Атақты суретші Сакен Гумаровтың туғанына 80 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
Гумаров Сакен – атақты суретші.
Сакен Нажметдинұлы Гумаров1937 жылы Қазақ КСР, Орал облысы, Бөкей даласында (бұрынғы Бөкей хандығы) дүниеге келді.
Отбасында кәсіби суретшілер болмаған. Бала кезінен бастап сурет салған.  
Бала кезінен театр, музыка, би, пластикамен шұғылданды.  Актерлік шеберлікті, режиссерлікті кәсіби түрде оқыды.  
КСРО Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Луначарский атындағы ГИТИС-те (Мәскеу), ЛГИТМИК-те (Ленинград музыка, театр және кинематография институты) оқыды. Актер, режиссер болып қызмет атқарды. 1960-1964 жылдары Орал қаласында сол кезде алғаш ашылған облыстық телеарнаның бас режиссері болып қызмет атқарды. Бірақ көптеген отандастары үшін Сакен Гумаров, ең алдымен, суретші ретінде танымал.
Ол өмірінің 30 жылын сурет өнеріне арнайды. Есін білгелі сурет салумен айналысты. Тек майлы бояумен сурет салды. Жанр мен тақырып тұрғысында өзіне шектеу қоймады. Сондай-ақ, ұлттық, таптық, әлеуметтік тақырыптарға тоқталған жоқ.  
Бағыты бойынша оның шығармашылығы – поставангард.
Сакен Гумаровтың көзі тірісінде 1986 жылдан бастап 1995 жыл аралығында бірнеше жеке көрмесі өткізілді. Олардың бесеуі Алматыда, үшеуі Мәскеуде, төртеуі Оралда, бір-бірден Ялта, Сочи, Киев, Челябинск және Вильнюс қалаларында өткізілді.
Ол төмендегідей топтамалар жасады: «Түркі ескерткіштері», «Бестиарий», «Күту», «Бастар және денелер», «Туындылар». Топтамалардан тыс табиғи суреттер, натюрморттар, портреттер, араби өрнектер, сюжеттер бар. Оның суреттері бүкіл әлем бойынша танымалдылыққа ие болды.
Saken

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel