Батыс Қазақстан облыстық сотында өткен семинар-кеңесі отырысының қорытындысы

     2017 жылдың 19 қаңтарында Батыс Қазақстан облыстық сотының ұйымдастырумен  жергілікті сот саласының архив ісіне қатысты мамандарының қатысуымен «Архив мәселелері» тақырыбында  семинар кеңес өтті.
          Кеңесті БҚО бойынша Соттар әкімшісі басшысының орынбасары Н.Қажғанов жергілікті соттардың қызметі мен алдағы тұрған жоспарлары туралы қысқаша айтып өтті.
           Семинар кеңеске облыстық сотының арнайы шақыруымен Батыс Қазақстан облысы мемлекеттік архиві директорының орынбасары Мұхтар Серікұлы Нұрмақов және Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімінің бас маманы Қасым Самарханұлы Шайхиев қатысып, сот қызметкерлеріне  құжаттама жасау мен басқаруды, соттардың ведомстволық архивін ұйымдастыруды, құжаттарды уақытша сақтауды, Қазақстан Республикасы Ұлттық архив қорына меншік иесінің қызметі барысында пайда болған құжаттарды тұрақты мемлекеттік сақтауға тапсыруды, оларға  ғылыми-техникалық өндеу өткізуді және сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы актіні, істер номенклатурасын жасақтау тәртібі туралы түсіндірді. 
Сонымен қатар, семинар-кеңестің отырысы барысында сот өкілдері  мен іс-жүргізу және ведомстволық архив жөніндегі туындаған мәселелері бойынша сұрақтарына жауап алды.
 
5 275 копия
 
2 689 копия

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel