«Сөнбес сәулелі жұлдыздар»

«Мұрағат құжаттарының беттері сөйлейді...
Ұлы Отан соғысында ерлікпен шайқасқан
 майдангерлерге арнаймыз»

1942 жылдың желтоқсан айында Мәскеу қаласында мергендік оқу жүйесі құрылды. ЛКСМ Орталық комитетінің бастамасымен 1943 жылы 21 мамырда оқыту жүйесі негізінде мергендерді даярлайтын Орталық Әйелдер Мектебі ұйымдастырылған болатын. Мергендер мектебінің бірінші басшысы Нора Павловна Чегодаева болған болса, оны 1944 жылы қаңтарда подполковник Николай Николаевич Кольчак ауыстырды. Мектептің жаңа басшысы оқытудың жеңіл түріне қарсылық білдіріп, мергендердің тактикалық дайындығын жақсарту мақсатында Н.Н. Кольчак «Заповеди снайпера» жаднамасын өзі дайындаған болатын.

1

Мергендер мектебінде Роза Сергеевна Пискунова, Мария Васильевна Кожахметова, Ольга Петровна Гукнина, Лидия Лещева және тағыда басқа біздің жерлес-қыздар оқыды. Барлығынан 30 адамға жуығы Орал өңірінен болды. Мерген қыздар мектепті бітіргеннен кейін ҰОС майданында ерлікпен шайқасты. Әлия Молдағұлова мен Татьяна Барамзина екеуі Кеңес Одағының батыры атағын алды.
Соғыстан барлық қыздар үйлеріне оралмады, бірақ тірі қалғандар өздерінің жауынгер құрбыларын мәңгілік естерінде сақтайтындары анық. 
Орталық мерген әйелдер мектебінің бұрынғы мектеп бітіруші түлектері дәстүрлі кездесуге жиналып тұратын. Осындай кездесулердің бірі 1991 жылдың мамыр айында Орал қаласында болып өтті. Кездесуге көптеген қала өңірлерінен мектеп бітіруші түлектер келді. Оларды қала тұрғындары жылы шыраймен салтанатты түрде қарсы алған болатын.
Батыл әйелдерге көптеген кітаптар арналды. Кітаптар әртүрлі уақытта және әртүрлі баспалардан шығып тұрды. Бұлар – К.Лапинның «Девушки с винтовкой», «Подснежник на бруствере», Е.Никифорованың және Г.Евстигнеевтің «Снайперы» атты жинағы, В.Медведевтің «Чтобы ветер в лицо», В.Чувилкиннің «Девушки в шинелях» және тағы да басқалары.
Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында «Орталық мерген әйелдер мектебі түлектерінің» жеке тектік құжаттарының жинақтамасы кездеседі. Атап өтетін болсақ, Н.Н. Кольчактың «Заповеди снайпера» жаднамасы, майдангер құрбылар Т.Н. Барамзина мен Р.С. Пискунова туралы жазылған өмірбаян, Лещева Лидия Николаевнаның мергендік кітапшасы, грамотасы, фотосуреттері, В.Медведевтің «Чтобы ветер в лицо», В.Чувилкиннің «Девушки в шинелях» кітаптары және мерген қыздар туралы жазылған мақалалар, сонымен қатар 1943 жылғы Казталов аудандық әскери комиссариатының мергендердің дайындық бағдарламасы бойынша бітірген әскери-қыздардың тізімі мұрағат қоймасында сақталған
.2
 
3

Отанымыз үшін от кешкен қадірлі қарияларымыздың қатары уақыт өткен сайын азайып бара жатқаны өкінішті. Сұрапыл да жойқын соғыста Отанға, келешек ұрпаққа Жеңіс сыйлаған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.

  

         ҒАА және ҚП бөлімінің
археограф маманы
Батыргалиева С.Б.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel