2019 жылдың 4 қыркүйек күні БҚО мемлекеттік архивінің қызметкерлерімен ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясында отырыс ұйымдастырылды

     2019 жылдың 4 қыркүйегінде БҚО мемлекеттік архивінде ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясында архив қызмткерлерінің отырысы ұйымдастырылды.
Мемлекет басшысының Жолдауы- Елбасының бағытын одан әрі іске асыруды қамтамасыз етуге бағытталған саяси, экономикалық және әлеуметтік саясатты іске асырудың жаңа кезеңі. Президент айтқан міндеттер елдің дамуына елеулі серпін береді.
     Осыған орай, Жаңа тарихи кезеңге жол ашатын бұл тарихи құжаттың тәуелсіздігіміздің төл тарихындағы маңызы бөлек. Президент өзінің Жолдауында қазіргі қоғамдағы бірқатар маңызды 5 мәселелерге тоқталып өтті. Қазақ тілінің тағдыры, «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының аясын кеңейту, аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау үшін Дарынды баланың қабілетін дамытудың жол картасын әзірлеу, мәдениет саласының қызметкерлерін қолдау туралы айтылған өзекті ой-пікірлері архив қызметкерлерінің жүрегін жылытып, көңіліне рухани күш-қуат құйғаны күмәнсіз.
   ҚР Президентінің Жолдауын талқылау аясында әр архив қызметкерлері өз ойларын білдірді. Атап айтқанда, Президент білім беру, кәсіпкерлік, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету жайында тың бастамаларды көтерді. Ол – тәуелсіздігімізді нығайтып, халқымыздың жағдайын жақсартуға жол ашуға басты фактор болмақ. Сонымен қатар Мемлекет басшысы есірткі бизнесі, педофилия, жыныстық зорлық-зомбылық және жеке тұлғаға қарсы жасалатын басқа да ауыр қылмыстарға қатысты жазалау шараларын қатаңдату жөнінде мәселелерін талқылап, өз ойларын білдірді.
    Ең бастысы халық оң өзгерістерді сезінуі тиіс деген Президент, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасыларға алдыңғы кезекте баспана беру қажеттігі жөнінде Үкіметке тапсырма берді. Жыл сайын мыңдаған отбасыны баспанамен қамтып, жағдайын жасау ел тізгінін ұстаған азаматтардың парызы болуы тиіс. Өте құптарлық жағдай. Себебі алдымен ана мен бала бақытты болған жағдайда еліміз көркейіп, гүлденеді. Сондықтан барынша қамқорлық танытқан ел Президентінің бастамасына қолдау білдіріп, Жолдауда айтылған әрбір сөздің нақты іске айналатынына сенеміз.
жолдау
   Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel