ҚР Президентінің Қазақстан халқына жолдауын талқылаймыз
2014 жылдың 24 қарашасында Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік мұрағатында Елбасының «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауы талқыланды. Жиынға мұрағат ұжымы түгелдей қатысты.
БҚО мемлекеттік мұрағатының ақпараттық технологиялар және зерттеушілермен жұмыс бөлімінің басшысы А.А.Искакова Елбасының газетте жарияланған Жолдауы бойынша слайд дайындап, компьютерге түсірді, ал ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің мұрағатшысы О.А.Тасмағанбетов Елбасының Жолдауындағы негізгі басымдықтар туралы қысқаша баяндап берді. Баяндамадан кейін мұрағат ұжымы Жолдауды талқылап, өз пікірлерін білдірді.
Елбасы осы Жолдауында «Мәңгілік ел» болу идеясын ұсынып, тәуелсіздігімізді нығайта беру керектігі жөнінде айтты. Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, келешекке сенім де «Мәңгілік ел» деген құдіретті ұғымда тұрғандығын айта отырып, «Мәңгілік ел» болу үшін біздер бірлігімізді сақтап, тарихымызды құрметтеуіміз туралы баса айтылды.
2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау жылы болып жарияланды. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына және Конституцияның қабылданғанына 20 жыл, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын атап өтетін боламыз. Осынау тарихи даталарды атап өту бүкіл қазақстандықтардың бойына патриотизмді дамытумен қатар, топтасуға да шақырады. Осы орайда, Елбасының Жолдауынан туындайтын тапсырмаларды БҚО мемлекеттік мұрағаты келесі жылғы жоспарына қосып, орындауға міндеттеме алды.
Ғылыми-анықтамалық аппарат және құжаттарды пайдалану бөлімінің басшысы Н.Сариева
24.11.2014 жыл
Мұрағат қызметкерлері ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын талқылау барысында