Тарих ғылымдарының кандидаты Кенжалиев Исатай Нәсекенұлының туғанына 90 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
Кенжалиев Исатай – тарих ғылымдарының кандидаты.
Кенжалиев Исатай Нәсекенұлы 1927 жылы 10 маусымда Батыс Қазақстан облысының Казталовка ауданындағы Шойтық Саралжын көлінде дүниеге келген. Әкесі педагог, журналист, мектеп директоры Казталовка, Теректі, Жымпиты, Тайпақ аудандық газеттерінің редакторы, «Екпінді құрылыс» газетінің бөлім меңгерушісі, тілшісі т.б. жұмыстарда істеген. Ол 1937 жылы репрессияға ұшырап, партиядан шығарылып, жұмыстан қуылған.
Кенжалиев И.Н. 1947 жылы Казталовка орта мектебін бітіріп, Орал пединститутына оқуға түсіп, 1951 жылы тарих факультетін бітірген.  Үш жыл Казталовкада мұғалім, аудандық оқу бөлімінде мектеп инстпекторы, Богатырев Орта мектебінің директоры болып жұмыс істеп, Алматыға оқуға ауысты. 1960-1964 жылдары Қазақ мемлекеттік университетінде Қазақ КСР кафедрасының аспиранты, сабақ берген т.б. жұмыстарға қатынасқан, 1965 жылдан Алматы ауылшаруашылық институтында философия, ғылыми коммунизм кафедраларының оқытушысы, доцент. Ғылыми жұмыста әуелі Қазақстан ауыр өнеркәсібінің тарихымен шұғылданып, Шығыс Қазақстан облысы материалдары негізінде кандидаттық диссертация қорғаған. Содан кейін осы тақырыпта бірталай материал жинап жүріп Кіші жүздегі 1836-1838 жж. шаруалар көтерілісі тарихымен шұғылданған. Махамбет Өтемісұлы туралы 1974 ж. кітапша жарық көрді. Сонымен қатар, 1977 ж. «Тайманұлы Исатай» деген ғылыми монография дүниеге келіп, 1936-1938 жж. Бөкейлік пен Кіші жүздегі шаруалар көтерілісінің тарихы қазақша алғаш рет  жеке кітап болды. Құрманғазы Сағырбайұлы жөнінде оннан астам мақалалар жарияланып, 6,5 баспа табақ көлемінде монография жарық көрді. Ардақты қайраткерлер жөнінде әлінше зерттеу жүргізіп, мақалалар жариялаған. Солардың бірі – қазақ тіл білімінің профессоры Қ.Басымов туралы ізденулер, жарияланымдар болды.
Тарихшы-ғалым деген атаққа ие болып, тарихшы-публицистік жұмысын тоқтатпай 200-дей мақалалар, рецензиялар, кітаптары дүниеге келіп, қалың оқырманның, оқушы қауымның қажетіне қызмет істеді.
Ол өз елінің, туған жерінің жанашыры, жоқшысы, патриоты деуімізге болады. Өзінің көп жылғы ізденуі барысында біздің облыс тарихымен қатар, өзі туып, өскен Казталовка ауданы жөнінде материал жинап, «Казталовка – байырғы атамекен» атты (А.1994ж.) монография жазды.
Бұл жұмыстар Алматы ауыл шаруашылық, Қыздар педагогикалық институттарында педагогикалық-оқу сабақтарын артығымен өткізу, қоғамдық, тәрбие жұмыстарын тынбай атқарумен, үгітші, насихатшы міндетін орындаумен бірге жүргізілді. Қазақстан Компартиясы ОК-ң насихатшылар тобына, «Білім» қоғамы лекторы, бастауыш партия ұйымдары қызметіне қатыса жүріп, 1967 ж. бері СОКП ОК-ң, съездердің материалдарын облыстарға насихаттаумен өтті. Тәуелсіздік алғаннан бері Кеңес тарихын жаңа тұрғыдан зерттеді. 1992 жылы зейнеткерлікке шықты. Ғалымның еңбектері ескерусіз қалмады. Батыс Қазақстан гуманитарлық университетінің ғылыми кеңесі «Құрметті профессор» деген атақ берді. 1957 жылы «Тың жерді игерудегі ерлігі үшін» деген медальмен, 1990 жылы «Еңбек ардагері», 1995 жылы Ұлы Отан соғысы кезіндегі еңбегі үшін «50 жылдық» медалімен марапатталған.
Kenjaliev

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel