Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Қасым Шабанұлы Ахмировтың туғанына 95 жыл толуына арналған виртуалды көрме

Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Қасым Шабанұлы Ахмировтың туғанына 95 жыл толу құрметіне Сізге оның өмірі мен қызметіне қатысты құжаттардың электрондық көрмесін ұсынамыз.

Осы көрмені дайындау барысында негізгі дереккөз ретінде «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» КММ-дегі №-39 қорындағы Қасым Шабанұлы Ахмировтың жеке ісіндегі құжаттары пайдаланылды.

Көрменің негізгі мақсаты: Ұлы Отан соғысының ардагері, Кеңес Одағының батыры Қасым Шабанұлы Ахмировтың туғанына 95 жыл толуына орай өмірбаяны мен еңбек жолын оқырман қауымға таныстыру.

 Міндеттері:

- өлке тарихын зерттеудің дереккөзі ретінде архивтік құжаттарды ұсыну;

- Жерлесіміз Қ.Ш.Ахмировтың өмірбаянымен таныстыру;

- өлке тарихына құрмет сезімін қалыптастыру.

Тарихи анықтама

Қасым Шабанұлы Ахмиров 1923 жылы шаруа отбасында, Саратов облысы Дергачи ауданы Алтаты ауыл-кеңесінде дүниеге келген, ұлты татар.

1934 жылы отбасымен Қазақстанға, Приуральский ауданына, №62 Красновский ет совхозына көшіп, орыс мектебінде оқыған.

Білімі толық емес орта. 1941 жылы 7 сынып бітірген.

Трактор жүргізушісі болып оқыған, есепші болып, аға май құюшы болып жұмыс істеген. Жұмысын жақсы жасаған.

1941 жылы Қызыл Армия қатарына шақыртылды. 1942 жылдың 15 сәуірінен бастап 1942 жылдың 1 шілдесіне дейін Воронеж майданының кіші лейтенанты курстарында оқыды. 1942 жылдың 1 шілдесінде атқыштар взводының командирі.

Шумаково ауылы үшін шайқаста, атқыштар ротасының командиріқайтыс болды, кіші лейтенант Ахмиров ротаны басқарды, шабылдауға жауынгерлерді көтеріп, құрметпен жауынгерлік миссияны аяқтады.

Ленин ордені, Кеңес Одағының батыры, «Алтын жұлдыз» медалі, Отан соғысының бірінші дәрежелі ордені, Прага қаласын азат ету медалі, Берлинді алғаны үшін медаль, Германияны жеңгені үшін медальмен марапатталды.

Өзбекстан Қашқардар облысы Шахрисабз қаласына оралды.

Қасым Шабанұлы 1951 жылы Амур облысы Белогорскіде өз міндетін атқару кездінде қайтыс болды.

avtobiografiya

Өмірбаян, 39-қор, 1-тізім, 3-іс. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде.

nagradnoy list 1

nagradnoy list 2

Марапаттау қағазы, 39-қор, 1-тізім, 3-іс, 1-2-бет. Көшірме, машинкамен басылған, орыс тілінде.

lichnoe foto

Фотосурет, 39-қор, 1-тізім, 3-іс.

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel