Батыс Қазақстан облысының ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасының Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архивінің сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысының қорытындысы

        2020 жылдың 28-ші ақпан күні БҚО ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқарма басшысының орынбасары А.С.Ашық төрағалығымен облыстық сараптау-тексеру комиссиясының кезекті отырысы өткізілді.
      Комиссия отырысы барысында облыстық мемлекеттік архивтің толықтыру көздерінің өкілдеріне сөз берілді. Баяндамаларда, ұйымдарда іс-жүргізу барысы жөнінде, ведомстволық архивтердің орналасуы мен жай-күйі, құжаттардың қалыптасуы мен сақталуы, және осы бағыттағы жалпы атқарылып жатқан іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
          Комиссия мүшелері сөйлеушілердің ақпаратын қортындылай келіп, аталған мекеме  басшыларына ведомстволық архивтерде архив ісін және іс жүргізуді жетілдіру мәселелеріне ерекше назар бөлуді, мекемелерде сақтауда тұрған құжаттардың есептерін жүргізуді және олардың талапқа сай сақталуын қамтамасыз ету жөнінде ұсыныстар енгізді.
       Одан әрі комиссия өз жұмысында облыстың келесі мекемелерімен кәсіпорындары ұсынған құжаттарын қарады. Олар, ғылыми-техникалық өңдеудің қорытындысы бойынша: БҚО Сырым ауданы "Бұлан ауылдық округ әкімі аппараты" ММ, БҚО Сырым ауданы "Жетікөл ауылдық округ әкімі аппараты" ММ, Орал қаржы- экономикалық колледжі, "БҚО Орал қаласының Әділет басқармасының құжаттары келісілді.
        Істер номенклатурасының қорытындысы бойынша: "Желаев астық өнімдері комбинаты" АҚ, БҚО білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті, БҚО бойынша Қазынашылық департаменті, БҚО Әділет департаменті" ММ, "ҚР Ұлттық Банкі" РММ БҚ филиалы, БҚО мәдениет басқармасының Хадища Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театры" МКҚК,  "Казгидромет ШЖҚ РМК БҚО облысы бойынша филиалы", "Жалпы білім беретін Талдыбұлақ негізгі мектеп- балабақша кешені", Жымпиты ауылдық округі әкімі аппараты" ММ, БҚО Сырым ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі" ММ істер номенклатуралары келісілді.
      Сонымен қатар, Өтеген Қуанышевтің жеке тектік құжаттары және 5 мекеменің сараптау комиссиясы туралы және ведомстволық  архиві туралы ережелеріне өз келісімін берді.
        Келесі СТК–ның отырысы жұмыс жоспарына сәйкес 2020 жылдың 31 наурызда өтеді.     
  Ведомстволық архивтермен жұмыс бөлімі
 

 

«Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамытужәне архив ісі басқармасының «Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік архиві» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

РК, Западно-Казахстанская область, город Уральск,
ул. Касым Аманжолова, 85

Телефон: 8 (7112) 50-43-19

Email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Разработка и сопровождение сайта Helena Burbel