Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Долинный ауылының тумасы Покатило Иван Григорьевичтың туғанына 105 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
           Покатило Иван Григорьевич – Кеңес Одағының Батыры.
Покатило Иван 1912 жылы Қазақ КСР Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданының Долинный ауылында дүниеге келді. Оның әкесі шаруашылықпен айналысты, 1916 жылы әкесі қайтыс болды. 1920 жылы ол ата-анасымен бірге Украинаға көшіп кетті. Еңбек жолын 1920 жылы 8 жасынан бастап Украинада бастады, кулакта бақташы болып және әр түрлі жұмыстарда  1925 жылдың жартысына дейін жасады.
           1925 жылы туыстарымен бірге Қазақстанға, Теректі ауданы Долинный ауылына  оралып, ол жерде де Долинный ауылында, Ушкун ауылдық кеңесінде 1927 жылға дейін бақташы болып жұмыс жасады. 1927 жылы «Бедняк» с/х артеліне кіріп, 1932 жылға дейін жұмыс жасады. 1932 жылы Орал РК ВЛКСМ оны оқуға Кеңестік партия мектебіне іссапарға жібереді.  
 1933 жылғы желтоқсан айында оқуды бітірген соң БЛКЖО Батыс Қазақстан облыстық комитеті оны Теректі МТС жанындағы саяси бөлімге жұмысқа жолдады, ол жерде хатшы ретінде 1934 жылғы қараша айына дейін жұмыс жасады. 1934 жылғы қазан айында РККА шақыртылып, 8/I-1935 ж. дейін қызмет етіп, ауруы себебінен жұмыстан шығартылды.  
             Қызыл Әскерден оралған соң сол саяси бөлімде 1935 жылғы ақпан айына дейін жұмыс жасады. Саяси бөлімдердің қайта құрылуынан кейін, ББКП Теректі РК жұмысқа ауысты, ол жерде істерді басқарушы болып 1935 жылғы ақпаннан бастап 1936 жылғы тамызға дейін жасады.
             1936 жылы оны аудандық ұйымдар Теректі аудандық жинақ кассасының меңгерушісі болып бекітілді.  
             1938 жылғы шілдеде Шөптікөл қой совхозының саяси бөліміне с/б басшысының көмекшісі лауазымына жұмысқа ауысты.
             Теректі партия аудандық комитетінің шешімі бойынша 1938 жылғы қыркүйекте Мемлекеттік сақтандырудың аудандық инспекциясына аға инспектор лауазымына жұмысқа ауысты.
             Мемлекеттік мекемелерде жұмыс жасаған уақытында ешқандай жазаға тартылмаған.
1928 жылы Ленин комсомолының қатарына қосылды. 1930 жылы БЛКЖО Теректі РК мүшесі, РК бюро мүшесі болып сайланды және 1937 жылға дейін жұмыс жасады. БЛКЖО құрамында болған уақытта 4 аудандық комсомол конференциясына делегат болып сайланды.  
              1930 жылы Кеңестердің Заурал аудандық съездінің делегаты болды.
 1937 жылы ББКП мүшелікке үміткер ретінде қатысты, ал 1939 жылғы мамыр айында ББКП мүше болып кірді.

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel