Қазақ КСР-нің мемлекеттік қайраткері, Қаратөбе ауданының тумасы Шолақ Артығалиевтің туғанына 105 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі

Қазақ КСР-нің мемлекеттік қайраткері, Қаратөбе ауданының тумасы Шолақ Артығалиевтің туғанына 105 жыл толу құрметіне орай оның өмірбаянына қатысты құжаттарды назарларыңызға ұсынамыз.  
Шолақ Артығалиев 1911 жылы Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының Батпақкөл ауылында шаруа Артығали Тулеушевтің отбасында дүниеге келді. 1914 жылы ата-анасы қайтыс болған. Үш ағасы және екі апасымен бірге әкесінің кіші інісі Ашықбайдың қолында тәрбиеленген.
Шолақ Артығалиевтің атасы дәулетті адам болған. Сол себепті Шолақ Артығалиевтің немере ағасы Құлбарақ Тулеушев тәркілеуге ұшырады. Ал, Шолақ Артығалиевтің әкесі атасының кіші әйелінен тараған.   
Шолақ Артығалиев 10 жасынан ұсақ мал бағып, еңбекке араласа бастады. Содан кейін Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданының мектеп-интернатына оқуға түседі. 6-шы сыныпты бітірісімен, Орынборда орналасқан Халыққа білім беру институтына оқуға жолданады.
1931 жылы жазғы каникул кезінде Володарский атындағы совхозда БЛКЖО комитетінің хатшысы болып жұмыс жасаған.
1932-1933 жылдары БЛКЖО Батыс Қазақстан облыстық комитетінің мәдени-ағарту және пионер бөлімінің меңгерушісі, 1933-1934 жылдары БЛКЖО Ақтөбе облыстық комитетінің нұсқаушысы, мәдени-ағарту бөлімінің меңгерушісі, 1934-1935 жылдары БЛКЖО Батыс Қазақстан облыстық комитетінің нұсқаушысы, 1935 жылы БЛКЖО Орал қалалық комитеті хатшысының орынбасары, 1935-1937 жылдары БЛКЖО Орда аудандық комитетінің хатшысы, 1937-1938 жылдары ҚЛКЖО Батыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы, Батыс Қазақстан облыстық халыққа білім беру бөлімінде кадрлар секторының меңгерушісі, 1938-1939 жылдары ҚК(б)П облыстық комитетінің партия органдарының жетекшілері бөлімінің нұсқаушы-ақпаратшысы, 1939-1940 жылдары ҚК(б)П Батыс Қазақстан облыстық комитеті ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1940-1942 жылдары ҚК(б)П Жәнібек аудандық комитетінің 1-ші хатшысы, 1942-1943 жылдары ҚК(б)П Батыс Қазақстан облыстық комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.   
Жастарды комсомолдық рухта тәрбиелеудегі екпінді жұмысы үшін «Қазақ КСР-не 15 жыл» белгісімен марапатталған.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатындағы №П-37 «Қазақстан Компартиясы Орал облыстық комитеті» қорындағы Шолақ Артығалиевтің жеке ісінен құжаттар пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Қазақ КСР-нің мемлекеттік қайраткері, Қаратөбе ауданының тумасы Шолақ Артығалиевтің туғанына 105 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде мұрағаттық құжаттарды ұсыну;
- жерлесіміз Ш.Артығалиевтің өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
         Көрме келесі бөлімдерден тұрады:
  1. Өмірбаяндық мәліметтер
  2. Ш.Артығалиев туралы басылымдар
  3. Фотосуреттер 

Өмірбаяндық мәліметтер

Шолақ Артығалиев туралы жарияланымдар

Фотосуреттер

Өмірбаян

1 1

 

1 2

П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 4, 5-бет, 2-парақта
Өмірбаяны 20.04.1938 жылы жазылған. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Кадр есебі жөніндегі жеке парағы

2 1
 
 
2 2
 
 
2 3
 
 
2 4
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 2, 2об, 3, 3об-бет, 2-парақта
1920-1938 жылдар аралығындағы еңбек өтілін қамтиды.
Түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Кадр есебі жөніндегі жеке парағына қосымша
3 1
 
3 2
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 1, 1об-бет, 1-парақта
1940-1942 жылдар аралығындағы жұмысы туралы мәліметтер.
Түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Баянхатынан үзінді
4 1
4 2
4 3
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 6, 7, 11-бет, 3-парақта
Артығалиевтің туысқандары және Артығалиевті ҚЛКЖО облыстық
комитетінің пленумы мен бюросы құрамынан шығару туралы. 1937 жыл.
Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Хабарламаның көшірмесі
5 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 8-бет, 1-парақта
Облыстық комсомол хатшысы Артығалиев Насамбайға.
Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Қысқаша мінездеме
6 1
 
6 2
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 9, 10-бет, 2-парақта
Жәнібек ауданына. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының №31 хаттамасынан үзінді
7 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 14-бет, 1-парақта
ҚК(б)П облыстық комитетінің ақпарат бойынша нұсқаушысы
лауазымына бекіту туралы.14.04.1938 жыл. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Мінездеме
8 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 16-бет, 1-парақта
Ш.Артығалиевке. 1939 жыл. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Мінездеме
9 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 17-бет, 1-парақта
ҚК(б)П Жәнібек аудандық комитетінің 1-ші хатшысы Ш.Артығалиевке.
1940 жыл. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде
Экономикалық мінездеме

10 1

П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 21-бет, 1-парақта
Жәнібек ауданына. Түпнұсқа, орыс тілінде

Анықтама

11 1
 
11 2
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 22, 22об-бет, 1-парақта
ҚК(б)П Жәнібек аудандық комитетінің 1-ші хатшысы болып жұмыс
жасауы үшін ҚК(б)П ОК-не бекітуге ұсыну туралы. 1940 жыл.
Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының №144 хаттамасынан үзінді
12 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 33-бет, 1-парақта  
ҚК(б)П Батыс Қазақстан облыстық комитетінің кадрлар бойынша хатшысына бекіту туралы.
1942 жыл. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

ҚК(б)П облыстық комитеті бюро отырысының №154 хаттамасынан үзінді
13 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 34-бет, 1-парақта
Қызыл Армияның жарақаттанған жауынгерлеріне көмек көрсету бойынша комитет құрамы туралы.
1942 жыл. Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде

Анықтама
14 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 35-бет, 1-парақта
БК(б)П ОК жанындағы Жоғары партиялық ұйымдастыру мектебінің тыңдарманы
болуға Ш.Артығалиевті ұсыну туралы

Анықтама
15 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс, 37-бет, 1-парақта
Жұмыстан босатылуы туралы. 1943 жыл.
Түпнұсқа, қолмен жазылған, орыс тілінде

Анықтамалық
16 1
16 2
Батыс Қазақстан облысының номенклатуралық қызметкерлерінің анықтамалығы, 1-том, 264-бет
Ш.Артығалиевтің өмірбаяндық мәліметтері

Фотосурет

17 1
П-37-қор, 12-тізім, 186-іс
Жеке ісіндегі фото. Түпнұсқа

ҒАА және құжаттарды пайдалану
             бөлімінің басшысы: 
С.Семгалиев

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel