Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры Александр Остапович Борисюктің туғанына 95 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі(03.05.2017)
Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры, Тула облысы, Бебель қаласының тумасы Александр Остапович Борисюктің туғанына 95 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Борисюк Александр Остапович 1922 жылы 9 қыркүйекте Тула облысы, Бебель қаласында кедей шаруа Остап Фомич Борисюктің отбасында дүниеге келген.
Өмірге келген жерінде ол 1945 жылға дейін тұрып, кейін Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Серебряков ауылына көшті. Александр 1940 жылы Серебряков ауылындағы Орта мектептің 9 класын бітірді. 1940 жылы 17 қазан күні ол Қызыл Әскер қатарына алынып, ұрыста қаза тапқанға дейін, яғни 1945 жылғы 26 сәуірге дейін әскер қатарында болды.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №39 қорындағы Александр Борисюктің жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры, Тула облысы, Бебель қаласының тумасы Александр Остапович Борисюктің туғанына 95 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Борисюк А. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер