Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Орда ауылының тумасы Темір Джантекеевич Масинның туғанына 110 жыл толу құрметіне орай электрондық көрмеге орналастыруға жататын құжаттар тізімі
Тарихи анықтама
Масин Темір –Кеңес Одағының батыры.
Темір Джантекевич Масин 1907 жылдың қаңтар айында Орал облысы Жәнібек ауданының Орда ауылында дүниеге келді. Ұлты – қазақ. 1930 жылдан бастап КОКП мүшесі.
1928 жылы Бөкей ордасындағы педагогикалық училищені бітірді. Мұғалім, орта мектеп директоры, аудандық халыққа білім беру бөлімінің меңгерушісі, МТС саяси бөлімі басшысының орынбасары болып қызмет атқарды. 1941 жылдың шілде айында Кеңес Армиясы қатарына шақырылды. Осы жылдың тамыз айынан бастап майданға аттанды.
1942 жылы кіші лейтенанттар курсын бітіріп, офицер атанды. Гитлерлік басқыншылармен Батыс, Солтүстік-Батыс, 1-ші Белорус майдандарында соғысты.
922-ші атқыштар полкінің командирі (250-ші атқыштар дивизиясы, 3-ші армия, 1-ші Белорус майданы) капитан Темір Масин Қызыл Әскердің жауынгерлері өткізген «Багратион» кодтық аты бар Белорус стратегиялық шабуыл операциясы барысында ерекше көзге түсті.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының 1945 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен атқыштар ротасына табысты қолбасшылық еткені үшін, неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста майданда қолбасшылықтың әскери тапсырмаларын үлгілі түрде орындағаны және көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін капитан Масин Темір Джантикеевичке Ленин және «Золотая Звезда» медалін тапсырумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1945 жылдан бастап майор Масин Т.Д. – запаста. Орал облысындағы Қазақстанның Коммунистік партиясы Тайпақ аудандық комитетінің хатшысы болып қызмет атқарды. Даладағы өрт кезінде колхозшының өмірін және халықтың мүлкін құтқару барысында алған күйіктер кесірінен 1947 жылғы 8 тамызда қайтыс болды. Батыс Қазақстан облысының әкімшілік орталығы Орал қаласында жерленген.
Ленин орденімен, Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Тайпақ ауданы Базартөбе ауылында Батырдың бюсті, Орда ауылында орта мектептің ғимаратында мемориалдық тақта орналасқан. Кеңес Одағының Батыры Т.Д.Масинның аты Батыс Қазақстан облысы Орда ауданы Бисен ауылының орта мектебіне берілген.