Облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өтті (30.05.2018)
2018 жылдың 30 мамырда Батыс Қазақстан облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқарма басшысының орынбасары В.А.Иночкиннің төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысына ұлттық архивтің толықтыру көздері болып енгізілген мекеме өкілдері шақырылып баяндамалары тыңдалды.
Баяндамада облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдері «Облыстық психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру» КММ және «Ақ қайнар» АҚ архив саласына жауапты қызметкерлері осы мекемелерде іс-жүргізу және архив ісі қалай қалыптасқаны туралы баяндап берді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, баяндама жасаған мекеме өкілдеріне ведомстволық архивінде сақтауда тұрған құжаттарының есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелері мен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарап шешімін берді, олар: ғылыми-техникалық өңдеу жұмысының қорытындысы бойынша, «Банк Центр Кредит» АҚ, БҚО Әділет департаменті, «Облыстық су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» МКҚК, БҚО прокуратурасы, «Намыс спорт клубы» ММ; істер номенклатурасының қарау қорытындысы бойынша: Орал қаласының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті; сақтауға жатпайтын құжаттарды жоюға бөлу туралы акт бойынша: «Круглоозерный арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» КММ, Статистика басқармасы.
Сонымен қатар, 2 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2018 жылдың 29 маусымда өтеді.
Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі