БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының БҚО мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

2019 жылдың 30-шы желтоқсан күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
         Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
          Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме  басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
       Одан әрі комиссия өз жұмысында БҚО мемлекеттік архиві Жалпақтал филиалының ұсынған құжаттарын қарады. Ол, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша: Орал көлік прокуратурасы (2017-2018жж), Сырым аудандық соты (1992-2013жж), «А.Н.Островский атындағы драма театры» МКҚК (2017-2018жж), «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» МКК (2008-2015жж), Орал қаржы- экономикалық колледжі (2014-2018 жж) келісілді.
        Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: «АТиСО» академиялық колледжі, «Орал қаласының білім беру бөлімі» ММ, «Облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы» ШЖҚ, «Орал политехникалық колледжі» МКҚК, «Аймақтық психологиялық- медициналық- педагогикалық кеңес беру» КММ, «Жоғары аграрлық- техникалық колледжі» МКҚК, «Сервис және жаңа технологиялар колледжі» МКҚК, Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппараты ММ, «Облыстық перинаталдық орталығы» МКК,  «Сәулет құрылыс бақылауы басқармасы» ММ, БҚО «Жер қатынастар басқармасы» ММ, «Талдықұдық ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ, БҚО кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты, «Орал қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ, БҚО прокуратурасы, БҚО Сырым ауданы «Шолақаңқаты ауылдық округ әкімі аппараты» ММ, «Елтай ауылдық округ әкімі аппараты» ММ, «Жосалы ауылдық округ әкімі аппараты» ММ, «БҚО әкімдігі мәдениет басқармасының облыстық халық шығармашылығы орталығы» МКҚК, МЕББМ «Халықаралық Цифрлық Технологиялар, Сәулет және Құқық колледжі», «Жастар мәдениет үйі» МКҚК, «Облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы» КММ, «Орал қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ, «Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы» МКҚК, БҚО «орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы» РММ, «Орал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі» КММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығы» КММ, Облыстық зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана, «Көшім арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, «БҚО тарихи- өлкетану музейі» МКҚК, «БҚО Статистика департаменті» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің зинеткерлермен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» КММ істер номенклатуралары келісілді.
        Сонымен қатар, 6 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық  архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
        Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 31 қаңтарда өтеді.
         
 Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel