Кеңес Одағының Батыры Алексей Аврамович Стрижаченконың туғанына 105 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі(30.05.2016)
Кеңес Одағының Батыры, Киев облысы, Белозерие ауылы, Смелянский ауданының тумасы Алексей Абрамович Стрижаченконың туғанына 105 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Алексей Абрамович Стрижаченко1911 жылы Киев облысы, Белозерные ауылы, Смелянский ауданында қарапайым жұмысшының отбасында дүниеге келді. Алексей 7 жаста болғанда әкесі қайтыс болады. Анасы алты баламен жесір болып қалады
Алексейдің анасы Просковья Ивановна 1928 жылы ВКП /б/ кандидаттар қатарына қосылды және кулактардың мүлкін тәркілеуге белсенді қатысты.
Кеңес билігі орнаған күннен бастап ол Кеңес Үкіметінде қызмет атқарады. 1929 жылы ол Украинадан Орал қаласына көшіп келеді.
Алексейдің үлкен ағасы Иван Абрамович қазіргі кезде Жамбыл облысының ІІХК АБ бастығы болып қызмет атқарады, үш ағасы Отан соғысы майданында және қазіргі кезде ЖШҚӘ қатарында.
Алексейдің өзіне жолды өзі ашты, оқып, жұмыс жасады және отбасына көмектесіп, партиялық-комсомолдық жұмыстарға белсенді түрде қатысты. 7 жылдық білімі бар. Сталинградты қорғағаны үшін медаль иеленген.
Бастауыш мектептің 5 сыныбын бітірген соң, Бобринская ст. қазіргі Шевченко атындағы жұмысшы жастардың мектебіне оқуға түсіп, оны 1928 жылы бітірді және 1930 жылға дейін құюшы болып жұмыс жасады. Денсаулығының әлсіздігіне байланысты оны ауыл шаруашылығына жұмысқа жібереді. 1930 жылғы 11 мамырда ол Орал қаласына іссапарға жіберілді және «Новая жизнь» ұжымшарының есепшісі болып қызмет атқарды. 1933 жылы әсерге шақырылып, 11-Морозов дивизиясының 46-кавалерия полкінде қызмет етті. 1935 жылы әскери қызметтен оралған соң 1936 жылға дейін «Новая жизнь» ұжымшары төрағасының орынбасары болып қызмет атқарды. 1937 жылдан бастап 1938 жыл аралығында осы ұжымшардың төрағасы болды. Партияның Теректі аудандық комитетінің шешімі бойынша Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Подстепное ауылында Ауылдық тұтыну қоғамының төрағасының лауазымына жіберілді. 1940 жылғы желтоқсан айында оны Алматы қаласының сауда-кооперативтік мектебіне оқуға іссапарға жібереді. Мектепті аяқтаған соң 1941 жылы тамызда оны Бөрлі аудандық тұтынушылар одағының сауда бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындайды, ол жерде 20 қазанға дейін қызмет атқарып, Қызыл Әскерге шақырылады. Ташкент кавалерия мектебін бітірген соң 246-кавалерия полкінде 99-кавалерия дивизиясында взвод командиры болып қызмет атқарады. Тамыз айында 333-атқыштар дивизиясында 1118-атқыштар полкінде ПТР ротасының командиры, атқыштар батальонының командиры және атқыштар полкінің командиры болып қызмет атқарады, 1943 жылғы қазан айында Мәскеудегі Фрунзе атындағы Академияның тыңдаушысы болып жіберіледі, онда 1944 жылғы тамыз айына дейін оқиды. ҚХК КББ оны 2-Балқан жағасы майданына әскери бөлім бойынша полк командирының орынбасары лауазымы қызметіне жібереді және қазіргі кезде мгинский Қызыл ту 268-атқыштар дивизиясының 947-атқыштар полкінде қызметтен өтуде. 1942 жылдан бастап ВКП/б/ мүшесі, сотталмаған. Отан соғысы кезінде екі рет жеңіл жараланған және бір рет зақымданған. Кеңес Одағының Батыры атағының берілуімен Ленин, Золотая Звезда ордендерімен, Красная Знамя орденімен, 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен және «Сталинградты қорғағаны үшін» медалімен марапатталған.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағаты» КММ-дегі №П-39 «Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитеті» қорындағы Алексей Стрижаченконың жеке ісіндегі құжаттар пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Кеңес Одағының Батыры, Киев облысы, Белозерие селосы, Смелянский ауданының тумасы Алексей Абрамович Стрижаченконың туғанына 105 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Стрижаченко А.А. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер
2. Жауынгерлік ерлігі
3. Марапаттау
4. Мақалалар