Қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Лубянка ауылының тумасы Тихоненко Андрей Яковлевичтың туғанына 105 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі(14.12.2017)

 Қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Лубянка  ауылының тумасы Тихоненко Андрей Яковлевичтың  туғанына 105 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
            Тихоненко Андрей Яковлевич 1912 жылы, Батыс Қазақстан облысының Шыңғырлау ауданы Лубянка ауылында кедей шаруаның отбасында дүниеге келді. 1920 жылы оның анасы іш сүзегінен қайтыс болып, ол әкесі, үлкен ағасы және апаларымен қалды. 1922 жылы оның әкесі тұмаудан қайтыс болып, ол жетім қалды. 
            Үлкен ағасы Иосиф Яковлевич оны өз тәрбиесіне алып, оның үйінде 1930 жылға дейін тұрды, содан соң қарындасы Ольга Яковлевнаға көшіп, 1935 жылға дейін сол үйде тұрды. 
            1935 жылы үйленіп, бірінші зайыбымен 4 ай бірге тұрып, одан соң ажырасып, 1936 жылы екінші рет Пелагея Даниловнаға үйленіп, екі балалы болды. 1930 жылы Андрей колхозға еніп, ол жерде 1935 жылға дейін жұмыс жасады. Біраздан соң МТС жанынан тракторшылар курстары ұйымдастырылып, ол сол курстарды бітіргеннен кейін 1937 жылға дейін тракторшы, трактор бригадасының бригадиры болып жұмыс жасады. Содан кейін трактор курстарының оқытушысы болып және сол уақытта Орал қаласындағы сырттай жүргізуші курстарын жақсы көрсеткіштермен бітірді.
            1940 жылға дейін жүргізуші болып жұмыс жасады, ал 1941 жылы оны қайтадан көктемгі егіс науқанына трактор бригадасының бригадиры қылып тағайындады. 1941 жылғы маусымда Андрей Қызыл Әскерге «Дизель» тракторымен бірге әскерге жіберілді. 1942 жылы Андрей жарақат алуына байланысты Арехово-Зуеве қаласындағы госпитальда жатқандығын хабарлап, ол жерде 1942 жылғы наурыз айына дейін жатты, кейін жазылған соң қайта соғысқа барды. 1942 жылғы 11 мамырда майданнан хат келіп, одан кейін 1943 жылғы наурызға дейін Брянск ормандарында партизандармен бірге болды. Қызыл Әскер бөлімдерімен қосылғаннан кейін ғана үйіне өзінің орыны туралы хабарлады. 
           Екінші рет жарақат алғаннан кейін қайта госпитальда жатып,  жазылғаннан кейін майданға кетіп, ол жерде 1944 жылғы 15 маусымда қаза тапты. 
           1945 жылғы 13 наурызда «Комсомольская правда» газетінде Тихоненко Андрей Яковлевичтің «Золотая Звезда» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры екендігі жарияланды.  
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №39 қорындағы Тихоненко Андрейдің жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Қатардағы жауынгер, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Лубянка ауылының тумасы Тихоненко Андрей Яковлевичтің туғанына 105 жыл толуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз Тихоненко А. өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
     Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
1. Өмірбаяндық мәліметтер
 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel