Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры Александр Остапович Борисюктің туғанына 95 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі
Тарихи анықтама
Борисюк Александр – аға сержант, Кеңес Одағының Батыры.
Борисюк Александр Остапович 1922 жылы 9 қыркүйекте Тула облысы, Бебель қаласында кедей шаруа Остап Фомич Борисюктің отбасында дүниеге келген. Өмірге келген жерінде ол 1945 жылға дейін тұрып, кейін Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Серебряков ауылына көшті. Александр 1940 жылы Серебряков ауылындағы Орта мектептің 9 класын бітірді. 1940 жылы 17 қазан күні ол Қызыл Әскер қатарына алынып, ұрыста қаза тапқанға дейін, яғни 1945 жылғы 26 сәуірге дейін әскер қатарында болды.
№ |
Құжаттың атауы
|
Мұрағаттық шифр | Аннотация |
Өмірбаяндық мәліметтер | |||
1 | Өмірбаян | 39-қор, 1-тізім, 4-іс, 18 бет | Өмірбаян. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде. |
2 | Естеліктер | 39-қор, 1-тізім, 4-іс, 14 бет | Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде. |
3 | Батыр туралы қысқаша мәліметтер | 39-қор, 1-тізім, 4-іс, 1 бет | Түпнұсқа, машинкамен басылған, орыс тілінде . |
Марапаттау қағазы
39-қор, 1-тізім, 4-іс, 2-3 беттер
Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде.
ҒАА және құжаттарды пайдалану
бөлімінің басшысы:
С. Семгалиев