Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы
2019 жылдың 31-ші мамыр күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша: Қазталов ауданының №2 аудандық сотының құжаттары келісілді.
Сонымен қатар, 5 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 30 сәуірде өтеді.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі