ІІ-ші Дүниежүзілік соғысына қатысушы, қоғам қайраткері Өтеғұл Жұмашұлы Томпишевтың туылғанына 100 жыл толуына орай виртуалды көрме
Осы жылы ІІ-ші Дүниежүзілік соғысына қатысушы, қоғам қайраткері Өтеғұл Жұмашұлы Томпишевтың туғанына 100 жыл толды.
Осы оқиғамен байланысты Сіздің назарларыңызға Ө.Ж.Томпишевтың өмірі мен қызметіне қатысты құжаттарды ұсынамыз.
Өтеғұл Жұмашұлы Томпишев 1915 жылы Астрахань облысы Қарабалин ауданы Баста (бұрынғы Казовка) ауылында кедей шаруа отбасында дүниеге келген. Ата-анасы - Гурьев облысы Денгиз ауданы Қошалақты ауылының тумалары. Әкесі-Томпишев Жұмаш, анасы-Томпишева Нұрзия мал шаруашылығымен айналысқан. 1930 жылдан колхозшы болды. Әкесі 1933 жылы, анасы 1945 жылы дүниеден озды. Отбасында 5 ағасы болды. Біріншісі майданда қаза тапты, екіншісі Отан соғысының мүгедегі, Теректі ауданы Федоровка ауылында тұрған, үшіншісі әскери қызмет атқарды, төртіншісі ағарту органдарында жұмыс жасаған.
1930-1939 жылдар аралығында Өтеғұл Жұмашұлы Ленин комсомолы қатарында, 1942 жылдың ақпанынан комсомол мүшесі болды. 1933 жылға дейін ауыл мектебінде және педагогикалық техникумда оқыған. 1940-1941 жылдары Орал қаласында орта мектепті бітірген. Сол жылдары ҚК(б)П Орал қалалық комитеті жанындағы кешкі университетінің бағдарламасын тыңдаған. 1951 жылы Алма-Ата қаласындағы ҚКП ОК жанындағы 2-жылдық республикалық партия мектебін бітірген. Ұлы Отан соғысы кезінде 1943 жылы әскери уақыттағы бағдарлама бойынша әскери-саяси училищесінің курсын тыңдаған. 1943-1944 жылдары әскери танк училищесін бітірген. Орал мұғалімдік институтының тарих факультетінде, Орал ауыл шаруашылығы техникумында сырттай оқыған.
1941-1946 жылдары Кеңес Армиясы қатарында қызмет еткен. ІІ-ші Дүниежүзілік соғысына қатысушы.
Еңбек жолын 1933 жылдан бастаған. Астрахань облысындағы колхоздың есепшісі, Баста ауылының хатшысы, Жәнібек аудандық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы, Жәнібек аудандық қаржы бөлімінің аға инспекторы, Батыс Қазақстан облыстық қаржы бөлімінің бақылаушысы, Ағатан ет совхозы партия бюросының хатшысы, ҚКП Фурманов аудандық комитетінің хатшысы, ҚКП Тайпақ аудандық комитетінің хатшысы, ҚКП Теректі аудандық комитетінің 2-ші хатшысы, Жәнібек аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған.
Қызыл Жұлдыз орденімен, Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Германияны жеңгені үшін», «Жапонияны жеңгені үшін», «Тың жерлерді игергені үшін», т.б. медальдармен марапатталған.
Көрмені дайындау барысында Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы №П-37 «Қазақстан Компартиясының Орал облыстық комитеті» қорындағы Ө.Ж.Томпишевтың жеке ісінің мәліметтері алынды.
Көрменің негізгі мақсаты: ІІ-ші Дүниежүзілік соғысына қатысушы, Фурманов аудандық партия комитетінің хатшысы, Теректі аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, Жәнібек аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы Ө.Ж.Томпишевтың туғанына 100 жыл толуына орай оның өмірі мен қызметін оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- Ө.Ж.Томпишевтың өмірбаянымен таныстыру;
- Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
- Өмірбаяндық мәліметтер
- Фотосуреттер
Өмірбаяндық мәліметтер
Өмірбаяны , Өмірбаяны 26.10.1954 ж. жазылған, түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 5, 5с. бб., 1 парақта
Кадр есеп жөніндегі жеке парағы , 1932-1949 жылдар аралығындағы еңбек өтілін қамтиды, түпнұсқа, орыс тілінде , П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, стр.-6, 6об., 7, 7об., на 2 листах
Жетекші кадрлар есеп жөніндегі жеке парағы , 1933-1954 жылдар аралығындағы еңбек өтілін қамтиды, түпнұсқа, орыс тілінде , П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 3, 3с., 4, 4с. бб., 2 парақта
Кадр есеп жөніндегі жеке парағының қосымшасы , 1952-1958 жылдар аралығындағы атқарған жұмыс туралы мәліметтер, түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 2, 2с., 1 парақта
Атқарған қызметі туралы пікір , Ағатан ет совхозы партия бюросының хатшысы қызметін атқарғандығы туралы, 1947 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 17 б., 1 парақта
Мінездеме , ҚК(б)П Фурманов аудандық комитетінің кадр жөніндегі хатшысына, 1947 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 19 б., 1 парақта
ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының №5 хаттамасынан үзінді көшірме , ҚК(б)П Тайпақ аудандық комитетінің хатшысы лауазымына бекіту туралы, 07.08.1951 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 25 б., 1 парақта
ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының №27 хаттамасынан үзінді көшірме , ҚК(б)П Теректі аудандық комитетінің 2-ші хатшысы лауазымына бекіту туралы, 25.03.1952 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 27 б., 1 парақта
Үздік дипломының көшірмесі , 2 жылдық республикалық партия мектебін бітіргені туралы, 1951 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 34с. б., 1 парақта
Хаттама , Жәнібек аудандық кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы лауазымына бекіту туралы, 05.01.1955 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, қазақ тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 45 б., 1 парақта
Анықтама , Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталғаны туралы, 1957 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде, П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 57 б., 1 парақта
Анықтама , Жұмыстан босату туралы, 1959 ж., түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде , П-37-қор, 27-тізім, 346-іс, 65 б., 1 парақта
Фотосурет, Жеке ісінен фото, түпнұсқа , П-37-қор, 27-тізім, 346-іс