Савгабаева Айжан Нургалиевна

Батыс Қазақстан облысы мемлекетік архивінің директоры

Архив туралы

       Орал өңіріндегі мемлекеттік архив қорының қалыптасу үрдісі  азамат соғысының салдарынан пайда болған күрделі кезеңдерден өткен болатын. 1917 жылдың қазанына дейін өлкенің тарихымен байланысты құжаттардың басым бөлігі  Мәскеу, Орынбор, Алматы, Астрахань, Петербор сияқты қалалардың ведомстволық архивтерінде жинақталып сақталды. Көптеген көлемдегі құжаттардың өртелуі, жоғалуы және ұрлануы орын алған болатын.

         1918 жылдың 1 маусымында В.И. Ленин қол қойған  «Архив ісінің қайта ұйымдастырылуы және орталықтандырылуы туралы»  РКФСР Халықтық кеңес комитетінің декретін орындау мақсатында жергілікті органдар төңкеріске дейінгі кезеңдегі құжаттарды іздеп табу, топтастыру, оларды бірыңғай тәртіпке келтіру жұмыстарын қолға алды. Сөйтіп, XX ғасырдың 1920-жылдарынан бастап архив саласының құрылуы басталады. 

     Орал губерниялық атқару комитетінің Президиумы 1923 жылдың 15 мамырында өз бөлімі құқығындағы жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын губерниялық архив бюросын ұйымдастыру жөнінде  шешім қабылдайды. Облыстық архив қорының реестрі Орал губерниялық статистикалық бюросының қорынан бастап ашылады, алғашқы түсілімі 15 сақталу бірлігін құраған болатын. Сондай-ақ жергілікті денсаулық сақтау губерниялық бөлімі, губерниялық атқару комитеті, губерниялық азық-түлік комитеті т.с.с. құжаттарды тапсырды. 1924 жылдың аяғына қарай архивта 53 қор, шамамен 15270 сақталу бірлігі болды. 1925 жылғы 24 қыркүйектегі Президиум отырысында 24.09.1925ж. Орал атқару комитетінде архивші лауазымының штаттық бірлігін енгізу жөнінде шешім қабылданды.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel