Ұлы Отан соғысына қатысушы, Батыс Қазақстан облысының Семиглавый Мар ауылының тумасы Шамов Михаил Михайловичтың туғанына 105 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
           Шамов Михаил Михайлович – Ұлы Отан соғысына қатысушы.
           Шамов Михаил Михайлович Орал облысы Камен ауданы Семиглавый Мар ауылында шаруа отбасында 22.10.1912 жылы дүниеге келген.  Ұлты – орыс. 1945 жылдан бастап КОКП мүшесі. 4 сынып бітірген. Колхозда трактор жүргізушісі болып жұмыс жасаған. Қызыл Әскер қатарында 1936 жылдан бастап 1938 жылға дейін және 1941 жылғы шілде айынан бастап болған.  
           Ұлы Отан соғысында майданда 1941 жылғы шілде айынан бастап болған. 86-шы ауыр гаубич. Артиллериялық бригаданың аға барлаушысы (5-ші бұзып өту арт.див., 4-ші арт. Корпус, Орталық майдан) ефрейтор Шамов бөлімше құрамында  15.10.43 жылы Днепр өзенінен өтеді. 16.10.43 жылы плацдармды кеңейту үшін болған ұрыста оң жағалауда Любеч ауылының солтүстік-батыс бөлігінде 3-4 км жерде (Репкин ауданы Чернигов. Обл., Украина) алдыңғы НП барлау жүргізіп, батареялардың оқтарын дәлдеп түзетті. Нәтижесінде қарсыластың 2 батареясы қайтарылды. Шамов ұрыс алаңынан жараланған взвод командирын алып шықты.  23.11.43 жылы 3-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
             23-24.02.45 жылы Шамов сол әскери құрамда (47-ші әскер, 1-ші Белорус майданы) Пиритц қаласының маңында (қазіргі Пыжице, Польша) барлау жүргізіп батареялардың оқтарын дәлдеп түзетіп, олардың тиімді оқ жіберуіне ықпал етті. 25.3.45 жылы 2-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.
             28.4.45 жылы Берлиндегі көше ұрыстары барысында (Германия) Шамов (сол әскери құрам, 3-ші уд.әскер) барлау жүргізіп, нәтижесінде артиллерия 5 маңызды нысананы жойды. 15.5.45 жылы 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.  
              1945 жылғы қараша айында әскерден қайтты. Туған ауылына қайта оралды. Колхозда трактор жүргізушісі болып жұмыс жасады. 1967 жылдан бастап отставкадағы старшина. 2-дәрежелі Отан соғысы орденімен, екі Қызыл жұлдыз орденімен, медальдармен, соның ішінде «За отвагу» медалімен марапатталған. 07.02.1971 жылы қайтыс болды. Оның аты Семиглавый Мар ауылындағы көшеге берілген.
shamov clip image002

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel