1941-1945 жж ҰОС-дағы Жеңіс туралы баяндайтын құжаттардың іріктелімі электрондық көшірмелермен толықтырылды (02.09.2015)

Мұрағаттың сайтында 1941-1945 жылдардағы ҰОС туралы баяндайтын мұрағаттық құжаттар топтаасы жарияланған болатын және осы 713 құжаттардың ішінде 170 құжаттың электронды көшірмелері сайтқа орналастырылды.

Бүгін құжат топтамасының 582-587 тармақтары Сырым филиалы құжаттарының электронды көшірмелерімен толықтырылды.

Құжаттарда Жымпиты аудандық мал дайындау пункті мекемесі бойынша 1942 жылы әскер қатарына аттанған жұмысшылар, Сулыкөл ауыл советіне қарасты “Сталин-жолы” колхозының 1941-1945 жылдардағы үздік еңбек еткен колхозшылар, колхоздардың Қызыл Армияның астық қорына 1943 жылғы өнімнен астық тапсыруларына міндеттемелері, 1943 жылғы көктем егісінде ойдағыдай жұмыс жасап, өзіне берілген жұмыстарды орындап жүрген колхозшылар, “Жігерлен” колхозының 1943-1944 жылы зябь айдау жұмыстарына қатысқан және 1943 жылы көктемгі егіс науханына  қатысқан колхозшылар туралы мәліметтер келтірілген.

Толығырақ сайттың горизонталды мәзіріндегі"Анықтамалықтар - Көрсеткіштер"немесе вертикалды мәзірдегі "1941-1945 жж ҰОС-дағы Жеңісіне орай"бөлімдерінен көруге болады.

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel