Иван Григорьевич Поддубныйдың туғанына 100 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі
2015 жылдың 22 маусымында 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Компартиясы Шыңғырлау аудандық комитетінің 2-ші хатшысы, Приурал аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы, облыстық орман, қағаз және ағаш өндеу өнеркәсібі кәсіподағы комитетінің төрағасы Иван Григорьевич Поддубныйға 100 жыл толды. 100 жасқа толған мерейтойы құрметіне Сізге жерлесіміздің өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Иван Григорьевич Поддубный 1915 жылдың22 маусымында Украинаның Николаев облысы (бұрынғы Херсон губерниясы) Николаев қаласында жұмысшы отбасында дүниеге келген. Әкесі-Григорий Григорьевич Поддубный, 1884 жылы туған, Николаев қаласының 61-ші коммунар атындағы зауытында (бұрынғы «Руссуд» зауыты) жұмыс жасаған. 1915 жылы жұмыс уақытында жазатайым оқиғадан қаза тапқан. Анасы-Анастасия Ивановна Поддубная, 1889 жылы туған, Андрэ Марти атындағы зауытта, кейін колхозда жұмыс істеген. 1941 жылдан Қарағанды облысы Теміртау қаласында тұрған үлкен қызы Марияның қолында болған.
1937 жылы Николаев кеме жасайтын институты жанындағы жұмысшы факультетін, 1940 жылы Николаев педагогикалық институты физика-математика факультетінің физикалық бөлімін, 1948 жылы кешкі 2-жылдық марксизм-ленинизм университетін бітірген.
Еңбек жолын 1933 жылдан бастады. Фабрика-зауыттық оқушылық мектебін бітіргесін 1936 жылға дейін Андрэ Марти зауыты жанында токарь болып жұмыс жасады. Кейінгі жылдары оқуда болды. 1940 жылдан Николаев облыстық халыққа білім беру бөлімінің инспекторы қызметін атқарды. Киев қаласындағы теміржол құрылысы бас басқармасының 3-айлық жұмысшы кадрларын дайындау жөніндегі курсты тыңдады. Кейін Әзірбайжан КСР Порт Ильича қаласы №107-ші құрылысы 5-ші бөлімшесі кадр бөлімінің басшысы қызметін, 1941-1942 жылдары Баку қаласындағы №108 құрылысы кадр бөлімінің басшысы қызметтерін атқарды.
1942 жылдың тамызында Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Әскери-теңіз флот әскері қатарында қызмет еткен. 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысына Қара теңіз флотының ерекше байланыс топ құрамында (кейін Краснознаменный байланыс орталығына қайта құрылды) қатысты. Әскерден 1945 жылдың желтоқсанында босатылып, 1941 жылы Орал қаласына эвакуацияланған отбасына келді.
Арнайы байланыс бөлімінің басшысы, Орал облыстық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, облыстық партия комитеті ақпарат секторының меңгерушісі, Шыңғырлау аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысы, Приурал ауданы Жданов атындағы колхоздың төрағасы, Камен аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы комитетінің төрағасы, облыстық орман, қағаз және ағаш өндеу өнеркәсібі кәсіподағы комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1976 жылы зейнеткерлікке шықты.
Ленин орденімен, «Қызыл Жұлдыз» орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.
Осы көрмені дайындау барысында Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы «Қазақстан Компартиясының Орал облыстық комитеті» №П-37 қордан И.Г.Поддубныйдың жеке ісінен құжаттары алынды.
Көрменің негізгі мақсаты: И.Г.Поддубныйдың 100 жыл толуына орай мұрағаттық құжаттардан жерлесіміздің өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру
Міндеттері:
- И.Г.Поддубныйдың өмірбаянымен таныстыру;
- жерлестеріміз өмірдің тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
-
Өмірбаяндық мәліметтер
-
Фотосуреттер
Өмірбаяндық мәліметтер
Өмірбаяны
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 8, 8с. бб.,1 парақта
Өмірбаяны 08.09.1969 ж. жазылған,
түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде
Кадр есеп жөніндегі жеке парағы
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 6, 6с., 7, 7с. бб.,2 парақта
1931-1969 жылдар аралығындағы еңбек өтілін қамтиды,
түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде
Жетекші кадрлар есеп жөніндегі жеке парағы
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 12, 12с., 13, 13с., 2 парақта
1931-1951 жылдар аралығындағы еңбек
өтілін қамтиды, түпнұсқа, орыс тілінде
Ұсыныс
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 20 б., 1 парақта
Батыс Қазақстан облыстық арнайы байланысьың басшысы қызметіне бекіту үшін,
1946 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚК(б)П облыстық комитеті кадр бөлімінің нұсқаушысы
лауазымына ұсынылған И.Г.Поддубныйға мінездеме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 25, 1 парақта
1947 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының
№40 хаттамасынан үзінді көшірме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 30 б., 1 парақта
Облыстық партия комитеті партия, кәсіподақ және комсомол ұйымдар бөлімінің нұсқаушысы
лауазымына бекіту туралы, 1950 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының
№42 хаттамасынан үзінді көшірме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 31 б., 1 парақта
Облыстық партия комитеті партия, кәсіподақ және комсомол ұйымдар бөлімі ақпарат
секторының меңгерушісі лауазымына бекіту туралы,
1950 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Анықтама
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 33 б., 1 парақта
Шыңғырлау аудандық партия комитетінің 2-ші хатшысына
сайлау туралы, 1952 ж., түпнұсқа, орыс тілінде
Мінездеме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 48 б., 1 парақта
КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебі сырттай
оқу бөлімінің тыңдаушысына ұсыныс, 1955 ж.,
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚКП облыстық комитетінің хатшылығы Қаулысының №33 хаттамасы
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 54 б., 1 парақта
Басқарма төрағасы лауазымына бекіту туралы, 1955 ж.,
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Анықтама
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 55 б., 1 парақта
Ленин орденімен марапттау туралы, 1957 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған,
орыс тілінде
7-ші шақырылымдағы Приурал аудандық еңбекші депутаттар
кеңесі 7-ші сессиясының шешімінен үзінді көшірме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 61 б., 1 парақта
Приурал аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы
комитетінің төрағасы лауазымына бекіту туралы,
1960 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Приурал аудандық еңбекші депутаттар кеңесі атқарушы
комитетінің төрағасына мінездеме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 64 б., 1 парақта
1962 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Приурал аудандық еңбекші депутаттар ауылдық кеңесі
бірінші ұйымдық сессиясының шешімінен үзінді көшірме
850-қор, 1л-тізім, 490-іс, 19 б., 1 парақта
Аудандық еңбекші депутаттар Кеңесінің төрағасына сайлау туралы, 11.03.1963 ж.,
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
КОКП мүшесіне сипаттама
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 75 б., 1 парақта
1964 жылдың қыркүйегі, түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Анықтама
Анықтама
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 86 б., 1 парақта
Камен аудандық еңбекші депутаттар атқарушы комитетінің төрағасы
лауазымына бекіту туралы, 1967 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚКП облыстық комитеті бюро отырысының хаттамасынан үзінді көшірме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 90 б., 1 парақта
Алма-Ата жоғары партия мектебі жанындағы партия және кеңес жұмысшыларын
дайындайтын 1-айлық курсына жолдау туралы, 1968 ж.,түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Камен аудандық атқарушы комитетінің төрағасы қызметінен
босату себептері туралы анықтама
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 98 б., 1 парақта
1969 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
ҚКП облыстық комитеті бюро отырысының №49 хаттамасынан үзінді көшірме
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 102 б.,1 парақта
Облыстық орман, қағаз және ағаш өндеу өнеркәсібі кәсіподағы комитетінің төрағасы
лауазымына бекіту туралы, 1970 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Оралдың КҚК басқармасының өңірлік комитетінің қаулысымен үзінді
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 103 б., 1 парақта
Облыстық орман, қағаз және ағаш өндеу өнеркәсібі кәсіподағы комитетінің төрағасы
қызметтен босату туралы, 1976 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Фотосуреттер
П-37-қор, 49-тізім, 24-іс, 2 фото
Әртүрлі кезеніндегі жеке ісінен фото, түпнұсқа