Кіші лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауылының тумасы Дмитрий Иванович Панфиловтың туғанына 105 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі(14.08.2017)

Кіші лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауылының тумасы Дмитрий Иванович Панфиловтың туғанына 105 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
          Дмитрий Иванович Панфилов 1913 жылғы 15 қазанда Бөрлі ауылында дүниеге келді (қазіргі – Бөрлі ауданы, Батыс Қазақстан облысы). 7 сыныпты бітірген соң Джалал-Абадта жұмыс жасады. 1935-1937 жылдары жұмысшы-шаруа Қызыл Әскер қатарында болды. 1941 жылдың маусым айында Панфилов әскерге қайта шақырылды. Сол жылдың шілде айынан бастап Ұлы Отан соғысының майдандарында болды. 1944 жылы Панфилов танк училищесін бітірді.
            1944 жылдың тамызына дейін кіші лейтенантДмитрий Панфилов 2-ші Украина майданының 18-ші танк корпусының 170-ші танк бригадасының взводын басқарды. Ясско-Кишинев операциясы кезінде көзге түсті. 1944 жылғы 21 тамызда Панфиловтың взводы барлауда болған кезде Румыния жаяу әскер дивизиясының шегіну жолдарын кесіп өтіп, көп шығынға ұшыратты. 1944 жылғы 25 тамызда Румынияның  Строешти атты елді-мекені үшін ұрыста Панфилов қоршауда қалып, бір тәулік бойы қарсыластың күшімен соғысып, 3 артиллерия қаруын, 5 БТР, 2 автокөлік, 80 астам жаудың сарбаздары мен офицерлерін жойды.
            КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарғысымен «Ясско-Кишинев операциясында көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін» лейтенант Дмитрий Панфилов Ленин орденін және «Золотая Звезда» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағын иемденді.
            Мәскеуде Қызыл алаңда 1945 жылғы 24 маусымда Жеңіс Парадына қатысты. 1946 жылы лейтенант атағымен Панфилов запасқа кетті. Алдымен Джалал-Абадта, сосын Ферғанада тұрып, жұмыс жасады. 1985 жылғы 10 желтоқсанда қайтыс болды, Ферғанада жерленді.
            Сонымен қатар, Қызыл Ту, Отан Соғысының 1-ші және 2-ші дәрежелі ордендерімен, бірқатар медальдармен марапатталды.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №39 қорындағы Дмитрий Панфиловтың  жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Кіші лейтенант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Бөрлі ауылының тумасы Дмитрий Иванович Панфиловтыңтуғанына 105 жыл толуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Панфилов Д. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
     Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel