2013 жылғы 28 қарашада өткен семинар-кеңес туралы

Тақырыбы: Батыс Қазақстан облысының денсаулық сақтау саласындағы мекемелерде іс жүргізу мен мұрағат жұмыстарын жетілдіру жолдары.

Өткен күні:    2013 жылғы  28 қараша.

Бағдарламасы:

Өтетін шараның    тақырыбы

уақыты

жауаптылар

1

Семинар-кеңесті  ашу

10.00-10.15

А.Н.Савгабаева

2

«Медициналық мекемелерде қызмет барысында Ұлттық мұрағат қоры құжаттары пайда болатын мемлкеттік заңды тұлғалардың іс жүргізуі мен құжаттарды сақтаудың жай-күйін тексерудің қорытындысы»

10.15-11.00

А.Н.Савгабаева

3

Іс қағаздар жүргізудің ұйымдастырылуы

11.00-11.40

Ж.Утешова

4

Мекемеде мұрағат ісінің ұйымдастырылуы

11.40-12.20

    С.Семгалиев

5

Істер номенклатурасын жасақтау  тәртібі

12.20-13.00

А.Искакова

6

Қорытынды

   

 

Қатысқандар: Көп бейінді балалар ауруханасы, «Мейірім» облыстық мамандандырылған бөбектер үйі, Салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері жөніндегі облыстық орталығы, Облыстық психикалық денсаулық орталығы,  Облыстық кеңесші-диагностикалық орталығы, Облыстық қан орталығы, СПИД-тің  алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі орталығы, Облыстық перинаталдық орталығы, қалалық перзентхана, Қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы, Облыстық стоматологиялық балалар емханасы, Облыстық наркологиялық мамандырылған емдеу профилактикалық мекемесі қызметкерлері.

Мұрағат директоры А.Савгабаеваның кіріспе сөзі:

Құрметті әріптестер!

Баршаңызды бүгінгі семинар-кеңесте көруге өте қуаныштымын. Семинар-кеңесте қатысушыларға нәтижелі жұмыс және творчестволық табыс тілей отырып,  қаралатын мәселелер жұмыста алға қадам басуымызға өз әсерін тигізеді деп сенгім келеді.

Денсаулық саласы мекемелерінің құжат айналымын ұйымдастыру және құжаттардың сақталуы орташа деңгейінде екені бәрімізге мәлім. Біздің ойымызша мұндай жағдай аталған мәселелерге көп назар аударылмауы, қызметкерлердің жетіспеушілігі құжаттармен белгілі бір мақсатта жоспарлы түрде жұмыс жасауға кедергі жасайды.

Кемшіліктер мониторингі бойынша тәуекел деңгейін бағалауға арналған критериялары бар екенің есіңізге сала кетейін.

Рейтингі бойынша:

-   құжаттарды дайындауды ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы – 50,9 пайыз;

-   құжат айналымдарын ұйымдастыруға қойылатын талаптардың бұзылуы – 27,5 пайыз;

-    ҚР-ның ҰМҚ уақытша сақталатын құжаттардың ведомстволық мұрағатта сақтаудың мерзімдері мен оларды мемлекеттік мұрағатқа тапсыру тәртібінің бұзылуы – 31,4 пайыз;

-   ҰМҚ-ы және жеке құрам бойынша құжаттардың есепке алынбауы- 31, 4 пайыз;

-   Ведомстволық мұрағаттағы ҚР ҰМҚ-ы және жеке құрам жөніндегі құжаттарының ғылыми-техникалық аппаратының жоқ болуы-19,6 пайыз көлемінде;

-   Физикалық және химиялы-техникалық жағдайларының есепке алынбауы-23,5 пайыз көлемінде. 

Мемлекеттік емдеу мекемелерінде жеке емдеу мекемелеріне қарағанда  мұрағат ісінің бір жолға қойылмағандығын айтып кету қажет.

Мысалы: «Талап»  АҚ, «ЖайықДент»ЖШС мекемелері мемлекеттік мекемелердең озық тұр. Құжат айналымы бір жолға қойылған, арнайы мұрағатшылары бар, істер номенклатурасын және ҒТӨ уақытында жасап тұрады, мұрағат қоймалары талапқа сай жасақталған.  Мұрағатшылары мұрағатқа қатысты ережелерді жақсы біледі және тәлімгерлердең өзгерістерді сұрап тұрады.

Ал, мемлекеттік емдеу мекемелерінде ол көрсеткіштер керісінше. 

Мекеме қызметкерлерінің біліктілік  деңгейін көтеру үшін бүгінгі семинарды өткізіп отырған жайымыз бар. Әрине барлығы жаман деуге болмайды  бүгінгі семинарға қатысып отырған  мекемелердің ішінен Қалалық перзентхана, Облыстық перинаталдық  мекемелерінің мұрағатқа қатысты жұмыстары бір ізге салынып келе жатқаны байқалады.

Айта кетейік бүгінгі семинарға қатысып отырған мекемелерде 1996-2008 жж. Аралығында құжаттарға ҒТӨ жасалған және СТК келісілген.

№ 1583 «Ұлттық мұрағат қорының құжаттарын және басқа да мұрағат құжаттарын ведомстволық және жеке мұрағаттардың қабылдауы, сақтауы, есепке алуы мен пайдалануы қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әрбір 5 жылда ҒТӨ жасалу керек. 2011 жылдағы тексерістен кейін Облыстық қан орталығы, Қалалық перзентхана,  ҒТӨ жасаған.

№ 1583 қаулыға сәйкес бүгінгі семинар-кеңеске қатысып отырған мекемелердің барлығы 2014 жылы ҒТӨ жасау керек.

Істер номенклатурасына келсек ҚР Үкіметінің  2011 жылғы 21 желтоқсандағы № 1605 «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесі»  қаулысы бекітілген болатын осы қаулыға сәйкес жаңадан істер номенклатурасын жасаған мекемелер:  Көп бейіңді облыстық балалар ауруханасы, Облыстық тері-венерологиялық, Қан орталығы, СПИД орталығы, Перинаталдық орталық, Қалалық перзентхана, Жұқпалы аурулар ауруханасы, Облыстық наркологиялық мамандандырылған емдеу – профилактикалық мекемелері СТК келісілген.

Қалған мекемелерде істер номенклатурасын қайтадан жасақтау қажет. 

Құрметті әріптестер, бұл семинар –кеңеске сіздерді жинауымыздың мақсаты денсаулық саласы мекемелері қызметкерлеріне құжаттама жүргізу, ведомстволық мұрағаттың жұмысы бойынша негізгі қағидаларды айта кетіп, әдістемелік көмек көрсету болып табылады.

Сіздердің тарапыңыздан керекті шаралардың барлығы уақытылы өткізіліп, іс жүргізу және мұрағат ісі мәселелері тиісті жолға қойылады деген сенім білдіргім келеді.

Қазір семинар-кеңестің бағдарламасымен белгіленген мәселелерге көшуді ұсынамын.

Осы семинарда оқылған лекциялардың мәтіні қосымша біздің сайттың «Шаралар» тарауының «Лекциялар» бөлімінде орналасқан.

1

 

2 

 

3

 

4

 

5

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel