Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

2019 жылдың 30-шы сәуір күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме  басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша:  Орал қалалық соты  2015 ж, Орал қаласының мамандандырылған әкімшілік соты 2009-2014жж, «Қазақстан су жолдары» РМҚК Орал филиалы (2013-2017жж) құжаттары келісілді.
Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: БҚО әкімінің аппараты, Облыстық білім беру ақпараттандыру орталығы КММ, «Нұр Отан» партиясы БҚО филиалы, БҚО облыстық мәслихаты, «БҚО тексеру комиссиясы» ММ істер номенклатуралары келісілді.
Сақтауға жатпайтын құжаттарды жлю бөлу туралы акт бойынша: «БҚО статистика департаменті» ММ (2012 ж) келісілді.
Сонымен қатар, 12 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық  архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2019 жылдың 31 мамырда өтеді.
           Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel