Кеңес Одағының Батыры, Батыс Қазақстан облысының тумасы Григорий Иванович Чумаевтің туғанына 100 жыл толу құрметіне жеке тектік қорына жататын құжаттар тізімі

Тарихи анықтама
             Чумаев Григорий Иванович – Кеңес Одағының Батыры.
            Чумаев Григорий Иванович 1917 жылы Батыс Қазақстан облысы Приурал ауданы Кирсаново ауылында дүниеге келді. Соғысқа дейін Чувашинск МТС тракторшы болып жұмыс жасады. Майданға 1942 жылдың желтоқсан айында кетті. Аз уақыттан соң тәжірибелі барлаушыға айналды, ал содан кейін  Калинковичск Қызыл Ту 253-ші атқыштар дивизиясының 979-ші атқыштар полкінің жаяу барлау взводы бөлімшесінің командирі болды.
             Григорий Чумаев майдан жолдарынан үлкен жолдан өтті. Берлинге таяу қалғанда өзінің өшпес ерлігін жасап, ол үшін 1945 жылғы 10 сәуірде Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды.  
             Соғыс аяқталуға қалды. Ұрыстар енді Германия аумағында жүріп жатты. Қызыл Әскердің басты  жігері осы уақытта Берлин бағытындағы ақтық соққыны тезірек қамтамасыз етуге бағытталған болатын. 1-ші Украин майданының әскерлері Одердің артындағы бос емес плацдармдарды кеңейту үшін және өзеннің оң жағалауындағы күшті көпір аузындағы бекіністерді жою үшін ұрыстар жүргізді.
             1945 жылғы 4 ақпанда таңғы уақытта Григорий Чумаев Одердің батыс жағалауындағы қарсыластың күштері және оқ құралдарын барлау бойынша бұйрықты орындау барысында барлаушылардың тобы құрамында өзеннен өтті.  Ол жағаға бірінші болып келді және алған жарақатына қарамастан қатарда қалды. Барлаушылар анықталып, жаудың жағалауы оларды пулеметтік оқпен қарсы алды. Барлаушылар жатып қалды. Осы кезде Чумаев оқ қалтасынан гранатаны алып, ауруға төзіп, алға жылжыды.
             Жаудың пулеметі үнсіз қалды. Бірақ ержүрек барлаушы өлімші болып жараланды.
             Достары батырдың денесін алып шығып, құрмет көрсетіп, азат етілген Бреславльдің оңтүстік шет аймағына жерледі.
             Отаны гвардия аға сержанты Григорий Иванович Чумаевтің ерлігін жоғары бағалады. Оған өлгеннен кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Esen

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel