Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы облыстық сараптама-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы
2015 жылдың 30 маусымында Батыс Қазақстан облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы «БҚО мемлекеттік мұрағаты» КММ директоры А.Н.Савгабаеваның төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссияның жұмыс жоспарына сәйкес алдымен шақырылған мекемелердің өкілдерін тындау болды, атап айтқанда Батыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасы «Авиация спорты бойынша балалар-жасөспірімдер спорт-техникалық мектебі» МКҚК, «Аяз» ЖШС, «Шапағат балалардың күндіз болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемесі» КММ және «Батыс Қазақстан индустриалды колледжі» МКҚК олар осы мекемелерде іс-жүргізу және мұрағат ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді.
Олар: «Облыстық жоғарғы спортттық шеберлік мектебі» МКҚК, «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Батыс Қазақстан облысы филиалының ұсынылған тізімдемесіне сараптау-тексеру комиссиясының келісімін алынды.
Сонымен қатар «Қазақстан Халық Банкі» АҚ Батыс Қазақстан облысының филиалы, «Дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық қазақ мектеп-интернат кешені» КММ және «Орал «Севис» технологиялық колледжі» МКҚК мекемелері сараптау комиссиясыжәне ведомстволық мұрағаты туралы ережелеріне келсім берді.
Келесі СТК –ның отырысы үстіміздегі жылдың 30 шілде күні өтеді.