Әдістемелік көмек көрсетілуде (28.08.2015)
БҚО облысы мемлекеттік мұрағатының ведомстволық мұрағаттармен жұмыс бөлімінің жоспарына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық прокуратурасы, облыстық көлік прокуратурасы, «ҚР Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология Комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті» РММ, «БЖСМ-Мұз Айдыны Спорт сарайы» МКҚК сияқты мекемелердің өкілдеріне құжаттарды ғылыми-техникалық өндеу жөнінде, тізімдемелерді, сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актілерді, істер номенклатурасын құрастыру бойынша практикалық және әдістемелік көмек көрсетілді.
Атқарылған істердің нәтижесінде жоғарыда аталған ұйымдардың материалдары мен құжаттары келісім үшін кезекті облыстық сараптау-тексеру комиссиясының қарауына жолданды.