Біріккен дөңгелек үстел
2015 жылдың 26 ақпанында сағат 11.00-де БҚО мемлекеттік мұрағатында "Халыққа қызмет көрсету орталығы" РМК БҚО бойынша филиалының қызметкерлерімен бірігіп екі жақтың арасында «Мұрағаттық анықтамалар беру» сапалы мемлекеттік қызметін көрсетудегі өзара іс-әрекеттестікті орнату мақсатында «ХҚКО арқылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру және жақсарту жолдары» тақырыбына арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Дөңгелек үстел отырысына «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалы ұйымдастыру жұмыстары бойынша орынбасары Ж.С. Батаргалиева, «ХҚКО» РМК БҚО бойынша филиалының Орал қаласы бөлімінің инспекторы Е.К. Ержанов, БҚО мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының мұрағат және құжаттама бөлімінің басшысы Л.Т. Туремуратова, БҚО мемлекеттік мұрағатының директоры А.Н. Савгабаева, бөлімдердің басшылары және ғылыми-анықтамалық аппараты және құжаттарды пайдалану бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Қатысушылар дөңгелек үстел тақырыбының тиімділігі мен өзектілігін айтып өтті, алдағы уақыттағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ұсыныстарды айтты.
Отырыс соңында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
ҒАА және құжаттарды
пайдалану бөлімінің мұрағатшы З. Мамедова