Зерттаушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары

Зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары архивтің бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады және оқу залында зерттеушілерге қызмет ету мен компьютерлік, ақпараттық технологияларды архив саласына енгізу жөніндегі шаралар кешенін қамтиды.

1. Оқу залы қызметі

Бөлімде 2017 жылы жылдағыдай архивтік ақпаратты пайдаланушылар үшін тиісті деңгейде қызмет жасау жалғасын табады. Зерттеушілердің жұмысын белгіленген ережелердің талаптарына сай ұйымдастыру, архивтік құжаттардың сақтылығын қамту жұмыстары бірінші кезекте атқарылатын болады.

Соның ішінде, бөлімге жаңадан түскен кітап, газет, журналдарды есепке алу, өңдеу, тігу, түптеу және сақтауға тапсыру шаралары да жалғасады.

2. Электрондық мәліметтер қорларымен жұмыс

2.1. "Электрондық архив" электрондық мәліметтер қорымен жұмыс

Бөлімнің негізгі және маңызды қызметтерінің бірі – ақпараттық мәліметтер қорларын жасақтап, жүргізу. 2017 жылы қолданыстағы «Электронный архив» мәліметтер қорын одан әрі толықтыру жұмыстарын жалғастыру көзделген.

Оның ішінде:

1) Жаңадан түскен қорлардың атауын  енгізу – 10 қорларға дейін;

2) Жаңадан түскен тізімдемелерді  енгізу – 20 тізімдемеге дейін;

3) Жаңадан түскен істердің атауын енгізу – 10000 істің атауына дейін;

5) Нотариалдық іс-әрекеттер туралы құжаттардың атауын енгізу – 60000 құжат атауына дейін

Сонымен қатар, енгізілген мәліметтерді тексеру, қорға сілтемелер енгізу, түзеу, түгендеу жұмыстарын жүргізу көзделді.

2.2. Сандау жұмыстары

«Ақпараттық Қазақстан – 2020» бағдарламасын іске асыру мақсатында жаппай сандау жұмыстарын кеңінен бастау жоспарлануда. Егер бұрын сандауға мүмкіндік беретін құралдар болмаған болса, қазіргі таңда 2016 жылы алынған 6 сканерді қолдана отырып, сандау жұмыстарын қарқынды жүргізуге мүмкіндік бар. Сондықтан 2017 жылы сандау жұмыстарын аса құнды құжаттарды сандаудан басталатын болады, арнайы жоспар-кестесі жасалды. Жалпы барлығы 111500 парақ сканерленеді деп жоспарлануда.

Сонымен қатар, жаңадан түскен тарихи анықтамалар мен тізімдемелер де сандалып отырады.

2.3. Электрондық мәліметтер қорларының сақталуын және біртұтастығын қамту шаралары

Мәліметтер қорын толықтырумен қатар енгізілген ақпаратты сақтап қалу жұмыстары қолға алынатын болады. Ақпаратты жойылудан, бұрмалаудан, зақымданудан қорғау үшін күн сайын сақтық көшірмелер жасау, пайдалану туралы сабақтар өткізу жалғастырылатын болады.

Сақтық көшірмелерін жасау үшін арнайы сыртқы қатты диск пайдаланылады және бірнеше компьютерге көшірмелері салынаты болады.

3. Архивтің веб-сайтының жұмысы бойынша

2017 жылы архивтің интернет-ресурсын сүйемелдеу мен көкейтестілеу шараларын жүргізу, веб-сайттың қалыпты жұмыс жасауын қамту, оны оңтайландыру және апта сайын жаңарту жұмыстары жүргізіледі.

Оның ішінде, веб-сайтты жетілдіру шараларын өткізу, материалдармен толықтыру, бөлім қызметі бойынша веб-сайтқа материалдар дайындау және т.б.

4. Архивтің ақпараттық технологиялары мен ұйымдастыру техникаларының жұмысы

2017 жылы архивтің құрылымдық бөлімшелерінің жұмысында есептегіш, көшірмелеу-көбейту техникасы мен локалды есептегіш желісін тиімді пайдалануын жетілдіру, архив қызметкерлерінің есептегіш техникалар мен бағдарламалық құралдарды қолдану деңгейлерін көтеру, желіні басқару, Интернет желісі мен электрондық поштаны тиімді қолдану жұмыстары да қалыпты атқарылатын болады. Жылдағыдай компьютерлік техникаларға түгендеу және жөндеу жұмыстары, тоқсан сайын профилака өткізу жұмыстары, жаңа техникаға сұраныс беру шаралары және қолданыстағы компьютерлер мен қосалқы техникаға техникалық сүйемелдеу жасау көзделген.

5. Архивтің ғылыми-әдістемелік жұмысына қатысу

Негізгі қызметтен басқа зерттеушілермен жұмыс және ақпараттық технологиялар бөлімі архив ісін дамыту бағытындағы мемлекеттік саясатты іске асыруда белсенді түрде өз үлесін қосады.

Архивтің жылдық ғылыми-әдістемелік жоспарына сәйкес бөлімде мақалалар, анықтамалықтар шығару, лекциялар және т.б. өткізу бойынша бірқатар шаралар қарастырылды.

Архив ісі тәжірибесіне жаңа әдістер мен ақпараттық технологияларды енгізу шеңберінде тозығы жеткен құжаттарды сандау мен электронды және қағаз түрде қалпына келтіру, электрондық мәліметтер қорын пайдалану бойынша мекемелер қызметкерлері үшін семинарлар өткізу және ақпараттандыру мен автоматтандыру мәселелері архив қызметкелері арасында лекциялар мен оқулар ұйымдастыру тәжірибесін одан әрі жалғастыру   көзделген.

Сол сияқты, есеп беру, жоспарлау, сараптау-тексеру комиссиясының жұмысы шегінде сараптаулар дайындау шаралары да жұмыс жоспарында қамтылған.

Зерттеушілермен жұмыс
және ақпараттық технологиялар
бөлімінің басшысы                                                     А.Искакова

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel