Фотовыставка культурно-исторических и архитектурных памятников города Уральска по фондам областного архива
«Орал қаласының ескерткіштерді қорғау қоғамының» мұрағаттық қор құжаттарында 1978-1990 жылдар аралығында фотосуреттерге түсіріліп, құжаттарға хатталған Орал қаласындағы тарихи-мәдени ескерткіштер туралы мәліметтер бар. Құжаттарда ескерткіштердің есеп карточкасы, қысқаша анықтамасы, фотосуреттері, сызбалары, ескерткіштерді республикалық және жергілікті категорияларға бөлу туралы деректер сақталған.
1982 жылға дейін Орал қаласы бойынша мемлекеттің қорғауына 38 ескерткіш (тарихи, монументалды, сәулет және мәдениет ескерткіштері) алынды.
1985 жылы 29 ескерткіш есепке тіркеліп, оның 10-ы мемлекеттің қорғауына алынды.
1989 жылы республикалық деңгейдегі 10 ескерткіш, жергілікті деңгейдегі 38 ескерткіш, барлығы 48 ескерткіш мемлекеттің қорғауына алынды. Солардың ішінде, 23-тарихи, 9-сәулет тарихы, 12-сәулеттік ескерткіш, 2-табиғи, 1-монументальды өнер, 1-өнер ескерткіштері бар.
Мұрағаттық қор құжаттарында ғимарат авторлары, үздік суретшілер, мүсіншілер, қолданбалы өнер және халық шеберлері туралы мәліметтер кездеседі.
Зерттеушілер «Орал қаласының ескерткіштерді қорғау қоғамы» мұрағаттық қор құжаттарымен танысуына болады.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 8-бет7
1936 жылы Орал пединституты ашылып, бұрынғы қыздар гимназиясына орналасты. Осы ғимараттың құрылысы 1937 жылы басталып, 1939 жылы аяқталды. Авторы Рогальский. Қазіргі кезде М.Өтемісұлы атындағы БҚМУ-нің бас корпусы орналасқан. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 30-бет
Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Революцияға дейін «Илюзион» кино театры орналасты. Орал қаласын ақгвардияшылардан азат еткеннен кейін 1919 жылы 6 шілдеде 25-ші Чапаев дивизиясы 73-ші бригадасының саяси бөлімі жайғасты. Ғ.Қараш көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 50-бет
ХІХ ғасырда салынған. Патша әскерінің полковнигі Завьяловқа тиесілі болған. 1919 жылы 10 ақпанда Орал азат етілгеннен кейін Шығыс майданның қолбасшысы М.В.Фрунзе орналасып, партияға көмек көрсетіп, Орал гарнизонының басшысы қызметін де атқарған. Қазақ халқына арналған үндеухатында билікті өз қолдарына алып, Қызыл Армия қатарына өтуге шақырған. Үндеухаты 1919 жылы 16 ақпанда жергілікті «Яицкая правда» газетінде жарияланған. 1919 жылы 1 сәуірде Оралда жұмысшы солдаттардың қалалық Кеңесіне 1-ші сайлау өткізілді. 1919 жылы 13 сәуірде осы үйде қалалық Кеңестің отырысы ашылып, өз жұмысын бастады. Достық-Дружба даңғылы мен Ғ.Қараш көшесінің қиылысында
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 64-бет
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың 80 жылдардың аяғында Орал әскери гимназиясына арнап салынған. Орал әскери училищесі 1870 жылы ерлер әскери гимназиясы болып, ал 1890 жылдың ІІ жартысында Орал әскери 6-сыныпты реалды училищесі болып қайта құрылды. Азамат соғысы жылдарында бұл ғимаратта 30-шы дивизияның госпиталі, губерниялық партия мектебі, ҰОС кезінде Орал пединститутының биология факультеті, соғыстан кейін ұжымшар кадрларын дайындайтын мектеп, ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумы, БҚ ауыл шаруашылығы институты орналасты. Қазіргі кезде Ж.Досмұхамедов атындағы Орал педколледжіне тиесілі. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 120-бет
ХІХ ғасырдың аяғында салынған. Көпес Губайдуллинге тиесілі болған. М.Ипмагамбетов-1-ші облыстық Кеңес атқарушы комитетінің мүшесі, 1918 жылы денсаулық сақтау комиссары, 1919 жылы Орал облыстық революциялық комитетінің ұлттық істер жөніндегі коллегиясының мүшесі. 1919 жылдың сәуіріне дейін осы үйде отбасымен бірге тұрған.
Ә.Айтиев осы үйде 1920 жылдың қаңтарына дейін тұрған. Ол 1917 жылы большевиктердің жасырын жиналыстарына қатысып, облыстық Кеңестің құрамына сайланады. 1919 жылы Оралды азат етуге қатысады. Әскери Революциялық Комитеттің Қырғыз (қазақ) өлкесін басқару жөніндегі комиссары, азамат соғысынан кейін Қазақ АКСР-нің ішкі істер халық комиссары болды.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 152-бет
Бұл үй 1917 жылғы революцияға дейін салынған. 1932-1934 жылдары М.Мәметова ата-анасымен бірге тұрған. 1982 жылы Орал қалалық атқарушы комитетінің шешімімен М.Мәметова атындағы мұражайға айналдырылды. Сарайшық көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 164-бет
ХІХ ғасырда салынған. Революцияға дейін медресе болған. 1896-1905 жылдары татар әдебиетінің классигі, ақын-демократ Г.Тукай оқыған. Осы медреседе оқи жүріп, «Магариф», «Эль-гаср» газеттерін шығарады. «Уралец» газетінде қызмет атқарған. 1905 жылы революцияға белсенді қатысқан.
315-қор, 1-тізім, 3-іс, 176-бет
Бұл үй зиялы отбасынан шыққан Тухватуллиндерге тиесілі болған. Татар әдебиетінің негізін салушы Г.Тукайдың сана-сезімінің қалыптасуына үлкен әсер еткен. Г.Тукай Оралда оқыған жылдары осы Тухватуллиндер үйінде тұрған. А.Тайманов көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 4-бет
1837 жылы құрылысы басталған. Авторы белгісіз. Бульвар атаман Столыпиннің ұсынысы бойынша салынған.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 20-бет
ХІХ ғасырда Оралда құрылған алғашқы театрлардың бірі. ХХ ғасырдың 30-жылдары бұл ғимарат қайта қалпына келтіріліп, театрға А.Н.Островскийдің есімі берілді. ҰОС кезінде Беларусь мемлекеттік драма театры мен Карелофин опера театры қызмет жасады. Д.Нұрпейісова көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 28-бет
Бұл шіркеудің негізі қайырымдылықтан түскен ақшаға 1887 жылдың 6 шілдесінде басталып, 1888 жылдың 31 шілдесінде аяқталды. Храмда ХVІІІ-ХХ ғасырлардағы діни кітаптар жинақталған. Ескі хаттағы икона да бар.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 35-бет
Бұл мешіттің құрылысы 1897 жылы Мұртаза Абдуллиннің қаражаты есебінен салынды. Авторы белгісіз. 1930 жылы мемлекеттік мекемеге айналдырылды. Әскери трибуналдың байланыс бөлімі орналасты. 1944 жылы бұл ғимарат мешітке қайтарылды. Ж.Досмұхамедов көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 47-бет
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында құрылған. ХХ ғасырдың ортасында астық сақтайтын қоймаға пайдаланды. 1941 жылдың 20 желтоқсанында Землячка атындағы Мәскеу тері зауытын Оралға көшіріп, бұрынғы Макаров мельницасына орналастырады. 1991 жылға дейін завод ретінде пайдаланылды.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 64-бет
1919 жылдың 24 сәуірінде Шаған өзені бойында қаза тапқан 17 қызыл әскер жерленген жерге салынды.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 109-бет
ҰОС кезінде көрнекті кеңес жазушысы М.А.Шолохов отбасымен бірге тұрған үй.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 128-бет
Бұл үйде 1919 жылдың 11 шілдесінде Орал қаласын қоршаудан азат еткеннен кейін 25-ші дивизияның қолбасшысы В.И.Чапаев тұрған.
315-қор, 1-тізім, 4-іс, 135-бет
Т.Масин 1907 жылы Орда ауданының Жиекқұм ауылында дүниеге келген. 1923 жылы комсомол мүшесі болады. 1928 жылы Бөкей педтехникумын бітіреді. Мектепте мұғалім, директор қызметтерін атқарған. ҰОС кезінде қатардағы жауынгерден майорға дейінгі жолды өтті. 1944 жылы 1 маусымда Могилев-Минск бағытындағы жау әскерінің қарқынын тежеп, шегіндірген. Сол үшін оған 1945 жылы 24 наурызында Кеңес Одағының батыры атағы берілді.
315-қор, 1-тізім, 8-іс, 4-бет
Бұл храмның негізі 1891 жылдың маусымында Жайық (Орал) казактарының Ресей әскеріне қызмет ете бастағанының 300 жылдығы (1591-1891 ж.ж.) құрметіне байланысты қаланды. Қайырымдылықтан түскен ақшаға салынған. Храм қоңырауына 10500 рубль, иконаға 14000 рубль жұмсалған. Сәулетшілер В.Н.Чагин, Железнов және Тецтің жобасы бойынша салынған. Храм ХV-ХVІІІ ғ.ғ. Жаңамәскеулік сәулет стилінде салынған. Храм Достық-Дружба даңғылында орналасқан.
315-қор, 1-тізім, 12-іс, 8-бет
Бұл ғимарат 1887 жылы салынды. Революцияға дейін орыс-қырғыз (қазақ) мектебі, ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Орал кәсіби мектебі болды. 1963 жылы БҚ ауыл шаруашылығы институтының кітапханасы қызметін атқарды. 1973 жылы 12 сәуірде Орал облыстық атқарушы комитетінің шешімімен Орал облыстық тарихи-өлкетану мұражайына айналдырылды. Достық-Дружба
даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 12-іс, 39-бет
1901 жылы салынып, көпес Каревке тиесілі болған. Революцияға дейін дүкен, офицерлер клубы, қонақүй болған. Оралды Қызыл Армия алғаннан кейін «Еңбек сарайы» болды. ХХ ғасырдың 20 жылдары «Красный Урал» типографиясы, кәсіподақтар кітапханасы қызмет жасаған. Осы үйде 1923 жылы қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушы С.Сейфуллин тұрып, жұмыс жасаған. 1929 жылы жазғы бақшасында А.Толстой, Л.Сейфуллина, В.Правдухин өз шығармаларын оқыған. Қазіргі кезде 1-ші қабатында дүкен, дәріхана, 2-ші қабатында Ж.Молдағалиев атындағы облыстық кітапхана, 3-ші қабатында облыстық филармония орналасқан. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 12-іс, 60-бет
Михаил-Архангел соборының негізі 1740 жылы қаланған. Жайық казактары салған. Құрылысы 1751 жылы аяқталды. 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінде қамал қызметін атқарған. Собор өзінің тарихилығымен Оралда болған А.С.Пушкиннің, В.А.Жуковскийдің, В.Г.Короленконың, Л.Н.Толстойдың назарын аударған.
315-қор, 1-тізім, 21-іс, 68-бет
Бұл ғимарат 1898 жылы салынған. Революция дейін бұл ғимаратта бастауыш мектеп және әскери музыка мектебі орналасты. Ақгвардияшылардан Орал қаласын қорғау кезінде 1919 жылы 22-ші атқыштар дивизиясы орналасты. Лев Толстой көшесінде орналасқан.
315-қор, 1-тізім, 21-іс, 72-бет
1984 жылы Европа мен Азияның шекаралық символы ретінде салынды.
315-қор, 1-тізім, 31-іс, 2-бет
ХІХ ғасырдың ортасында Оралда ашылған мұражай мен қоғамдық кітапхананың бұрынғы ғимараты. Достық-Дружба даңғылында орналасқан.
315-қор, 1-тізім, 31-іс, 7-бет
Бұрынғы әскери училище болған осы ғимаратта Оралдан шыққан тұңғыш большевик И.С.Ружейников және жазушы В.Правдухин оқыған.
315-қор, 1-тізім, 31-іс, 14-бет
Ескерткіш 1967 жылдың 20 шілдесінде Орал облыстық атқарушы комитетінің шешімімен Кеңес Одағының құрылғанына 50 жыл және ҰОС кезінде қаза тапқан батырлардың құрметіне салынды.
315-қор, 1-тізім, 32-іс, 8-бет
Бұл ғимарат ХІХ ғасырдың аяғында бір қабатты кірпіштен салынды. 1905 жылы медресені тәмамдағаннан кейін Г.Тукай жұмыс жасаған. Ә.Кердері көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 32-іс, 13-15-бет
Бұл ғимарат 1836 жылы 1-ші қыздар гимназиясы болып ашылды. 1910 жылға дейін гимназия жанынан пансион жұмыс жасаған. Азамат соғысы жылдарында Орал бригадасының жылжымалы госпиталі, 1930 жылдан Орынбордан көшірілген халық институты, 1932 жылдан Орал пединституты болды. 1938 жылдан қазіргі кезге дейін БҚМУ-нің география факультеті орналасты. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 32-іс, 44-бет
Мұғалімдер семинариясы 1913 жылы құрылды. 1919 жылы осы семинарияда Орал қаласындағы комсомол ұйымдастырушысы В.Е.Савичев оқыған. Ол Оралдағы жастардың коммунистік қозғалыстарына белсенді қатысып, бүкілхалықтық жиналыста Орал қалалық комсомол комитеті Президиумының төрағасы боып сайланды. Г.Тукай көшесінде.
315-қор, 1-тізім, 32-іс, 58-бет
ХХ ғасырдың 50-жылдарында осы ғимаратта журналисттермен кездесу барысында М.А.Шолохов екі рет болған. Достық-Дружба даңғылында орналасқан.
315-қор, 1-тізім, 32-іс, 73-бет
Бұл ғимарат ХІХ ғасырда салынған. ХХ ғасырдың 40-50 жылдарында Оралда болған кезінде М.А.Шолохов осында тұрған. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 48-іс, 5-7-бет
ХІХ ғасырда салынған үйлер.
315-қор, 1-тізім, 48-іс, 5-17-бет
ХІХ ғасырда салынған үйлер.
315-қор, 1-тізім, 51-іс, 5-бет
1751 жылы «Шилихин өртінен» кейін орташа дәулетті казак П.М.Кузнецовтың бастауымен салынған. Осында «Жайық патшайымы» атанған Е.И.Пугачевтың екінші әйелі Устинья Петровна Кузнецова тұрған. 1774 жылы Жайық қалашығын қоршау кезінде Е.И.Пугачев осы үйде болған. Қазіргі кезде Е.И.Пугачев атындағы мұражай ретінде пайдаланылуда. Достық-Дружба даңғылында.
315-қор, 1-тізім, 51-іс, 25-бет
Бұл ескерткіш азамат соғысының батыры Миша Гавриловке арнап тұрғызылған. Ол 1903 жылы шаруа отбасында дүниеге келген. Октябрь революциясын жылы шыраймен қарсы алып, Кеңес үкіметін орнатуға белсенді қатысушы болды. 1919 жылы Орал қаласын қорғауда көрсеткен ерлігі үшін оған «Қызыл Ту» ордені берілді.
315-қор, 1-тізім, 51-іс, 99-бет
25-ші дивизияның қолбасшысы В.И.Чапаевқа арнап тұрғызылған ескерткіш.