Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары

Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің 2017 жылға арналған жұмыс жоспары архивтің
бекітілген жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады.
 
1. Ведомстволық бөлім
Қазақстан Республикасының ұлттық қорын қалыптастыру. Мемлекеттік жене мемлекеттік емес  ұйымдар мен мекемелердің ведостволық архивтердің ұйымдастырушылық-әдістемелік басқару. Бұл бағыт бойынша ҚР-ның Ұлттық архив қорының құжаттарын сапалы қалыптастыруды қамтамасыз ету және мемлекеттік сақтауға құжаттарды сапалы іріктеуге аса көңіл бөлінеді.
 
2. Толықтыру көздері болып табылатың ұйымдардың мұрағат, сараптамалық және іс жүргізу қызметтерімен өзара іс-қимыл.
Жүзеге асыруға, өзара толықтыру көздері болып табылатын ұйымдармен мәселелері бойынша ағымдағы құжаттау, құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету ведомстволық архивтер және оларды мемлекеттік сақтауға беру. Құжаттарды дайындау және сараптау-тексеру комиссиясының жұмысына қатысу.
 
         3. Толықтыру көздері болып табылатын  ұйымдарға әдістемелік көмек.  
Толықтыру көздері болып табылатың  ұйымдардың  іс жүргізу және архив  қызметтеріне әдістемелік көмек.   Жоспар бойынша: істер номенклатурасың жасау және жетілдіру– 95 мекеме; ведомстволық архив туралы  және сараптама комиссиясы туралы Ережелерінің  келісуі  – 50 мекеме; ғылыми-техникалық өңдеу өткізу – 45 мекеме. Іс қағаздарын жүргізу мен ведомстволық архивтерге  жауапты қызметкерлерімен оқыту семинар- кеңес өткізу - 3. Семинарлардың жоспарын мемлекеттік архивтің сараптау комиссиясымен келісу.
Семинарлар тақырыбы :
1. Ұлттық архив қорының және архив ісін мемлекеттік басқару қызметін реттейтін  нормативтік-құқықтық актілер.
2. Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда істер номенклатурасын әзірлеу тәртібі. .
3. Архивтың  құжаттарына  ғылыми-техникалық өңдеу өткізу ережесі. Ұлттық архив қорының құжаттарын мемлекеттік архивке тұрақты сақтауға тапсыратын тәртібі.
Ғылыми-техникалық өңдеу, жеке тектік қорлар жасау, істер
номенклатурасын жинау жетілдіру бойынша әдістемелік ұсынымдар әзірлеу.
Мемлекеттік архивтың  толықтыру көздері болып табылатын
ұйымдарға паспорттау  ұйымдастырып  жүргізу.  Ұйымдарының басшылары атына паспорттауды жүргізу жөнінде хат дайындау.
Ұйымдарға шығып тәжірибелік көмек көрсету ұйымдастыру.  
4. Толықтыру көздерін есепке алу және жасақтау.
Толықтыру көздерінің тізімін қалыптастыру. Толықтыру көздерінің тізімін жаңарту және оны бекіту үшін СТК-на ұсыну. Жинақтау базасын жүргізу. Мемлекеттік архивке сақтауға тапсыратын жеке тектік қор құжаттарың  ұстаушылар мен иелерімен байланысты орнату, келіссөздерді жүргізу жұмыстарың жалғастыру.
Ведомстволық архивтермен
жұмыс бөлімінің басшысы
Б.Хасенова

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel