Электрондық мұрағат туралы

Электронды мәліметтер қоры туралы

«Электрондық мұрағат» мәліметтер қоры БҚО мемлекеттік мұрағатының сараптау комиссиясының 2012 жылғы ___ қаңтардағы №____  хаттамасымен бекітіліп және БҚО мұрағаттар және құжаттама басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының 2012 жылғы _____ қаңтардағы №____ хаттамасымен келісілген «Қорлар тізімі, тізімдемелер, істер және құжаттар тізілімі» электрондық мәліметтер қорын жасақтау және толықтыру жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға» сай құрастырылып жүргізілуде.

Мәліметтер қоры мұрағаттың анықтамалық-ақпараттық аппаратының бөлігі болып табылады және қорқұраушы-мекемелердің атаулары туралы ашық мәліметтермен қамтылған. Сонымен қатар,  олар біздің мұрағатқа сақтауға тапсырған тізімдемелер мен сақтау бірліктерінің тізілімін қамтиды.

Енгізіліп жатқан мәліметтер сайтқа тоқсан сайын орналастырылып, жаңартылып тұратын болады.

Мәліметтер қорына ақпарат түпнұсқасы қай тілде дайындалған болса, сол тілде енгізілген.

Электрондық мәліметтер қорында Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» Заңының 16 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 26 желтоқсандағы № 1604  қаулысымен  бекітілген «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын, басқа да мұрағат құжаттарын мемлекеттік және арнаулы мемлекеттік мұрағаттардың толықтыруы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларының» 447 тармағына сәйкес шектеулі мұрағаттық құжаттарға жататын құжаттардағы ақпаратқа қолжетімділік шектелген.

Шектеулі мұрағаттық құжаттарға мыналар жатады:

1) мемлекеттік құпиялардан немесе Қазақстан Республикасының заңнамасымен қорғалатын құпиялардан тұратын мәліметтер бар мұрағаттық құжаттар;

2) азаматтың жеке және отбасылық құпиясына, жеке өміріне байланысты, сондай-ақ оның қауіпсіздігіне қауіп тудыратын мәліметтер бар мұрағаттық құжаттар;

3) мұрағаттық құжаттарды мұрағатқа тапсырған кезде меншік иесінің шартта құжаттарға қол жеткізу және оларды пайдалану шарттарын белгілеген болса.

Мәліметтер қорының іздеу жүйесі туралы

Мәліметтер қорының іздеу жүйесі (одан әрі – МҚІЖ) мұрағатта нақты құжаттардың бар-жоғы туралы ақпарат алу және бар болып табылған құжаттарға одан әрі сілтеме жасау үшін олардың мұрағаттық шифрін анықтау үшін арналған.

Пайдаланушылардың ыңғай үшін МҚІЖ-де «Каталог фондов», «Архивный шифр» және «Расширенный поиск» деген функционалдар қарастырылған.

МҚІЖ-де құжаттар туралы толыққанды мәліметтер бар – қор деңгейінен бастап сақтау бірлігінің ішіндегі құжаттың тізіліміне дейін, яғни, құжат қай қорға жатады, ол қордың атауы, қорға тарихи анықтама, аңдатпа, тізімдемелердің атауы, істердің атауы, істің ішіндегі құжаттың атауы, нөмірі, шыққан күні және т.б. көптеген мәліметтер.

Мәліметтер қоры іздеу жүйесінің негізгі мүмкіндіктері туралы

МҚІЖ келесі мүмкіндіктерді береді:

  1. Іздеу;
  2. Қарау;
  3. Нәтижелерді басып шығару.

Қазіргі кезде сайтта мәліметтер қорындағы келесідей ақпарат саны орналасқан:

 

Рет саны Көрсеткіштер атауы Мұрағатта барлығы Қорға енгізілгені

Қамтылу деңгейі

%

1 Қорлар атауы 2485 2485 100
Қорларға аңдатпалар 284 284 100
Қорларға тарихи анықтамалар Есебі жоқ 636
2 Тізімдемелер атауы 6704 6704 100
Сканерленген тізімдемелер 6704 6693 99,8
3 Сақтау бірліктерінің атаулары 656178 670072 102,2
Сканерленген сақтау бірліктер 656178 928 0,11
4 Құжаттар атауы Есебі жоқ 232938

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel