Құжаттарды пайдалану және ғылыми-анықтамалық аппарат бөлімі архив құжаттарын жан-жақты пайдалануды және жариялауды ұйымдастыру, ғылыми-зерттеу және әдістемелік жұмыстарды жүргізу, құжаттарды жариялау және ғылыми пайдалану саласындағы жұмыстардың озық тәжірибесін іс жүзінде пайдалану және оларды әрі қарай дамыту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлейді. Сонымен қатар, құжаттарға ғылыми-анықтамалық аппарат жасау және жетілдіру бойынша жұмысты жүргізеді (архив тізімдемелері, каталогтар, көрсеткілер, құжаттарға шолу, құжаттардың құрамы мен мазмұны туралы анықтамалық және т.б.), заңды және жеке тұлғаларға архивтің оқу залында пайдалануға болатын құжаттарды зерттеуге береді, архив құжаттарының көрмелері, архив құжаттары негізіндегі мақалалар әзірлеуді ұйымдастырады. Архив құжаттары анықтамалықтары мен жинақтарын жинақтап, жарыққа шығарады. БҚО мемлекеттік архиві филиалдарының ғылыми-анықтамалық аппаратына құжаттарды жариялауын және ғылыми пайдалануын жетілдіру сұрақтарына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетеді.
Бөлім басшысы: Доши Бағдат Серікұлы
Телефон: 8 (7112) 50-90-27
Бөлім басшысы: Шуйншкалиев Мереке Насипкалиұлы
Телефон: 8 (7112) 51-17-12
Архив құжаттарын қабылдауды жүзеге асырады және бекітілген түрде қабылдау-тапсыру құжаттарын рәсімдейді, архив қоймасына келіп түскен архив құжаттарына белгіленген тәртіп бойынша есеп жүргізеді, жыл ішінде келіп түскен қорларға қор парағын, қор карточкасы және топографиялық сілтегіштер карточкасы жасалады, архивтегі аса құнды құжаттарға және олардың сақтандыру көшірмелеріне белгіленген үлгіде есеп жүргізеді, жыл сайын архив төлқұжатын жасақтайды, архив қоймасының жылдық жұмыс жоспарын жасақтайды, жылдық жұмыс жоспарына сай жылдық есеп береді, есеп беру жыл ішінде қорлардың көлемі мен құрамындағы өзгерістері туралы мәліметтер береді,табылмаған құжаттарды іздестіру шараларын ұйымдастыру, архив құжаттарының физикалық жай-күйін жақсартуға қажетті іс-шараларды іске асырады және басқа да белгіленген құзіреттері шегінде функцияларды атқарады.
Бөлім басшысы: Галиаскаров Роман Вадимұлы
Телефон: 8 (7112) 24-04-87
Мемлекеттік қызмет көрсету бөлімі
Бөлім басшысы: Мұсағалиев Хайрулла Елеуұлы
Телефон: 8 (7112) 24-26-12
«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85
Телефон: 8 (7112) 50-43-19
Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel