Аға сержант, Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының Жиекқұм ауылының тумасы Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызының туғанына 95 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
               Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы – аға сержант, Кеңес Одағының Батыры.
            Мәметова Мәншүк Жиенғалиқызы Калинин майданының 100-ші жеке атқыштар бригадасының пулеметшісі, гвардия аға сержанты. Ең алғашқы қазақтан шыққан Кеңес Одағының Батыры атағын алған әйел. 
             Орал губерниясы Орда ауданы Жиекқұм ауылында 1922 жылғы 2 қазанда дүниеге келді. Шеркеш руынан шыққан қазақ. Мәншүктің ата-анасы ерте қайтыс болып, бес жасар қызды оның апасы Амина Мәметова бауырына басып алады.  Мәншүктің балалық шағы Алматыда өтеді. Оның шын аты Мәнсия еді, сондықтан апасы оны еркелетіп «Моншағым» деп атаған, бірақ кішкентай болған соң Мәншүк «Моншақ» деген сөзді айта алмай, «Манчук» деді. Сол кезден бастап ол хаттардың астына Манчук деп жазған.
              Соғысқа дейін рабфак, медицина институтының екі курсын бітірген.  Қазақ КСР Халық комиссарлары кеңесінің аппаратында Кеңестің Төрағасы орынбасарының хатшысы болып жұмыс жасаған. Қызыл Әскер құрамында 1942 жылғы қыркүйектен бастап, 100-ші Қазақ жеке атқыштар бригадасының штабының хатшысы болды.
              Майданда пулеметшілер курсын бітіріп, саптық бөлімге пулеметтік топтың бірінші нөмірі болып тағайындалды. 1943 жылғы 15 қазанда Невель қаласын азат ету үшін болған ауыр ұрыстарда басымдыққа ие биіктікті қорғау барысында пулеметтік топтан жалғыз өзі қалып, басына тиген жарқыншақпен ауыр жараланған ол қарсыластың 70 сарбазын өлтіріп ержүректілердің қазасымен қаза болды. Невель қаласында жерленген.                
               Кеңес Отанының алдында өзінің парызын ақтығына дейін атқарып, Мәметова нағыз кеңестік жауынгерге лайық ерлік пен батырлық көрсетіп ұрыста қаза тапты.
               Қиян-кескі ұрыста ауыр жараланған ержүрек пулеметші соңғы күш-қуатын жинап, бірнеше рет өз пулеметінің отымен фашистер қатарын артқа шегіндіріп, біздің бөлімшелердің табысты түрде алға жылжуын қамтамасыз етті.  
               Өзінің социальистік Отанының адал қызы қазақ қыз Мәншүк Мәметова ескі орыс қаласы Невельді азат ету үшін ұрыста қаза тапты. Ол Кеңес халқының ержүрек ұлдары мен қыздарының тізіміне еніп, Невель Еңбекші Депутаттардың Қалалық Кеңесінің Атқару комитетінің 1943 жылғы 1 қарашадағы бірінші қаулысымен оларды мәңгі есте сақтау бекітілді.
               Өзінің жауынгерлік ерліктері үшін ержүрек пулеметшіні қайтыс болғаннан кейін қолбасшылық Ұлы Отан соғысының 1-дәрежелі орденімен марапаттауға ұсынылды. Ленин ордені және Золотая Звезда медалін табыстаумен Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.  
                1969 жылы режиссер М.С.Бегалин А.С.Кончаловскийдің сценарийі бойынша «Песнь о Мәншүк» фильмі түсірілді. Мәншүктің рөлінде Н.У.Аринбасарова түсті. Мәншүк Мәметованың атында ескерткіштер, мектептер және көшелер бар. 
Manshuk

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel