Социалистік Еңбек ері Кенже Құрмашевтің туғанына 120 жыл толуына арналған виртуалды көрме
Социалистік Еңбек ері Кенже Құрмашевтің туғанына 120 жыл толу құрметіне орай Сіздерге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.
Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №-58 қорындағы Кенже Құрмашевтың жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.
Көрменің негізгі мақсаты: Социалистік Еңбек ері атағына ие болған Кенже Құрмашевтың туғанына 120 жылтолуынаорай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.
Міндеттері:
- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;
- Жерлесіміз К.Құрмашевтың өмірбаянымен таныстыру;
- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.
Тарихи анықтама
Кенже Құрмашев 1898 жылы Бөкейорда ауданында туған. Ол бала кезінде-ақ даладағы жылқыға кетіп бара жатқан әкесіне мені ала кетші деп соңынан қалмайтын еді.
Атқа мінуді ерте үйренген ол әкесіне ерте қолғабыс беріп, қолғанат болды, көп ұзамай өз бетімен жылқы бағуға кірісті. Ұзақ жыл байдың жылқысын бақты, бірақ өзіне бір ат та сатып ала алмады. Сараң бай оған жалақы төлемеді.
Жалшы Кенженің өмірі Кеңес өкіметі келісімен күрт өзгерді. Бақытқа даңғыл жол ашылады.
Ауыл жарлыларының басын біріктіріп, ұжымдық шаруашылыққа бірігуге Кенже ең алдымен үн қатты.
Кенже қабылдап алған кезде барлығы 38 ғана жылқы болса, ол бес жылдан соң үш есе көбейді.
Ұлы Отан соғысы жылдарында К.Құрмашевтің бағымынан шыққан белді аттар әскери мұқтаждықты өтеуге жіберілді.
Оның біліктілігі, әсіресе, соғыстын соңғы жылдары еселене түсті.
К.Құрмашев 1947 жылы өзіне бекітілген 52 биеден 52 құлын алып, аман өсірді. Бұл өте биік белес болатын. Сол үшін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1948 жылғы 23 шілдедегі Жарлығымен оған Социалистік Еңбек Ері атағы беріледі.
Өмірбаян, 58-қор, 1-тізім, 14-іс. Көшірме, машинкамен басылған, қазақ тілінде.
Фотосурет, 58-қор, 1-тізім, 14-іс.