«АСТАНА—ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ»

 «АСТАНА—ҚАЗАҚСТАННЫҢ САЯСИ ЕРІК-ЖІГЕРІНІҢ НЫШАНЫ»
Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.
Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. 1998 жылғы 6 мамырдағы Президенттің Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті.
Қаланың әкімшілік маңызы – Қазақстан Республикасының астанасы. Қала Сарыарқаның солтүстігінде, Есіл өзенінің оң жағалауында орналасқан. Тарихи тұрғыдан Азия мен Еуропаны байланыстырушы орталық болып саналады.
Бүгінгі күні Астана - автокөлік, теміржол және әуе жолдарының басты артерийлерін байланыстырушы ірі көлік торабы, жедел қарқынмен дамып жатқан заманауи қала.
Сәулет өнеріне  келсек, еуропалық және шығыстық үлгілердің жағымды дәстүрлері байқалады. Айналдырған бірнеше жылдың ішінде қаланың халқы үш есеге артты.  Аз уақытта қаланың бет-бейнесі де айтарлықтай өзгерді.
Қаланың архитектуралық бейнесін қалыптастырар сәтте Нұрсұлтан Назарбаевтың оған еуразиялық рең беру қажет деген ұсынысы ескерілді.
Астананың өркендеуіне Батыс Қазақстан облысының да қосқан үлесі зор. Себебі, Астананың асқақтығы – мемлекетіміздің мерейі. Астана – тәуелсіз Қазақстанның мемлекет болып қалыптасқандығының көрінісі. Қазақстан астанасының көшуі республикадағы этникалық ахуалды нығайтуға және біздің елдің халықаралық  ынтымақтастықтың белсенді мүшесі болуға бағытталған. 
Көрме ұйымдастырушысы:
-         БҚО-ның мемлекеттік мұрағаты (құжаттар және фотоқұжаттар);
Көрменің мақсаты: Астана қаласыныңөркендеуінеБатыс Қазақстан облысының қосқан үлесін айту, «Мәңгілік ел» ұранына сәйкес қазақстандық патриотизмді дамыту, Астананың көп этносты және көп конфессиялы қоғамды біріктіруші күш екенін көрсету.
Міндеті:
1.ҚР Президентінің мұрағаты, Батыс Қазақстан облысының мұрағатының сақтауында тұрған тарихи  маңызды материалдар мен құжаттарды жүйелендіру.
Көрме келесі бөлімнен тұрады
1. «Астана-Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нысаны»
Тәуелсіздік алған жылдар ішінде Елбасы талай рет республикамыздың батыстағы қақпасы – Батыс Қазақстан облысына іссапарлармен келіп, Жайық жұртшылығымен жүздесіп, тыныс тіршілігімен танысты. Бірқатар кәсіпорындардың жұмыс барысын көріп, өңір экономикасының аяқ алысын байқады.
Егеменді ел атанғаннан кейін қолға алынған келелі істердің бірі – шағын және орта бизнесті дамыту ісі болды. Елбасы азық–түлік қауіпсіздігін сақтау ісінде де облыста тындырылған істер мен жасалған жобаларға қатысуы «Асан» агрофермасын аралап, оң баға берген сәтін көруге болады. («Асан» агрофермасы). (БҚОМ қорындағы  Н.Назарбаевтың Ақжайық өңіріндегі фотосуреті).
Бірегей Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орны базасында «Қазақгаз» мемл. холдинг компаниясы ұйымдастырылды. Норвегия, Жапония және басқа шет елдерге өнімін экспортқа шығаратын мия өңдеу зауыты «Қазақлакрица» жаңа өндіріс корпусына көшірілді. Облыс аумағында өнеркәсіптің түрлі саласын қамтитын жүзге жуық кәсіпорын бар. Облыс орталығының өнеркәсіп кәсіпорындары 30 шет елге өз өнімдерін өткізеді. 2000 жылғы 5 сәуірде Қарашығанақ мұнай-газ конденсаты кен орнының Қазақстандағы өкілі Дэвид Д.Скилз бен Батыс Қазақстан облысының әкімі Қ.К.Жакыповқа арасында Қарашығанақта қазақстандық тауарлар мен қызметтерді арттыру бойынша келісімге келеді. (БҚО ММ мұрағаттық құжаттар).
Ақжайық өңірі – барлық жерлердегідей нарықтың тар жол тайғақ кешуінен аман – есен өтіп, бүгінде шаруасын түгендеп, өндірісін өрге сүйреп, құрылысын көріктендіріп, газы мен мұнайын ел игілігіне жаратып, еліміздің іргесін бекіте түсуге өзіндік үлес қосып жатқан әлеуетті аймақ. Өскелең ұрпағы  ғасырлар қойнауынан бастау алатын тарихын жетік білуге тырысқан өлкенің келешегі жарқын. 1998 жылды Елбасы «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» деп жариялап, елді бірлікке шақырды. (БҚО ММ мұрағаттық құжаттар).
Облыс атауының ауысуы туралы ҚР Президентінің Жарлығы (1992 ж), облысымыздың білім, денсаулық, мәдени-әлеуметтік, ауыл шаруашылық, ірі кәсіпорындар, мұнай-газ саласы, ұлттық орталықтардың жетістіктерін бейнелейтін құжаттар мен экспонаттар.
Қазастан халқы кіші Ассамблеясының Ақжайық өңірінде ұлтаралық келісімді сақтап, саяси тұрақтылықты нығайтуда қосқан үлесі ұшан-теңіз.Халықтар достығын нығайту мақсатында іс-шаралар жасалды. Кіші Ассамблеяның рөлін арттыру үшін әртүрлі тақырыпта конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар өткізілді. (БҚО ММ мұрағаттық құжаттар).
Стратегиялық жоспарды жасау барысында 1992-1997 жылдар аралығындағы ауыл шаруашылығы, шағын-орта бизнес, пайдалы қазбаларды өндіру, жол, халық саны, теміржол, әуе, байланыс, су, өнеркәсіптің  даму көрсеткішіне  талдау жасалып, сол талдаулардың негізіне сәйкес  БҚО-ның екі жылдық даму стратегиясы жазылған. Екі жылдық стратегиялық жоспарда  тұралап қалған кәсіпорындарға дағдарыстан шығу үшін инвестицялау, шағын орта бизнесті дамыту,  ауылшаруашылығын дамыту және облыс аумағын жергілікті өніммен қамтамассыз ету, әлеуметтік көмек, көлік жолдарын дамыту, байланыс, тұрғын үй мәселерін, ең басты өңірде  жұмысссыздықты азайту бағытында жазылған. (БҚО ММ мұрағаттық құжаттар).
Халық депутаттарының Орал облыстық Советінің атқару комитетінің «Қазақ КСР-і Президентінің 1991 жылдың 15 наурызындағы «Наурыз» халықтық мейрамы туралы» Жарлығының орындалуы жөнінде ақпараты.
Орал облысының халық шаруашылығына шет елдік несие тарту үшін ұсыныстар тізімі.
Қазақ ССР Президентінің 1991 жылдың 29 тамызындағы «Семей ядролық сынақ полигонын жабу туралы» № 409 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылдың 12 қарашасындағы «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» № 1399 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 3 шілдесіндегі «Алматы қаласында Тәуелсіздік ескерткішін орнату туралы» № 2355 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 6 қыркүйегіндегі «Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы» № 2454 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылдың 26 желтоқсанындағы Конституциялық Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Президенті туралы» № 2733 Жарлығы.
Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылдың 6 мамырындағы «Қазақстан Республикасының астанасы – Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы – Астана қаласы деп қайта атау туралы» № 3941 Жарлығы. 
Слайд1
 
Слайд2
 
Слайд3
 
Слайд4
 
Слайд5
 
Слайд6
 
Слайд7
 
Слайд8
 
Слайд9
 
Слайд10
 
Слайд11
 
Слайд12
 
Слайд14
 
Слайд15
 
Слайд16
 
Слайд17
 
Слайд18
 
Слайд19
 
Слайд20
 
Слайд21
 
Слайд22
 
Слайд23
 
Слайд24

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel