Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы
2023 жылдың 31-ші тамыз күні БҚО мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының архив ісі бөлімінің басшысы Л.Туремуратова төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көзіндегі мекемелер қатысты.Атап айтқанда, «Өмірлік қиын жағдайда қалған адамдарды қайта әлеуметтендіруге арналған дағдарыс» КММ, «Микрография ғылыми-зерттеу институты» РММ, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей интернаты» КММ-нің архивке жауапты маман өкілдері баяндама жасады. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы, сақталуы және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар: ғылыми-техникалық өңдеу бойынша: Батыс Қазақстан облыстық соты (2016ж) құжаттары бекітілді.
Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: «ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаменті» РММ істер номенклатурасы келісілді.
Сонымен қатар, «Батыс Қазақстан облысы бойынша тексеру комиссиясы» ММ сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК-ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2023 жылдың 31 қыркүйегінде өтеді.