Біздің ұлы ұстаз – ардагерлеріміз!

Ұстаздар күніне орай!
 
 «Біздің ұлы ұстаз – ардагерлеріміз!»
 Ұстаз болу – жүректің батырлығы
 Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,
 Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,
 Азбайтұғын адамның алтындығы.
        
Жалғанда ұстаз көрмеген, я мұғалімнің алдында оқушы болмаған тұлға кемде-кем шығар. Ал осынау мамандықтың ыстығына күйіп, суығына тоңып жүрген абзал жандарға деген алғыс-ризашылығымыз шексіз. Ұстаз – келер күннің ұстасы. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ұлағатты ой иелері де, арман оты жүрегінде алаулаған жеткіншектер де, парасатты қоғам қайраткерлері де бір адамға қарыздар. Ол – Ұстаз! Өз ісіне берілген, шәкіртінің жанына нұр құйып, өмірге өзі де бақытты болып, өзгелерді де бақытқа жеткізсем деп жүретін ұстаздардың жөні де, жолы да бөлек.
Мектепті өздерінің екінші үйіндей көріп, ал шәкірттерін өз баласындай тәрбиелеп, білім нәрімен сусындатып, бүгінгі таңда шәкірттері еліміздің дамуына үлкен үлесін қосып жүрген жандар.
БҚО мемлекеттік мұрағаты Сырым филиалында ардагер-ұстаздарымыздың жеке тектік құжаттары сақтауда тұр. Олар:
-Федянин Борис Николаевич;
-Ташаев Мақсот;
-Ташаева Надежда Николаевна;
-Хабиева Кама Хабиқызы;
-Федянин Ким Николаевич;
-Қадыров Марат Сақыпұлы.
 
    Федянин Борис Николаевич - 49 жыл бойы шәкірттеріне үздіксіз тәлім тәрбие берген, Федяниндер отбасынан шыққан ұлағатты ұстаз, орыс тілі мен әдебиеті , тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып қана қоймай, сонымен қатар партия жұмыстарында қатар алып жүрді және аудандағы қоғамдық негізде құрылған өлкетану мұражайының негізін салушы, әрі алғашқы директоры болды.
 Қызмет жасаған уақытында 2 рет «Ерен еңбегі үшін» медалімен, 1965 ж «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен марапатталған.
 
Ерлі-зайыпты Ташаев Мақсот пен Ташаева Надежда Николаевна жастар тәрбиесіне өзіндік үлесін, мол тәжірибесін қосты.
Ташаев Мақсот аудан мектептерінде (Бұлдырты, Жымпиты) директор, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарды. Дүниеден өткенше КПСС ХХІІ съезі атындағы орта мектепте директор қызметін атқарды. Осы мектепті ірілендіріп, 9 жылдықтан 10 жылдыққа айналдыруға, қосымша спортзал, оқу корпусы, интернат үйі және мектептің материалдық-техникалық базасын көтеруге көптеген игі жұмыстар атқарды. М.Ташаев жемісті еңбегі үшін бірнеше медальдармен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, мақтау және құрмет грамоталарымен марапатталған.
М.Ташаевтың еңбек жолы, қоғамдық-педагогикалық қызметі, азаматтық тұлғасы кейінгі жастарға үлгі.
 
Зайыбы Надежда Николаевна тәлімгер ұстаз, еңбек ардагері, облыс көлеміне белгілі Федяниндер ұстаздар әулетінің жолын жалғастырушы.
Үздіксіз 40 жыл бойы аудан мектептерінде ұстаздық қызмет атқарып, шәкірттерге жан-жақты тәлім-тәрбие беріп, ата-ана, жұртшылық сүйіспеншілігі мен қызметіне бөленген тәлімгер ұстаз. Надежда Николайқызы химия-биология пәнінен дәріс беріп қоймай, туысқан халықтар достығының бірлігін ұғындыра білген жан.
 Шығармашылық ұстаздық еңбегі үшін  бірнеше медальдармен, «Қазақ ССР халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және мақтау, құрмет грамоталарымен марапатталған.
 
Ұстаздық қызметімен қатар шығармашылықты қоса алып жүрген Кама Хабиқызының бүгінде бірнеше өлең кітаптары жарық көрді.Көп жылғы педагогикалық іс тәжірибесі негізінде «Қазақ тілін үйренейік, балақай» атты танымдық-дидактикалық әліппеге қосымша көрнекі құрал, 10 көлемдегі сандарға «Сандардың сыңғырлы сырына үңілсек» атты өлеңмен жазылған әдістемелік көрнекілік құрал даярлады.
Кама Хабиқызы 37 жыл өмірін шәкірт тәбиелеуге арнады.Зейнеткерлікке шықса да шығармашылықтан қол үзіп қалмады.
 
Федянин Ким Николаевич– еңбек ардагері, халық ағарту ісінің үздігі, жаңашыл ұстаз. Еңбек жолын өзінің білім алған Жымпиты орта мектебінен 1963 жылы бастап 2004 жылдың қыркүйек айына дейін 41 жыл үздіксіз жемісті еңбек жасап, зейнеткерлікке шықты. 10 жыл бойы Жымпиты орта мектебінің директоры болды.
1984 жылы Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі, белгісімен марапатталды.
Облыстық педагогикалық оқуларға бірнеше рет қатысып, жасаған баяндамалары әрдайым марапатқа ие болды.
Жаңашыл ұстаз СССР, Қазақстан Республикасы білім министрлігінің, бірнеше рет облыстық, аудандық қоғамдық ұйымдардың құрмет грамоталарымен мадақталған. Жоғарғы санатты ұстаз. Ким Николаевич республика, облыс көлеміне танымал шәкірттер тәрбиелеп шығарды, соның ішінен ғылыми атақ алған К.Молдашев, К.Өтеулин, Г.Г.Граф, Ю.Соколов, А.Беляев т.б.
 
Жергілікті басшы, Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі, Сырым ауданының құрметті азаматы Қадыров Марат Сақыпұлының ұстаздық еңбек жолын 1962 жылы Тайпақ ауданының «Қазақстанның 40 жылдығы» атындағы мектепте мектеп директорының өндірістік оқу жөніндегі орынбасары қызметінен бастады. Кейін Жымпиты орта мектебінде физика пәнінің мұғалімі, мектеп директорының өндірістік оқу-тәрбие жұмысының орынбасары болып еңбек етті. Осы кезеңде ауданда алғашқылардың бірі болып оқушыларды баскетбол, қол добы, стол теннисі сияқты спорт түрлеріне баулыды.Тәрбиеленген шәкірттері аудан намысын облыстық, республикалық ойындарда қорғады.
 Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі болып қызмет атқарған 1984-1993 жылдары шәкірттерді оқыту мен тәрбиелеудегі тың ізденістердің нәтижесі ұстаздардың сапалық құрамының артуы мен мектептердің  материалдық базасын нығайтты.
Марат Сақыпұлы саяси-қоғамдық жұмыстардан да шет қалмады.
Қызмет атқарған жылдарында «Еңбектегі ерлігі үшін», «Қазақ ССР-і халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен, 2001 жылы Қазақстан тәуелсіздігіне 10 жыл медальдарымен марапатталған.
 
Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбектерін ескеріп, үнемі ардақтап жүру - біздің борышымыз.
... Қалдырған ізің мәңгілік,
Жадымда тұрар жаңғырып,- деп өлең жолдарында жазылғандай ұлы ұстаздардың жүріп өткен дана жолы әрдайым құрметке лайық!
№157,№160,№163,№164,№170,№171 жеке тектік қорлардан, қолтаңбалардан, тарихи анықтамаларынан алынған деректер.
БҚО Мемлекеттік мұрағатының Сырым филиалы
Орындағандар: Р.Галиаскаров
                           Б.Джангужиева
 
 
Федянин Борис Николаевич ұстаз шәкірттерінің ортасында
1. Федянин Борис Николаевич стаз ш крттерн ортасында Федянин Борис Николаевич в кругу учителей и учеников
Қор-160,тізімдеме-1, іс-1, парақ-4
Түпнұсқа, 01.01.1957 ж.

Ташаев Мақсоттың  жаңа оқулықтармен танысу сәті

2. Ташаев Ма сотты жа а о улы тармен танысу с т Ташаев Максот знакомиться с новыми учебниками
Қор-170, тізімдеме-1, іс-1, парақ-5
Түпнұсқа, 07.08.1975 ж.

Ташаева Надежда Николаевна жаңа жылдық шыршада
3. Ташаева Надежда Николаевна жа а жылды шыршада Ташаева Надежда Николаевна на новогодней елке
Қор-171, тізімдеме-1, іс-1, парақ-4
Түпнұсқа, 30.12.1975 ж.

Хабиева Кама Хабиқызының жеке суреті

4. Хабиева Кама Хаби ызыны жеке сурет Личное фото Хабиева Камы Хабиевны
Қор-157, тізімдеме-1, іс-1, парақ-3
Түпнұсқа, 01.01.1980 ж.

Федянин Ким Николаевич мектеп бітіруші түлектерімен бірге
5. Федянин Ким Николаевич мектеп бтруш т лектермен брге Федянин Ким Николаевич вместе с выпускниками школы
Қор-164, тізімдеме-1, іс-1, парақ-6
Түпнұсқа, 25.05.1974 ж.

Қадыров Марат Сақыпұлы аудандағы соғыс ардагерлерімен жаңа жылды қарсы алуы
6 
Қор-163, тізімдеме-1, іс-1, парақ-5
Түпнұсқа, 31.12.1999 ж.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel