Петр Григорьевич Олексенко – 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушысының туғанына 100 жыл толу құрметіне орай жасалған электрондық көрме

100 жыл толу құрметіне
Сіздің назарларыңызға П.Г.ОЛЕКСЕНКО - 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Камен аудандық комитетінің 1-ші хатшысы, Қазақстан Коммунистік партиясы Орал облыстық комитетінің хатшысы және облыстық атқарушы комитеті мен облыстық партия комитеті партиялық мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы, ҚазКСР Орал облыстық халықтық бақылау комитеті төрағасының өмірі мен қызметіне қатысты электрондық түріндегі құжаттарды ұсынамыз.
Петр Григорьевич Олексенко 1915 жылдың17 қазанында Бөрлі ауданы Приуральный ауылында орташа шаруа отбасында дүниеге келген. Әкесі- Григорий Васильевич Олексенко, 1876 жылы туған, революциядан бұрын ауыл шаруашылығымен айналысқан, 1923 жылы ауырып, дүниеден озды. Анасы- Екатерина Петровна Олексенко, 1874 жылы туған, Орал қаласында үлкен ұлы Иванның қолында тұрған.
1923 жылдан мектепте оқыды. 1932-1935 жылдары Приуральный ауылындағы бастауыш мектебінің мұғалімі болып жұмыс жасаған. 1935-1937 жылдары Орал мұғалімдер институтында оқыған. Институтты бітірісімен Бөрлі орта мектебінде оқу ісінің меңгерушісі және физика және математика пәндерінің оқытушысы қызметтерін атқарды. 1938 жылдың қыркүйегінде Кеңес Армиясына шақырылды. 17.10.1938 жылы 70-ші кавалерия полкісіне келіп, полк мектебіне курсант болып түскен. 1939 жылдың мамырында полк құрамында Киев ерекше әскери округіне көшіп келді. Полк құрамында Батыс Украина азаттық жорыққа қатысты. Сонда 1940 жылдың 28 маусымға дейін әскерде қызмет етті. Солтүстік Буковина жорығына қатысты. 70-ші кавалерия полкін таратуға байланысты Күнгей Кавказ әскери округінің 6-шы жеке танк дивизиясына көшті. 1941 жылы Иранда жорыққа қатысты. 1942 жылдың 1 қаңтарынан 20 мамырына дейін Қырым майданында неміс-фашист басқыншыларына қарсы шайқастарға қатысты. Сталинградтың іргесінде, кейін Сталинград маңында шайқастарға қатысты. 15 желтоқсаннан бригада құрамында Новочеркасск, Ростов, Таганрогқа шығу үшін Калмыкский және Сальский далаларындағы шайқастарға қатысты. 1943 жылдың шілдесінен желтоқсанына дейін Оңтүстік, 4-ші Украина майдандарындағы шайқастарға қатысты. 1944 жылдың қазанынан 1946 жылдың қыркүйегіне дейін Харьков гвардия танк училищесінде партия комиссиясының жауапты хатшысы қызметін атқарып, әскерде қызмет етті.
1946 жылдың қыркүйегінде әскерден босатылып, облыстық партия комитеті кадр бөлімінің нұсқаушысы, облыстық партия комитеті кадр бөлімінің сектор меңгерушісі, Камен аудандық партия комитетінің хатшысы, 2-ші, 1-ші хатшысы, 1955-1958 жылдары КОКП ОК жанындағы Жоғары партия мектебінің тыңдаушысы, содан кейін облыстық партия комитеті ауыл шаруашылығы бөлімінің нұсқаушысы, облыстық партия комитеті үгіт-насихат жүргізу бөлімінің меңгерушісі, Орал облыстық партия комитетінің хатшысы және облыстық атқарушы комитеті мен облыстық партия комитеті партиялық мемлекеттік бақылау комитетінің төрағасы, ҚазКСР Орал облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. 1978 жылдың маусымынан облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасы қызметінен зейнетке шығуымен байланысты босатылды.
1930-1941 жылдары комсомол қатарында болды. 1940 жылдан КОКП мүшесі болды. 
Қызыл Жұлдыз орденімен, 3 рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, «Құрмет белгісі» орденімен, «Сталинградты қорғағаны үшін», «Германияны жеңгені үшін», басқа да медальдармен марапатталған.
Көрмені дайындау барысында Батыс Қазақстан облыстық мемлекеттік мұрағатындағы №П-37 «Қазақстан Компартиясының Орал облыстық комитеті» қорындағы П.Г.Олексенконың жеке ісінің мәліметтері алынды.
Көрменің мақсаты: қоғам қайраткері, жерлесіміз П.Г.Олексенконың туғанына 100 жыл толуына орай, оның өмірі мен қызметін оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- П.Г.Олексенконың өмірбаянымен таныстыру;
- Кеңес кезеңдегі адамдардың өмірімен таныстыру;
- Кеңес заманындағы адамдардың өмірі туралы естелік қалыптастыру.
Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
  1. Өмірбаяндық мәліметтер
  2. Фотосуреттер

 

Өмірбаяны

1

850-қор, 1л-тізім, 477-іс, 3 б., 1 парақта
10.05.1963 ж. жазылған, түпнұсқа, қолмен  жазылған, орыс тілінде

Жетекші кадрлар есебі жөніндегі жеке парағы 
2 0001
 
 
 
2 0002
 
 
2 0003
 
 
2 0004
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 11-12с. бб.,2 парақта 
1932-1954 жылдар аралығында еңбек қызметін қамтиды,
түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Кадр есебі жөніндегі жеке парағы
3 0001

  

 3 0002

 

3 0003

 

3 0004
850-қор, 1л-тізім, 477-іс, 2, 2с., 4, 4с. бб., 2 парақта 
О1932-1963 жылдар аралығында еңбек қызметін қамтиды,
түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Кадр есебі жөніндегі жеке парағының қосымшасы  
4 0001

  

4 0002
 
 
 
4 0004

 

4 0004
 
 
 
4 0005

  

4 0006
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 2, 3, 3с., 5, 5с., 7 бб., 4 парақта
1949-1976 жылдар аралығында еңбек қызметін қамтиды,
түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Қорытынды 
 
 5
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 24 б., 1 парақта
ҚК(б)П облыстық комитеті кадр бөлімінің партиялық комсомолдық сектор
жөніндегі нұсқаушысы лауазымына ұсыныс, түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Анықтама

6 

П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 42 б., 1 парақта
Камен аудандық партия комитетінің 1-ші хатшысына сайлау туралы,
04.08.1952 ж., түпнұсқа, орыс тілінде

Дипломның көшірмесі
 
7
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 49 б., 1 парақта
В №862601, А.С.Пушкин атындағы Орал қазақ мемлекеттік мұғалімдер институтының
«физика және математика»мамандығы бойынша  бітіргені туралы,1950 ж.,
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Мінездеме
 
8
 П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 65 б., 1 парақта
ҚКП Камен аудандық комитетінің 1-ші хатшысына, облыстық партия комитетінің хатшысы
Б.Алимановтың қолы қойылған, 10.03.1955 ж.,  түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Анықтама
 
9
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 66 б., 1 парақта
«Құрмет белгісі» орденімен марапатталғаны туралы, 1957 ж., 
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҚКП Орал ауылдық облыстық комитеті VІ үзінді көшірме
 
 10
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 81 б., 1 парақта
 ҚКП облыстық комитетінің хатшысы және ҚКП ауылдық облыстық комитеті партиялық мемлекеттік
бақылау комитетінің төрағасына сайлау туралы, 1963 ж., түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Шешім
 
11
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 90 б., 1 парақта
 Облыстық халықтық бақылау комитетінің төрағасына тағайындау туралы, 23.03.1967 ж., 
түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҚКП облыстық комитеті бюросының қаулысы 
 
12
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 95 б., 1 парақта
Жұмыстан босату туралы, 29.06.1978 ж.,  түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Анықтама
 
13 0001

 

13 0002
П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 98, 98с. б., 1 парақта
1962 жыл,  түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Фотосурет
 

14 0001

  

14 0002

 

14 0003

 

14 0004
 П-37-қор, 55-тізім, 35-іс, 850-қор, 1л-тізім, 477-іс, 4 фото
Әртүрлі кезеңдегі жеке ісінен фотолар, түпнұсқа

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel