Мемлекет және қоғам қайреткері, Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы Мұстақым Ықсановтың туылғанына 90 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі
Тарихианықтама
Ықсанов Мұстақым Біләлұлы 1926 жылдың 30-шы наурызында қазіргі Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Борсы ауылында дүниеге келген.
Мұстақым Біләлұлы барлық саналы ғұмырын еліміздің, соның ішінде Жайық өңірінің экономикасы мен мәдениетін дамытуға, халықтың әлеуметтік жағдайын арттыруға жұмсады.
1952 жылы Қазақ мемлекеттік ауыл шаруашылығы институтын бітіргеннен кейін еңбек жолын қатардағы құрылысшы мамандығынан бастап, беделді мемлекет қайраткеріне дейін көтерілді.
1952-1958 жылдары «Жетісайқұрылыс» басқармасында прораб, өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, бас инженер, басқарма бастығы болып қызмет атқарған.
1958-1963 жылдары «Бетпақдала ирригация құрылысы» трестінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы Ильичевск аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан өлкелік су шаруашылығы басқармасының бастығы болып жұмыс атқарған.
1963-1966 жылдары Қызылорда облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып жұмыс атқарған. (сол жылдары 30 күріш совхозын ұйымдастырды).
1966-1970 жылдары Қазақ КСР-ы Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары;
1970-1975 жылдары Жамбыл облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің хатшысы;
1975 жылдан 1986 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметтерін атқарды.
Орал өңіріне басшылық жасаған кезде Орал қаласының бейнесі едәуір жақсарды. Одақтық, республикалық маңызы бар құрылыстар салынды. Атап айтқанда, «Уральскпромстрой», «Уральсксельстрой», «Уральскводстрой», тресттерінен «Уральскколхозстрой», «Западэлеватормельстрой» сияқты жаңадан тресттер ұйымдастырылып, құрылыс тресттерінің санын оңға жеткізді. Жайық өзені жағасында мәңгілік алау мен стелла бой көтерді және майдангерлер мен Ұлы Отан соғысының батырларына арналған ескерткіш, майданнан оралмаған жерлестеріміздің есімі жазылған мәрмәр тақта да орнатылды. Еуразия көшесінде Әмбебап дүкен, Жайық өзені жағасында көп қабатты «Ақжайық» қонақ үйі пайдалануға берілді.
Қаланың орталық көшелерінің бойында Ұлы Отан соғысының батыры, жерлесіміз Мәншүк Мәметоваға ескерткіш орнатылды. Әуежай, теміржол вокзалдары, көп қабатты өндірістік, мәдени-әлеуметтік құрылыстар, тұрғын үйлер іске қосылды.
М.Б.Ықсанов облысқа басшылық жасаған жылдарда Жаңақала, Жалпақтал, Тасқала, Шыңғырлау, Сырым аудандарында типтік жобамен ауруханалар, емханалар, мектептер мен мәдениет үйлері салынды. Сол жылдарда 120-дан астам асхана-кафетерий, 90-ға тарта мектеп үйлері мен 100-ге тарта балабақша іске қосылды. Облыс орталығы мен аудандарды байланыстыратын қатқыл табанды жолдар да іске қосылды.
Селолық ауданда тұрғын үйлер, кешенді мал орындары мен кормоцехтар салынып, жерді суландыру, құнарландыру ісіне айрықша көңіл бөлінді.
Жеке іс-қағазы
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 5-6 беттер. 4 парақ
Еңбек жолы деректері
Дипломның көшірмесі
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 7-8 беттер. 2 парақ
Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтының «Гидромелиорация» мамандығын алғандығы туралы
Анықтама
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 9 бет. 1 парақ
Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып бекітілгендігі туралы
Қаулы
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 11 бет. 1 парақ
М.Ықсановтың 10 сәуір 1975 жылы Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып тағайындалғаны туралы қаулы
Анықтама
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 14 бет. 1 парақ
Еңбек жолы деректерінен анықтама
Қаулыдан үзінді
37-қор, 79-тізім, 47- іс, 15 бет. 1 парақ
М.Ықсановтың Орал облыстық партия комитетінің бірінші хатшысынан босатылғандығы жөнінде
Фотосурет
фотоқұжат
122 млн.астам Орал нанын тапсыру құрметіне арналған митинг. 1978 жыл.
Солдан үшінші Қазақстан КП Орал обкомының бірінші хатшысы М.Б.Ихсанов