской национальности   книга 30-июн-15
53 История репрессий на территории ЗКО в 20-ые годы 20 века 1920-1925   13-июл-15
54 Переселение из Украины (Кировоградская область Каменский район) в Казахстан по столыпинской реформе после 1900 года 1900-1945 изучение родословной 16-июл-15
55 Память рода. Наша родословная в 18-20 вв на территории ЗКО 18-20 вв научная работа 17-июл-15
56 Изменение архитектурного облика города 1820-2013 диссертация 24-июл-15
57 история разивтия физической культуры 1916-2015 защита диссертации 24-июл-15
58 Изучение генеалогического древа с 1850 по 1975 гг 1850-1975 пополнение семейного архива 24-июл-15
59 Общественно-политическая деятельность Б.Каратаева и роль Х.Досмухамедова в истории в 19-20 вв 1865-1920 научнвя конференция по Алаш-Орде и Казахскому ханству 24-июл-15
60 Трансформация системы городского расселения Казахстана 19-20 вв 1900-2000 написание статьи 24-июл-15
61 Найти тетю и отца по метрическим книгам 1914-1919 изучение родословной 28-июл-15
62 Поиск по метрическим книгам родственников Безьяновых поселки Каленый и Сахарная 1900 1931 29-июл-15
63 История Атырауской области до Великой Революции 1918 года 1918-1920 написание книги 04-авг-15
64 Отчеты о разведках в Теректинском районе ЗКО 2001-2008 установление знаков на памятники археологии 01-сен-15
65 О конфискации в 1928-х годах 1928 написание книги 03-сен-15
66 Поиск сведений о Сафуллине Набиолле 1966-1991 статья в газету 04-сен-15
67 Изучение родословной, поиск сведений о деде Ферстере Казимире Августовиче 1965-1966 родословная 04-сен-15

Коммунальное государственное учреждение «Государственный архив Западно-Казахстанской области» управления культуры, развития языков и архивного дела Западно-Казахстанской области

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в вашем браузере должен быть включен Javascript.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel